Тақырыбы: Бағаналы жасушалардың медицинада қолданылуы және даму қарқыны.
Жоспары: 1. Бағаналы жасушалар туралы жалпы мәлімет;
2. Бағаналы жасушалардың классификациясы;
3. Бағаналы жасушалардың клиникалық қолданысы.
Бағаналы жасушалар туралы жалпы мәлімет
Бағаналы жасуша (БЖ) термині соңғы кезде ғылымда, әдебиетте бағаналы жасушаның зерттелуі мен қолданылуы артқан сайын жиі-жиі кездесуде, танымал ғалымдар онымен әлемдік медицинаның болашағын байланыстырады. Қазірдің өзінде БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) жасушалы терапияның тәжірибелік жетістіктерін (БЖ қолданылуы арқылы жүргізілетін емдеу әдістерін) және жүзеге асуы шынайы көрінетін фантастикалық даму қарқыны туралы көп хабарлауда.
Бұл терминнің өзі 1908 жылы Берлинде өткен гематологиялық қоғам съезінде Александр Максимовтың ұсынысымен енгізілген болатын.
Қазіргі таңда жасушалы терапияның негізін қалаушы кім деген сұраққа жауап беру мүмкін болмай отыр, себебі емдеудің тәжірибелік әдісін кейбір адамдардың айтуынша, емделушінің жасушаларын қайта қалпына келтіру үшін ешкі жасушасының эмбриондарын инъекция арқылы қолданған швецариялық дәрігер Пол Ниханс деп есептейді; басқалар болса, жасушалы терапияның негізін 20-30 жылдары Парижде уақытынан бұрын қартаю кезінде фетальді ұлпаларды ауыстырмақ болған орыс дәрігер – эмигрант С.Воронцов қалады деп санайды. Осыған қарамастан, жасушалы биология ғылымдағы өз статусына ХХ ғасырдың екінші жартысында жеткен болатын. 1960 жылы кеңестік ғалымдар И.Чердков пен А.Фриденштейн мультипотентті сүйек кемігін ВСК (БЖ) ашты. Бұл ашылу ересек ағзаның зақымдалған ұлпаларын қайта қалпына келтірудегі жасушалардың рөлін зерттеуге жол ашты. 1981 жылы алғаш рет американдық ғалым Мартин Эвансқа тышқанның бағаналы жасушасынан плюрипотентті тізбек бөлінген еді.
Ал, 1998 жылы американдық зерттеушілер Дж.Томпсон және Дж.Герхарт төрт күндік адам эмбрионының жасушаішілік массасынан ЭСК ала алды.
Адам ЭСК-сының бөлінуі 1999 жылы Science журналының жариялауы бойынша ХХ ғасырдағы ДНҚ қос спиралінің анықталуы мен «Адам геномы» бағдарламасынан кейінгі мойындалған жаңалық болды.
Заманауи түсінікте БЖ- бұл арнайы ұлпалық құрылымнан айырылған, ұзақ уақытқа өзін ұстап тұра алатын қасиетке ие және әртүрлі типтегі жасушаларға дифференцияланатын бірден-бір жасуша.
БЖ өзінің атауын генеалогиялық жасуша ағашын түзіп, арнайы функцияларды атқаратын бағана құрғаны үшін алған болатын. Алайда, арнайы ұлпалық құрылымы болмағандықтан бағаналы жасушаны медицинаны қалыптасушылар атауы жоқ жасуша есебінде санайды. Осылайша, біз берген анықтама бойынша, бағаналы жасушалар ағзаны құрушы әмбебап материал болып табылады.
БЖ классификациясы
Қазіргі таңда БЖ-ның көп таралған екі түрі кездеседі:
1) Олардың алыну көзіне қарай (локализация).
2) Әртүрлі типтегі арнайы жасушалардың санына қарай, себебі олардың бастауы бағаналы жасуша болуы мүмкін.
Бірінші классификацияға түріне қарай эмбриональды БЖ(ЭСК) бөлінеді: сондай-ақ ересек ағзаның ұлпаларынан бағаналы жасушалар шығады (ВСК).
ЭСК – бұл сүтқоректілердің эмбрионының ерте эмбриональды даму кезеңінде пайда болатын бағаналы жасушалар. Соның нәтижесінде ЭСК-ның ядросындағы «нөлдік нүкте» болып саналатын гендік ақпарат әртүрлі типтегі басқа жасушалардың дамуына ықпал жасауы мүмкін.
ВСК – өздерінің аты айтып тұрғандай, бұлар ересек ағзаның әрбір ұлпасында таралған (бауыр, сүйек кемігі, өт және т.б.), сондай-ақ, олар өз кезегінде орналасқан ұлпасына қарай әр түрге жіктелуі мүмкін. ВСК саны ұлпаларда өте аз екендігін ескерте кеткен жөн. Осылайша, бағаналы жасушалардың қан айналымдағы концентрациясы 1:100 мың құрайды.
ЭСК-ға қарағанда ВСК әр типтегі жасушаларда өзгеріске ұшырай алмайды. Қазір күн сайын ғылыми әдебиетте қанайналымдағы ВСК-ның сүйек кемігіндегі жүйке жүйесін, бұлшық еттегі және бауырдағы жасушаларды қалпына келтірудегі жетістіктері туралы жариялануда.
Екінші классификациялануына қарай БЖ-ның тоти – плюри – мульти және унипотентті түрлері кездеседі.
Тотипотентті (лат. –құдіретті) БЖ – ұрықталған жұмыртқа жасушадан бөлініп шығатын алғашқы жасушалар. Тотипотентті жасушаны аналық ағзаға ауыстырған сәтте одан жаңа толық қанды ұрық пайда болуы мүмкін.
Плюрипотентті БЖ – бластоцистің массасындағы жасуша ішілік жасуша болып табылады. Эмбриональды даму үдерісінде бұл жасуша адамның әр типтегі соматикалық жасушаларына бастау болуы мүмкін.
Мультипотентті БЖ – плюрипотенттілерге қарағанда «дифференциалды потенциалы» төмен болып келетін бағаналы жасушалар (яғни, олар әртүрлі типтегі жасушалардың аз мөлшеріне ғана бастау болуы мүмкін).
Унипотентті БЖ – бұл арнайы жасушалардың бір типінде ғана дифференциаланатын бағаналы жасуша түрі.
Дифференциалану үдерісі кезінде тотипотентті жасушалар плюрипотенттіге айналады, ал плюрипотенттілер мульти, мультипотенттілер унипотентті болды, ал унипотенттілер БЖ қасиеттеріне сай келетін бағаналы жасушалардың класына қосылады.
Эмбриональды бағаналы жасушалардың алынуы.
Адамның эмбриональды бағаналы жасушалары аты айтып тұрғандай жұмыртқа жасушаның дамып жатқан эмбриондарынан алынады, олар in vitro ұрықталған (аналық ағзасынан тыс) және одан соң зерттеу жұмыстарына құрбан болып донор қызметін атқарады. Әдетте бұл эмбриондар 4-5 күндік болады. Олар өзара бластоциста деп аталатын жасушалардың микроскопиялық шарын түзеді. Бластоциста негізгі үш құрылымнан тұрады: трофобласта – бластоцистаны қоршап тұратын жасуша қабаты; бластоцель – бластоцистаның ішкі қуысы және жасушалы массаның іші – бластоциста полюстерінің бірінде орналасқан жасушалар тобы (30 шақты). Ұрықтың 5-6 даму күнінде адам эмбрионы 50-150 жасушадан тұрады. Ұрықтың ішкі жасушалық массасы 20-40 жасушадан тұрады. Дәл осы жасушаларды зерттеушілер бөліп алу мен көбею процестеріне пайдаланады.
Бластоцистаның жылтырақ қабықшасын ферментативті өңдеу әдісімен бұзады, одан соң трофобластаның жасушаларын арнайы әдіспен жояды. Одан соң ВКМ-ны ішкі беті тышқан терісінің фибробласт қабатынан тұратын пластикалық ыдысқа орналастырады. Аталған жасушалардың қабаты сіңіргіш деген атауды алған.
ВСК-ны алу көздері есебінде қолданады:
1)Сүйек кемігі
2)иіс сезгіш рецепторлар аймағындағы шырышты қабықша
3)май ұлпасы
4)жаңа туылғандардың плацентасы мен кіндік қаны
5)өз плацентасы
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 8693;