Дәріс. Гипофиз ,оның бөлімдеріне сипаттама,қызметінің бұзылуы. Эпифиз және Тимус. Оларға сипаттама.

 

Жоспар:

  1. Гипофизге сипаттама
  2. Аденогипофиз
  3. Нейрогипофиз
  4. Қызметтерінің бұзылуы

5. Эпифизге жалпы сипаттама.

6. Эпифиздің гормондары.

7. Қызметінің бұзылуы.

 

Гипофиздің алдыңғы жақта орналасқан гормоны. Гипофиз – ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі. Гипофиз – күрделі мүше, ол аденогипофиз (алдыңғы және орталық бөліктері) және нейрогипофиз (артқы бөлігі). Гипофиздің алдыңғы бөлігі 2 бөлікке бөлінеді: өсу гормоны пролактин және тропты гормондар (тиреотропин, кортикотронпин, гонодатропин).

Бірінші топқа самататропин және пролактин жатады. Өсу гормоны (самататропин) – өсуді реттейді және ақуыздың пайда болуын арттырады. Гипофиздің әсері эпифизарды шеміршектің өсуіне әсер етеді. Сүйектердің ұзына бойлап өсуіне әсер етеді. Самататропты гормонның гипофизді бұзылуы әр түрлі өзгертулерге, адам организмінің дамуы мен өсуіне әсер етеді. Егер бала кезде гиперфункция болса, онда гигантизм дамиды. Гиперфункция болған кезде – ергежейлік болуы мүмкін. Гиперфункция үлкен адам да бойға әсері жоқ, бірақ өсуге қабілеті бар ағза мүшелері үлкейіп өседі.

Пролактин – сүт бездерінің өсіп – жетілуіне байланысты. Бұл кезең (жыныстық жетілу кезеңінде) 10-12 жаста байқалады. Сүт бездері әйел босанғанда және жас сәбиді емізгенде өзінің даму шегіне жетеді, пролактин синтезделіп үлкейеді және лактация кезеңі келеді.

Емуанті жүйке жүйесінің рефлекторлы механизм арқылы пролактин бөлінуін стимулдайды. Пролактин лютеотропты қызметке ие, сары дененің ұзақтығына ықпал етеді және прогестерон өндіріледі. Екінші топқа жатады.

1. Тиреотропты гормон (тиреотропин) – қалқанша безге әсер етеді және оның функциясын жоғарлатады. Тиреотропиннің аз өндірілуінде, қалқанша бездің атрофиясы байқалады. Гиперпродукция болғанда – мөлшерден көп өсуі гистологиялық өзгерістер байқалып, оның активтілігін жоғарлатады.

2. Адренокортикотропты гормон (картикотропин). Глюкокортикоидты өндіруге стимулдайды. Кортикотропин бөлінуге және белоктың синтезін тежейді, антагонлетикалық өсу гормоны. Ол ең негізгі байланыстырғыш ұлпаны тежеп, толық жасушаларды азайтып, капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Осы арқылы ісінуге қарсылығы анықталады. Картикотропин әсерінен өлшемдері және лимфондты мүшелердің салмағы азаяды.

3. Гонадотропты гормондар (гонодатропты – фоллийтропин және лютропин). Әйелдерде де, ерекектерде де болады.

а) фоллитропин (фолликула стимулдайтын гормон), жұмыртқадағы фолликуланың дамуына және оның өсуін стимулдайды және экстрогеннің өндіруіне әсер етеді, ал еркектерде оның әсерінен сперматозоидтар пайда болады.

б) лютеининзирующий гормон (лютропин) – сары денешікпен бірге фолликула овуляцияланады және өсуін стимулдайды. Ол әйелдерде жыныс бездерінің экстрогендерін пайда болуына жағдай жасайды. Лютропин еректердегі андрогендерді өніруге қабілетті.

2. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлігі. Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин гормоны өндіріледі, ол пигмент алмасу реттейді. Гипофиздің артқы бөлігі супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроның гипоталламусымен тығыз байланысты. Жүйке клеткаларының ядросын нейросекрет өндіреді. Ол гипофиздің артқы бөлігін тасымалдайды.

Гормондар питуицитта жиналады, осы клеткаларда гормондар активті түрге айналады. Жүйке клеткаларда паравентрикулярлы ядрода окситоцин пайда болады. Сурооптикалық ядро нейрондары – вазопрессин түзіледі.

Вазопрессин 2 функциясын атқарады:

1. Қан тамырларының тең салалы бұлшық еттерінің жиырылуын арттырады.

2. Несеп (моча)-тің бүйректе пайда болып қажуы (антидиурентикалық қызмет). Антидиуретикалық қызмет вазопрессин қанның бүйрек какалдарынан қайта жұтуды (соруды) ұлғайтып, қамтамасыз етеді.

Қант диабетінің болмауы, вазопрессиннің азаюына келіп соғады. Окситоцин жатырдың тегіс салалы бұлшықетке әсер етіп, оның жиырылуын арттырады. Жатырдың тез жиырылу үлкейеді, егер ол экстрогеннің әсері болса, жүктілік кезде окситацинжатырдың жиырылуына әсер етпейді, себебі сары дененің прогестерон гормон арқылы барлық тітіркендіргіштерді сезбейді. Окситоцин сүттің шығуын стимулдайды.

Гипофиз гормондарының гипоталамустың реттеу арқылы пайда болуы.

Гипоталамус талшықтары (нейроны) нейросекрет өндіреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігіне шеберлік деп атайды, ал тежеу кезіндегіні – статин деп атайды. Бұлар нейросекрет өнімдерінен өндіріледі. Осы өндірілген заттардың гипофиздің алдыңғы бөлікке түсу кезінде, қан тамырлары арқылы жүреді.

Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гормондар реттеу арқылы, қайта байланысу принципі бойынша жүреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі троптың функция мен периферикалық функцияның арасында екі жақты байланыс бар. Тропты гормондар перификалық қалқанша безін активтендіреді, және оның функциясы тропты гормондардың өнімдеріне әсер етеді. Екі жақты байланыс гипофиздің алдыңғы бөлігінде және жыныс бездерінде, қалқанша безінде және бүйрек асты бездерінде болады. Бұл байланысты «плюс – минус» деп атайды. Тропты гормондар перификалық бездерді стимулдайды, ал перификалық бездер гормоны гипофиздің алдыңғы бөлігін басады. Гипоталамус пен тропты гормондардың арасында қайта байланыс бар. Қанда концентрациясының мөлшерден тыс артуы гипофизді гипоталамустағы нейросекреттің тежелуіне әкеледі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі тропты гормондардың өндіруін арттырып, парасимпатикалық бөлімі қажиды.

Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.
Салқын қанды жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүтқоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің төбелік көз деп аталатын мүшесінде көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.
Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екі төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пинеальдық және глиялық торшалардан құралады. Бұл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.
Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдіз серотониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.
Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қалыптастырады.

Эпифиз тимус гормондарының қалқанша маңы бар. Эпифиз төмпешектің жоғарғы бетінде орналасқан. Эпифиздің ұлпаларынан 2 байланыс ерекшеленген:

1) Мелатонин (пигментті алмасуға қатсады, жыныс бездерін және гонадотропты гормондардың үлкен адамдарда қызметін тежейді). Бұл тікелей мелатониннің гипоталамусқа әсері, онда люлиберин гипофиздің алдыңғы бөлігінде босатылады; мелатонин люлиберин қызметін азайтып, лютропинді босатады.

2) Гломерулотропин (альдостерон секрециясын стимулдайды). Тимус (вилочковая железа) – жұпты мүше, жоғары жақта орналасқан. Тимус бірнеше гормондар тудырады: тимозин, гомостатикалық тимусты гормон, тимопоэтин I, II, тимусты гуморальді фактор. Осы гормондар организмде өте маңызды рөль атқарады, олар иммунологиялық қорғаныш реакциясын атқара отырып, антидене пайда болуын стимулдайды. Тимус лимфоциттердің орналасуын және дамуын қадағалайды. Тимус гормоны секрецияны гипофиздің алдыңғы бөлігінде реттейді.

Тимус (вилочкавая железа) бала кезде максимальді дамиды. Жыныстық жетілгеннен соң, ол атрофираватьтай бастайды (без организмнің өсуін стимулдайды және жыныс бездерінің дамуын тежейді).

Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.

Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.

Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.

Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.

Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т. б. жағдайларда ылғи да гипергликемия қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия — не­септе қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды «эмоция гормоны» деп те атайды.

Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін гормондық реттеу қатысады.

Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың) тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны мәлім.

Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.

Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы анықталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке талшықтарын да алады.

У.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің шеткі мойын жақ ұшына (калқанша безін жүйкелендіретін) жалғастырғанда 6 айдан кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді. Кезеген жүйке оны (стимуляциялайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше тежейді.

Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр.

Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 12828;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.