Онтогенездің кезеңдерге бөлінуі
Онтогенез үзіліссіз жүріп отыратын біртұтас құбылыс болып табылады, бірақ оны зерттеуді, оқып-үйренуді жеңілдету мақсатымен бірнеше кезендерге, сатыларға, фазаларға жіктейді
1-кесте. Адам онтогенезінің кезеңдерге бөлінуі
Кезендер | Сатылар | Фазалар |
1.Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең | 1. Сперматогенез 2. Овогенез | Сперматозоидтардың, жұмыртқа жасушасының пайда болуы |
2. Дүниеге келгенге дейінгі /антенаталдық/ кезең | 1.Ұрықтық саты / ұрыктанғаннан-8 аптаға дейін/ | а/ зигота б/ бөлшектену в/ бластула г/ гаструланың пайда болуы д/ гисто-органогенез |
2. Құрсақтағы бала сатысы /9 аптадан -дүниеге келгенге дейін/ | өсу | |
3.Дүниеге келгеннен кейінгі /постнаталдык/ кезең | 1.Балалық шақ — 13-15 жасқа дейін | а/ нәрестенің дүниеге келуі б/ емізулі бала — 11 күннен 1-жас в/ сәби — 2-3 жаска дейін г/бөбек 4-6 жас д/ бүлдіршін 7-11 жас е/ жеткіншек 11-13 /12-15/ жас |
2.Жетілген шақ /жыныстық жетілген кез/ | а/ бозбала 14-20 /16-20/жас б/ жігіт /бойжеткен/ 21-35 жас в/орта жас-36-50 жас г/ жігіт ағасы 51-60 жас | |
З.Кәрілік шақ | а/ қария 61—75 жас б/ егдеадам- 75-90 жас в/ ұзак жасаушылар -90 — артық г/ дүние салу |
Әдетте, онтогенезді 2 кезеңге бөледі: эмбрионалдық кезең және постэмбрионалдық кезең. Бірақ, жоғары сатылы жануарлардың және адам онтогенезін 3 кезеңге бөледі: 1) ұрық пайда болғанға дейінгі кезең; 2) дүниеге келгенге дейінгі (антенатальдық, эмбрионалдык) кезең; 3) туылғаннан кейінгі (постнатальдық, постэмбрионалдық) кезең (1-кесте).
Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезен шын мәнінде тікелей онтогенезге жатпайды, себебі ол жыныс жасушаларының пайда болу (гаметогенез - сперматогенез, овогенез) құбылыстарын ғана қамтиды. Дегенмен, бұл кезеңнің онтогенездің қалыпты жүруі үшін маңызы өте зор, себебі: 1) жыныс жасушаларынсыз ұрықтану болмайды, демек онтогенез басталмайды; 2) зиготаның және болашақ ұрпақтың тектік түрі (генотипі) жыныс жасушаларының геномдарынын қосылуы нәтижесінде қалыптасады; 3) жұмыртқа жасушасында зиготаның әрі қарай дамуы үшін қажет қоректік заттар (сары уыз) жинақталады; 4) жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында күрделі жіктелу — ооплазмалық сегрегация, гендердің амплификациясы т.с. құбылыстары жүреді.
Әр түрлі ағзалардың жұмыртқа жасушаларында сары уыз түрліше жинақталуы мүмкін. Осыған орай, олардың 3 түрін ажыратады:
1) изолецетальды жұмыртқалар — сары уызы аз жеке цитоплазмада біркелкі таралған. Мұндай жұмыртқалар төменгі сатылы сүтқоректілерде, инетерілілерде кездеседі.
2) телолецетальды жұмыртқалар — сары уызы ете көп және ол вегетативтік полюсінде орналаскан, ал анимальдық полюсте сарыуыз болмайды. Бұндай жұмыртқалар былқылдакденелілерде, қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда кездеседі.
3) центролецетальды жұмыртқалар — сары уызы жұмыртқаның ортасына орналасқан, ал цитоплазма оны қоршап жатады.
Жұмыртқа жасушаларының түзілу (гаметогенез) құбылысында қоректік заттар - сарыуыздың жинақталуымен қатар басқа да күрделі процестер жүреді. Мысалы, ооплазмалык сегрегация, гендердің амплификациясы, жұмыртқа жасушасының полярлығы т.с.с.
Жұмыртқа жасушасының ооплазмалық сегрегациялануы дегеніміз - сарыуыздың, гликоген, РНҚ молекулаларының т.б. заттардың әр келкі таралуы салдарынан цитоплазманың әр түрлі сапалы учаскелерге жіктелуі болып табылады. Осындай әр келкі сапалы учаскелерден болашақта түрліше ұлпалар мен мүшелер дамып жетіледі. Яғни, ересек даралардың ұлпалары мен мүшелерінің дамуы жұмыртка жасушасында ұрықтануға дейін бастама күйінде айқындалған.
Ооаплазмалык сегрегация. а) төменгі сатыяы хордалылар, б) балықтар, в) қосмекенділер. г) жорғалаушылар және кұстар. 1-эктсдерма, 2-нерв тактасы, 3-хорда, 4-ішек энтодермасы, 5-мезодерма.
Гендердің амплификациясы дегеніміз кейбір гендердің көптеген көшірмелер күйінде көбейтіліп жинақталуы. Ол зиготаның бөлшектенуі үшін өте қажет, себебі алғашқы кезеңдерде ДНҚ молекуласының екі еселенуі (репликациялану) зиготаның бөлшектену карқынына ілесе алмайды. Осы кезде байқалатын геңдер "тапшылығы", жетіспеушілігі, күні бұрын көшірмеленіп жинакталған гендер аркылы сезілмейді.
Жыныстық процестің ең күрделі түрі - оогамия. Бұнда ата-аналар әр
түрлі гаметаларды пайда етеді. Бірі - ұсақ, қозғалғыш аталық гаметалар —
сперматозоидтар пайда етсе, екіншісі өте аз мөлшерде, тіпті тек бір дана
күйінде үлкен, қозғалмайтын аналық гамета - жұмыртқа жасушасын
түзеді. Міне осылардың косылуын оогамия (көбею) деп атайды.
Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 11895;