Сперматогенездің овогенезден айырмашылығы
1. Сперматогенез кезінде алғашқы бір жасушадан 4 сперматозоид, ал овогенез кезінде алғашқы бір жасушадан бір жұмыртқа жасушасы және хромосомалық материалдың артық мөлшері кететін үш редукциялы денешіктер пайда болып, ал жұмыртқа жасушасында хромосома жиынтығы гаплондты болады.
2. Сперматогенез кезінде өсу зонасы қысқа, ал овогенез кезінде-ұзақ болады. (болашақ ұрыққа қоректік қор заттары жинақталады)
Сперматогенез кезінде қалыптасу зонасы жақсы айқындалған,ал овогенезде айқындалмаған
Гаметалардың түзілу процесін гаметогенез(сперматогенез не оогенез) деп атайды. Аталық гаметалар аталық бездерде, аналық гаметалар — аналық бездерде пісіп жетіледі.
Гаметогенездің бірінші — көбею сатысында жыныс бездерінде сперматогониялар мен овогониялар митоз жолымен бөлініп,олардың саны кебейеді. Ер адамдарда сперматогониялардың көбеюі жыныстық жетілген кезден басталып картайғанға дейін созылады, ал әйелдерде овогониялардың көбеюі олардын эмбриондық дамуының алғашқы 2 апталығында басталып, жатырдағы дамудың 7 айларында овоциттердің көбісі мейоздың профаза - I-де болады.
Жыныс жасушаларыI сперматозоидтар: 1-басы, 2-мойны, 3-ортаңғы бөлім, 4-құйрық.
ІІ аналық бездің көлденең кесіндісі:, 1-алғашкы фолликулалар, 2-өсуші фолликулалар, 3-жетілген фолликула, 4-овуляция, 5-сары дене, 6-ақ дене.
III жұмыртқа жасушасы: 1-ядро, 2-цитоплазма, 3-кортикальдық қабат, 4-мембрана, 5-мөлдір аймақ, 6-фолликула жасушалары.
Екінші өсу сатысында жаңадан түзілген жас жасушалар өсіп бірінші реттік сперматоциттар мен бірінші реттік овоциттерге айналады.
Пісіп жетілу сатысында бірінші реттік сперматоциттер мен бірінші реттік овоциттер мейоз жолымен екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінудің нәтижесінде екінші реттік сперматоциттер мен екінші реттік овоцит және бір редукциялык денешік түзіледі, ал екінші бөлінудің нәтижесінде әрбір сперматоциттен төрт сперматидтер және әрбір екінші реттік овоциттен - бір жұмыртқа жасушасы мен үш редукциялық (бағыттаушы) денешіктер пайда болады.
Сперматогенез - қалыптасу сатысымен аяқталады. Бұл сатыда сперматидтер сперматозоидқа айналады. Бұл кезде сперматидтің цитоплазмасы азаяды, хромосомалардың тығыз ширатылып инерттік күйге көшуіне байланысты ядро тығыздалып сперматозоидтың басы пайда болады. Эндоплазмалық тор, Гольджи
комплексі сперматидтің бас бөлімінің алдыңғы полюсіне ығысып акросомалық аппаратқа айналады, ал центросома қарама қарсы полюске орналасып сперматозоидтың құйрығын қалыптастырады, ал оның түбінде митохондриялар топтасып сперматозоид мойнын пайда етеді.
Аталық гамета –сперматозоидтар.
Аналық жыныс жасушалары жұмыртқа деп аталады.
Жыныс жасушаларында гаплоидты хромосома жиынтығы болады (адамда 23 хромосома). Жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде жаңа организмнің бастамасы бір қабатты ұрық зиготаның пайда болуын
(4 диплоидты хромосома жиынтығы бар) ұрықтану деп атаймыз.
Зиготада ата-анасының екеуінің де белгілері болады.
Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 14496;