Синтез, гормондардың организмнен бөлінуі мен секрециясы.
Гормондардың биосинтезі –биохимиялық реакцияның тізбегі, гормональды молекулалық құрылысын қалыптастырады. Осы реакциялар спонтанды және генетикалық бекітіліп өтеді. Генетикалық бақылау мРНҚ-ң
пайда болу деңгейінен түзіледі.
Синтезделген гормонның табиғатына байланысты генетикалық бақылаудың 2 түрі бар:
Липокаинныңфизиологиялық мағынасы. Ол майдың ыдырауына әкеледі де, липидтер және май қышқылдарының тотығуы бауырда жүреді.
Ваготатинніңфункциясы – тонустың жоғарлауы тікелей жүйкеге байланысты.
Центротиннің функциясы –тыныс алу орталығының қозуы, бронктардың тиіс бұлшықетінің босаңсуы, гемоглабиннің өтетін тасымалдануының жоғарлауы, оттегі тасымалының жақсаруы.
Ұйқы безінің қызметінің бұзылуы. Инсулиннің азаюы қант диабетіне әкеліп соғады, кейінгі белгілері болып гипергликемия, глюкозурия, полиурия, полигафия, полидиспепсия болып табылады. Қант диабетімен ауыратын адамдардың қандағы қанттың мөлшерінің жоғарлауының себебі болып, бауырдың глюкозадан гликогеннің синтезделуі, ал клеткада – глюкоза ыдырату болып табылады. Бұлшықеттерде гликогеннің бөліну процесі баяулайды.
Қант диабетімен ауыратындардың зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.
Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
24-сурет. Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984).
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет). Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан баска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады — бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б
Бездер | Гормондар |
Гипоталамус | гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин) |
Гипофиз | соматотропин (өсу гормоны) |
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі) | тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин |
Ортаңғы немесе аралық бөлімі | мелотропиндер (интермедии) |
Артқы бөлімі (нейрогипофиз) | вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады) |
Қалқанша безі | тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас) |
Қалқансерік безі | папатгормон, кальцитонин |
Ұйқы безі аралшықтары | инсулин, глюкогон |
Бүйрекүсті безінің қабығы | кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон), андрогендер, эстрогендер |
Бүйрекүсті безінің милы заты | катехоламиндер (адреналин, норадреналин) |
Аталық ұрық бездері | андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон) |
Аналық ұрық бездері | эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады) |
Айырша бездер | тимозин т. б. |
Эпифиз | мелатонин т. б. |
Диффуздық энтериндік жүйелер | паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин |
Эндокриндік жасушалар | ренин — ангиотензивтік жүйе |
Бауыр және бүйрек | соматомединдер, эритропоэтиндер |
Плацента (бала жолдасы)жатыр | эстрогендер, релаксин, прогестерон |
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар — гормонный әсер ету жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т1/2) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер — 0,5-2,5 мин., инсулин — 8-12 мин., альдостерондар — 30-50 мин., кортизондар — 70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды парэнтеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пептид гормондарынан жасалады.
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм — 10-9 гжоғары).
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады — акромегалия, гигантизм т. б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 5567;