Жыныс жасушалардың түзілуі.
Гаметогенезжыныс жасушалардың пісіп жетілуі процесі-гаметогенез
деп аталады. Аталық гаметалар аталық бездерде, аналық гаметалар —
аналық бездерде пісіп жетіледі. Гаметаларды (сперматозоид және
жұмыртқа жасушасы) пайда ететін диплоидты жасушаларды
сперматогониялар және овогониялар деп атайды.
Сперматогенез- процесінде сперматозоидтардың түзілу аталық жыныс
бездері эпителий сперматозоидтерінде каналдарының қабырғаларындағы
жасушаның түзіледі.Сперматогенез 4 кезеңнен (көбею, өсу, пісіп
жетілу, қалыптасу), ал оогенез 3 кезеңнен тұрады (көбею, өсу, пісіп
жетілу).
1. Көбею кезеңі (зонасы). Бұл кезеңде аталық жыныс бездерінің каналдарында жасушалардың қарқынды митоздық бөлінуімен сипатталады, нәтижесінде сперматогонийлер түзіледі. Бұл жасушалар сома жасушалары сияқты диплоидты болады. Бөліну кезеңі ер адамдардың жыныстық жетілуімен басталып, өмір бойы жалғасады.
2. Өсу зонасы- сперматогийлер өсіп 1-ші реттік сперматоциттер түзіледі.
3. Пісіп жетілу кезеңі. Бұл кезең мейоздың жүруімен сипатталып, диплоидты (2 п) хромосома жиынтығы бар жасушадан, гаплоидты (п) хромосома жиынтығы бар жасуша пайда болады. Яғни мейоз кезінде келешек гаметаларда хромосома саны азаяды. Бұл процестің биологиялық маңызы зор. Себебі егер гаметаларда сома жасушалары сияқты диплоидты хромосома (2п) жиынтығы болса, ұрықтану кезінде гаметалар өзара қосылғанда пайда болған зиготада хромосома жиынтығы екі есе артып түсер еді. Онда келесі ұрпақтарда адам кариотипінде хромосома санының үнемі өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтан, бірінші мейоздық бөлінуде 2 ші реттік сперматоцидтер пайда болады.
4. Қалыптасу зонасыі - өте жақсы байқалады. Әлі де цитоплазмасы көп сперматидтерден басы, мойны, құйыршық пайда болып сперматозоид түзіледі.
Овогенез-аналық жыныс бездерінде жұмыртқа жасушасының пісіп, жетіліп,түзілу процесі.
Эмбрионалдық кезеңде аналық жыныс бездерінің жасушалары митоз жолымен бөлініп,1ші реттік овоциттер түзілгенде өзінің дамуын тоқтатып, жыныстық жетілу кезеңіне дейін өзгеріссіз сақталады. Жыныстық жетілу уақыты жеткенде ( айына бір рет) жеке овоцит өсуге көшеді. ДНК екі еселеніп, овоциттің мөлшері артады, ақуыз, май, көмірсу, пиглинттер жинақталады. Әрбір овоцит ұзақ фолликулярлы жасушасымен қоршалып, қоректік қор затымен қамтамассыз етіледі. Әуелде бірінші реттік, сонан соң екінші реттік жетілген фолликулдар түзіледі. Пісіп жетілген фолликулдар сұйықтыққа толы, болып ішінде жұмыртқа жасушасы орналасады.
Әрі қарай овуляция процесі жүргізіп, (пісіп жетілген фолликулдардың қабырғасы жарылып жұмыртқа жасушасы құрсақ қуысына шығып сосын жатыр түтігіне түседі). 1ші мейоздық бөлінуден жұмыртқа жасушасы пісіп жетіліп, 1-ші реттік овоциттерден 2ші реттік овоциттер және редукциялы денешіктер түзіледі, хромосомалардың артығы осы денешіктерге кетеді, ал қоректік қор заттары 2-ші реттік овоцитте қалады.
2ші реттік овоциттердің ары қарай жетілуі тек сперматозондпен қосылса ғана жүзеге асады, егер ұрқтану болмаса жүзеге аспайды және ағзадан шығарылады.
Ұрықтану жүзеге асқан жағдайда 2 мейоз соңына дейін жүзіп, пісіп жетілген овотида және 3 редукциялы денешіктер пайда болады. (генетикалық материалдың артық мөлшері редукциялық денешіктерге кетеді) Жыныстық жетілу кезінің басында жыныс бездерінде шамамен 100000 овоциттер болады, бірақ әйел адамның репродуктивті кезеңінде жыныс бездерінде 300-400 овоциттер түзіледі.
Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 9279;