Ішкі сөлініс бездеріи зсрттеу әдістері

Ішкі сөлініс бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданады. Олардың негізгілері мынадай:

1. Эктомия немесе экстирпация — алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Опсрацияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қал-қансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл әсерленіс организмде паратгормонның жетіспеушілігі мен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.

2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондар меп гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.

3. Эпдокринді бездерді трансплантация арқылы алмастырып тігу. Жануарларда зерттелетіп безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастағап безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.

4. Парабиоз әдісі — екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан айналысын ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.

5. Ішкі сөлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без неме­се оның бір кішкене бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасауының саны мен сапасына әртүрлі үрдістердің әсерін зерттеу.

6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т. б.) гормондар мен олардың метаболиттерінің мөлшерін химиялық, иммунологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.

7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысана гормондар.

8. Флюоресция беретін қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.

9. Клиникалық-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сөлініс бездері өзгерген адамды бақылап зерттеу. Өлген адамдағы белгілі бір бездің гипер — және гипоәрекеттік, патологиялық анатомиялық және гистологиялық, сонымен қатар денедегі нысана тіндерде пайда болатын өзгерістер зерттеледі.

 

№ 4-5 Дәріс.Қалқанша бездің гормондары.Йодталған гормондар.Қалқанша безінің бұзылуы. Қалқанша маңы бездері ,оның гормондары

Жоспар:

1. Қалқанша безінің гормондары

2. Иодталған гормондар

3. Қалқанша безінің .гипо- және гипер- функциялары

4. Қалқанша маңы бездері, сипаттама.

5. Оның гормондары

6. Қызметінің бұзылуы

 

Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, комекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан жұп без. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада - 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителиальды торшалардан құралады да, оның ішінде тиреоглобулині бар біртекті коллоид жинақталады.
Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.
Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсіреңді, бұлшық ет болжырал, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.
Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.
Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі, секрециялық торшалар қысылып, олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік — мыкседема, байқалады. Мұндай сырқаттың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларьшың жұмысы бұзылады. Балалар өспей, жарым ес болып қалады. Ересек адамда зат алмасу қарқыны 30-40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бүзылады, үлпааралық сұйықта муцин мен альбуминнің мелшері көбейіп, онкостық қысым жоғарылайды. Организм ісінеді, жоғары дәрежелі нервтік қызмет нашарлап, адамның ойлау қабілеті төмендейді.
Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүтгену кезендерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.
Қалқанша без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бүл гормон қан қүрамындағы кальцийдің сүйек үлпаларьша жинақтальш, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қам-тамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың ара қатынасын реттейді.
Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай қүрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкі, ит және қоянда бүл бездер қос жүптан, ал шошқада жалғыз жұптан түрады.
Без негізгі және оксифлльдік торшалардан қүралады. Негізгі торшалар секрециялық қызмет атқарады, ал оксифильдік торшалардың маңызы әлі толық анықталмаған.
Қалқанша безі трахеяның астыңғы қалқанша шеміршегінің екі жағынан орналасқан. Құрылымдық бірліктері фолликул, коллоидқа толған, онда иоды бар ( иод, сода) ақуыз – тиреоглобулин орналасқан.

Қалқанша маңы безі гормондары 2-ге бөлінеді:

1. Иодталған – тироксин, трийодтиронин;

2. Тиреокальцитонин (кальцитонин).

Иодталған гормондар фолликулаларда, ұлпаларда жасалынады. Ол 3 кезеңнен тұрады:

1) Коллоидтың пайда болуы, тиреоглобулин синтезі.

2) Иодталған коллоид, иодтың организмге түсуі, иод түрінде сіңірілуі. Иод қалқанша безін сіңіреді. Элементарлы иодқа ашытылады және құрамына тиреоглобулин қосылады, бұл процессті тиреоидпероксикоза ферменті стимулдайды.

3) Гидролазадан кейін тиреоглобулин катепсин әсерінен, активті гормондар босатылады- тироксин, трийодтиронин.

Негізгі қалқанша безінің активті гормоны – тироксин; тироксининің тирйодтиронин 4:1 қатынасына тең. Екі гормонда қанда активті емес күйде болады. Олар глобулин фракциясы мен альбулиннан қан плазмасы ақуыз арқылы байланысады. Тироксин қандағы ақуызбен жақсы байланысады, сондықтан клеткаға тез еніп, үлкен биологиялық активтілікке ие.

Бауыр клеткалары гормондарды бекітіп, онда гормондар глюкурков қышқылымен байланысады, олар

Гормондық активтілікке ие емес, олар желчь пен бірге ЖКТ-ға шығарылады. Бұл процесс дезинтоксикация деп аталады.

Иодталған гормондардың рөлі:

1) ЦНС функциясына әсері. Гипофункция қозу қозғалысын тез төмендеп, активті реакциялардың әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

2) Жоғары жүйке жүйесіне әсері. Шартты рефлекстердегі процестерді өндіреді және тежеу процесінің дифференцировкасы.

3) Өсу мен дамуға әсері. Қаңқаның дамуы мен өсуін және жыныс бездерін стимулдайды.

4) Зат алмасуға әсері. Ақуыз, ма, көмірсу, минералды зат алмасулар жүреді. Энергетикалық ұлғаюы қатаюы, ашу процестерінің ұлғаюы. Глюкоза ұлпаларының мөлшерден тыс көтеріледі және запаста тұрған майларды және бауырдағы гликогенді түсіреді, төмендетеді.

5) Вегетативті жүйеге әсері. Қанның фибринолитикалық активтілігін көтереді. Тироксин тромбоциттерінің адгезия және агрегация функциясын қажытады.

Иодталған гормондардың реттелуі былай жүреді:

1) Гипофиздің алдыңғы бөлігі тиреотропин. Гормондар арасындағы тікелей және қайта байланысады. Иодтанудың барлық кезеңдерінде болады.

2) Иод. Иодтың аз мөлшері фоликулаларды стимулдайды , ал көп мөлшері тежейді.

3) Вегетативті жүйке жүйесі. Симпатикалық гормондрдың продукциясының активтілігін жоғарлатады. Парасимпатикалық – төмендетеді.

4) Гипоталамус. Гипоталамус тиреолиберин гипофиз тиреотропины стимулдайды. Қайтымды байланыс арқылы жүреді.

5) Ретикулярлы формация. Құрамының қозуы, гормондарды өндіруді жоғарлатады.

 

Қалқанша маңы бездері (қалқанша маңы безі) – жұпты мүше (орган), қалқанша безінің жоғары бетінде орналасқан. Қалқанша маңы асты безінің гормоны – паратгормон (паратирин). Паратгормон без клеткаларда гормон түрінде орналасқан. Гормондардың паратгормонға айналуы Гольджи аппаратында жүзеге асады. Паратгормон Са организмде алмасуын реттейді және қандағы мөлшерін реттеп тұрады. Қандағы Са нормаға сай болуы 2,25 – 2,75 ммоль/г (9-11 мг %) мөлшерді құрайды. Қаңқаның сүйек ұлпасында Са организмде басты болып келеді. Паратгормон сүйек ұлпасын соруды ұлғайтады да, Са ионының ұлғаюына әкеледі де, Са сүйекті процессін реттейді. Са алмасуға әсер ете отырып, паратгормон паралелльно фосфор алмасуына әсер етеді. Яғни дистальді бүйрек каналдарындағы фосфаттың қайта сіңіруін азайтады, ол қандағы концентрацияның төмендеуіне әкеледі.

Қалқанша маңы безін алғанда, организм әсерлеседі, құсады, тізбекті болмайды, бұлшықеттің жиырылуы, ұзақ жиырылуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Қалқанша маңы безінің реттелуі қандағы Са-ң мөлшерімен байқалады. Егер қанда Са концентрациясы көбейіп кетсе, онда қалқанша безінің функциональді активтілігі төмендейді. Егер Са қанда азайып кетсе, онда бездің гормон тудырушы функциясы ұлғаяды.

Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белокгармен, фосфатгармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңіддетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе кальцийдің кері сорылуын жеңілдетеді. Кальцитонин қан қүрамында кальций деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері паратгармонға қарсы бағытталған.Бездің гипофункциясы жағдайында организм тынышсызданып, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, бұлшық ет тартылып, діріл байқалады, тәбет жойылып, шөл лайда болады, жүрек қағып, тыныс жиілейді, ішек қимылы нашарлайды, тыныс еттерінің сіреспе жиырылуы саддарынан организм тұншығып өледі. Без қызметі нашарласа аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың аммиакты несепнөрге айнаддыру қабілеті нашарлайды, денеде белоктың алмасу өнімі - гуанидин мен оның туындыларының мөлшері кебейіп, организм уланады.
Без қызметі күшейсе қандағы кальций мөлшері көбейіп, фосфор деңгейі төмендейді және бұл элементтер организмнен көп мөлшерде бөлінеді. Осының салдарынан сүйек борып, кеуектенеді, ет босаңсып, ішекке қан құйылады.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 5226;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.