Тақырыбы: Шизофрения ауруы және оның молекулалық негіздері.Аурудың жүруі және оның алдын алу шаралары.

 

Жоспары: 1.Ауруға жалпы сипаттама;

2. Шизфренияның молекулалық негіздері;

3. Аурудың жүруі және оның алдын алу шаралары.

 

Аурудың белгілері:

Шизофрения ауруының бірінші белгілері қалыптасқан заңдылық бойынша жас өспірім шақта немесе ерте орта жаста пайда болады.Бірақ аурудың белгілері 40 жастан асқан адамдарда да көріну мүмкін.

Дерттің пайда болып дамуына әйел адамдар мен ер адамдар бірдей тәуекелге ие.Бірақ ауру әйел адамдарда кешірек пайда болады.

Шизфрения ауруының алғашқы белгілері адамның өзіне тән қасеттеріне ғана байланысты өзгеріске ұшырайды.Бірақ ереже бойынша олар келесі тәртіп бойынша жіктеледі.

Шизофренияның позитивтісимптоматикасы (мысалы,галлюцинация,қазбалағыш ойлар,ретсіз түсінушілік және қызбаланушылық).Сау адамдарда осындай белгілер көбінесе байқалмайды және аурудың нәтижесінде пайда болған қосымша қылықтар ретінде қарастырылады.

Шизофренияның негативті белгілерін адамның дұрыс мінез-қылықтарының және қалыпты қабілетінің жоқтығы ретінде қарастыруға болады.Мысалы,қоғаммен байланыста болмауы,ұмтылыстың,екпінділіктің(энтузиазм) жоқтығы,істеп жатқан жұмысына шынайы көңіл бөлмеуі сияты іс-әрекеттерді жатқызады.Осындай психологиядық ерекшеліктер көптеген адамдарда байқалады,бірақ шизофрения ауруымен ауратын адамда осындай белгілердің көрінісі уақыт өте күшейе түседі.

Аффекті өзгерістер.Көңіл-күйге әсер ететін шизофренияның әртүрлі белгілері.Мысалы,депрессия,қобалжу,жалғыздық,өзіне қол жұмсау ойлары.

Шизофренияның әртүрлі когнитивті белгілеріне көңілдің бір нәрсеге бөлінуінің қыйындауы және есте сақтау қабілетінің нашар болуы жатады.Мысалы,көңіл аударудың жеткіліксіздігі,ойлаудың бәсендеуі және іс-әрекеттердің адекватсыз болуы жатады.

Шизофрения дертіне ұшыраған адамдарда аурудың симптомдары мен белгілері маңызды тіршілік әрекеттерінде функционалды бұзылушылықтар түрінде көріну мүмкін.Сөз қоғамдағы адамдармен қарым-қатынастар жайында болып отыр,мысалы,жұмыс,білім алу,отбасылық өмір,қарым-қатынас,өзіне деген күтушілік.

Шизофренияны қалай анықтауға болады, деген кезде,дертпен ауратын көптеген адамдарда өмір сүру барысында бірнеше психологиялық тоқырау кезендері көрінеді (бұл кезде көбінесе позитивті белгілер анық көрінеді).Заң бойынша позитивті симптомдар уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды және аурудың рецидивтілігі кезінде күшейе туссе,ремиссия кезінде бәсендейді.Шизофренияның басталу уақытын білетін адамдар психикалық кезендердің аралығында қалыпты өмір сүру мүмкін және салмақты,байсалды көріну мүмкін.Оған қоса ,бірінші кезеннен кейін негативті симптомдар байқалады.Шизофренияның қандай белгілерінің болатындығын біле отыра,белгілердің ұзақ уақыт барысында сақталатынын және күшейетінін ескерген жөн.Әрі қарай жалғасатын немесе рецидивирленген аурудың кезендерін созылмалы деа атайды.Дертке шалдыққан адамдардың көпшілігіне шизофренияны уақытында анықтай алу маңызды.Бұл ауру ұзақ уақыт ем алуды талап еткендіктен ереже бойынша дәрі-дәрмектерді қолдану маңызды болады.Аурудың белгілері қалай көрінсе де,тез арада білікті емшіге көрінген жөн.

Аурудың генетикасы:

Генетикалық факторларға қоршаған ортаның тигізетін әсерін анықтау қиын болғандықтан,көптеген дәйектемелер анық емес,бірақ егіздік әдіс бойынша зертегенде аурудың тұқым қуалайтындығы анықталды.Аурудың тұқым қуалауы күрделі жүреді және аурудың критикалық рискін жоғарлататын,патологиялық көріністі тудыратын бір-неше геннің әрекетінен туындайды.Зерттеулер бойынша шизофренияны тудыратын гендер спецификалық емес:олар басқа да психикалық ауруларды тудыру мүмкін,мысалы,биполярлы жүйке тозушылық.

Жақын уақытта анықталған деректерге сүйене отыра ДНҚ-реттілігіндегі сирек болатын делециялар мен дупликациялар шизофренияның дамуына әсер етеді.Деректер бойынша шизофренияның туындуы RELN-генінің полиморфизімімен және оның экспрессялануымен тікелей байланысты екендігі анықталды.

Аурудың туындауына көбінесе ауру адамның ата-анасында жоқ,кездейсоқ пайда болған мутациялар әсер етеді.

Прентальді факторлар

Нейрональді жетілудің ерте кезенінде,оған қоса жүктілік кезінде ауру тудырушы факторлар аурудың пайда болу мүмкіндігін жоғарлатады.Шизофренияның туындауы туылуы мезгіліне (сезон) байланысты:ауру көбінесе қыста және көктемде туылған балаларда байқалады (көбінесе солтүстік аймақтарда).Пренатальды (туылғанға дейін) инфекциялар аурудың туындау мүмкіндігін артырады,бұл аурудың тікелей организмнің дамуының бұзылатындығымен байланысты екендігінің белгісі.Адамның шизофренияға табиғатынан эпигенетикалық жақындылығының гипотезасы бар.Ол ДНҚ-ның метильденуімен және ақуыздардың кейбір аймақтарының аз ацильденуімен түсіндіріледі.Эпигенетикалық терапияның көмегімен осындай қателіктерді дұрыстау мүмкіндігі бар.

Қоғамдағы фактордар

Шизофренияның туындауына әсер ететін нақты корреляциялар бар.Олар мекен етіп жатқан ортаның урбандалу деңгейіне байланысты.Ауруды тудыратын факторлардың бірі –социум деңгейі болып табылады,оған кедейлік,миграция,нәсіл дискриминациясы,жұмыссыздық,отбасы жағдайының төмен болуы жатады.Оған қоса балалық-шақтағы зорлық-зомбылық әрекеттер,баланы травмалайтын әрекеттер де шизофренияның дамуын стимульдейді.Ата-ананың тәірбиелік іс-әрекеттері ауруға әсер етпейді деп айтады,бірақ қалыпсыз қарым-қатынастармен ата-ананың әрдайым қолдамаушылық әрекеттері әсер ету мүмкін.Қоғамдағы ауруға әсер ететін белгілердің бірі,ол-жалғыздық.

Нашақорлық және алкоголизм

Шизофрения мен наркоманияның арасындағы байланыстың себебін оңай ажыратуға келмейтін күрделі қарым-қатынастар байқалады.Зертеулер бойынша кейбір адамдарда арнайлығы жоғары зиянды заттар (наркотиктер) ауруды тудыру мүмкін.Бірақ ауру адамдар да психоактивті заттарды негативті сезімдерді жену мақсатында қолдану мүмкін.Ол антипсихотиктерге,оған қоса шизофрениктерге де тән,оның негізгі белгілеріне негативті эмоциялар, паранойя және ангедония, жатады.Ол депрессия мен стресс кезінде дофанин мөлшерінің төмендеуінен туындады.Амфетамин және алкоголь дофаминнің жоғалуын стимульдейді,ал дофаминнің жоғалу активтілігі психикалық симптомдарға немесе шизофренияға әкеледі.Әртүрлі зерттеулер көрсеткендей амфетамин организмнің синаптикалық аймақтарында дофаминнің концентрациясын жоғарлатады,ол постсинаптикалық нейрон жауабының жұмысын тездетеді.

Амфетамин әсерінен шизофрения симптомдары өрбейді.Галлюциногенді және стимульдейтін заттарды шамадан тыс қолдану шизофренияның дамуына әсер етеді.Бір зертеулерде каннаабистің психозға әсер ету мүмкіндігі анықталды,бірақ оның пропорционалды әсері жоғары емес.

Психикалық факторлар

Көптеген психикалық механизмдер шизофренияны тудыратын себептердің бірі ретінде және дамуын қолдайтын фактор ретінде қарастырылады.Ем алушыдан анықталған когнитивті өзгерістер ретінде стресс немесе түсініксіз жағдайлар,қауыпсіз жағдайларға көңіл бөлмеушілік,асығыс ой қортындылары,сыртқы атрибуцияға ұмтылысы,қоғамдық жағдайдың және ментальды күйдің өзгеруі,ішкі және сыртқы ойдар мен іс-әрекеттерді айыра алу қабілетінің төмен болуы,көңіл аударушылықтың болмауы және визуалды ақпараттың толық қабылдамағаштығы жатады.

Осындай когнитивті ерекшеліктердің бір бөлігі жалпы нейрокогнитивті есте сақтаудың,көңіл аударушылықтың,проблеманы шеше алмаушылықтың,қоғамдық танымның бұзылуы болып табылса,екінші бір бөлігі нақты қиыншылықтар мен уайым-қайғы болу мүмкін.

Қауіпсіз әдеттердің дамуы қауыптан қашу үшін созылмалы ойға қонымсыз ойлардың сақталуына септігін тигізеді.Психологиялық механизмдер жайлы қосымша ақпаратты алу үшін симптомдарға терапияның әсерін анықтау керек.

Нейрональды механизмдер

Визуализацияның фМРТ және басқа технологиялар шизофрениямен ауратын адамдардың ми активациясын зертеуге мүмкіндік береді.

Нейровизуализация фМРТ және ПЭТ аппараттарының көмегімен жүргізіледі.Олар шизофрения кезінде мидың жұмысының функционалды ерекшелігін көрсетеді,осындай бұзылыстар көбінесе фронтальды (алдынғы) және шеткі бөлімдерді,оған қоса гиппокампті зақымдайды.Осындай өзгерістер нейрокогнитивті бұзылумен байланысты болады.Олар көбінесе шизофрения кезінде байқалады,бірақ олардың туындау себебін сантипсихикалық терапиямен анықтау қиын.Бірақ ондай әдістермен зертеуге қатысқан барлық ем алушыларға ем жүргізілді.

Терапия және қолдау жасау

Шизофрения ауруын емдеу концепциясы әлі күнге дейін сөз-тартыстың объектісі болып отыр.Өйткені бұл ауруға әлі жалпы қауымдастық анықтама берілген жоқ,бірақ соңғы жылдары зертеулерде және клиникалық тәжірбиеде оңай қолданысқа ие ремиссияның рационалды критериі ұсынылған,олардың консенсусты болатын мүмкіндігі бар.Қазіргі таңда ауруды бағалаудың стандартты методикасы бар,олардың ішінде жалпы әлемдік PANSS шкаласы болып табылады.

Симптомдардың коррекциясы және функционалдық деңгейдің артуы аурудан мүлдем айығып,жазылуға қарағанда шынайлыққа жақын келеді.

Терапияда революциялық өзгерістер 1950 жылдары болды,ол хлорпромазиннің организмге ендірумен тікелей байланысты.Қазіргі таңда қалпына келтіру моделі көңіл аудартады,ол мүмкіндіктердің және ортақ интеграцияның кенеюінің және сенімнің белгісі.

Шизофрениямен ауратын ем алушылардың көбі біраз мезгіл амбулоторлы емделу мүмкіндігіне ие.Тіпті аурудың қатты периодында да амбулаторлы ем қолдана алады.Амбулаторлы және станционарлы ем алу формалары шешім қабылданбағанға дейін нақты сарапталуы керек.Шизофренияның ауыр эпизодтарында госпитализазия талап етілуі мүмкін.Ол рұқсат етілген және рұқсат етілмеген болу мүмкін (жергілікті облыстық психиятриялық денсаулық сақтау органдарының рұқсатымен,азаматтық тәртіп бойынша).

Ресейде рұқсатсыз госпитализация Психиятриялық көмек беру занымен қадағаланады.Басқа мемлекеттерде деинституционализация жүргізілді,ол емханада ұзақ уақыт ем алумен аяқталды.Госпитальға орналастыру немесе ашық бөлмелері бар орталықтар,аудандағы жүйке-жүйесімен ауратын адамдарға арналған визиттер (жабық аймақтар),үйде ассертті терапия беретін группалар,қолдайтын группалар мемлекеттік шаралардың бірі болып табылады.Батыс елдерінен басқа көптеген елдерде терапияда жергілікті қоғамдастықтар шешім қабылдауға құқылы және ем алу формальсыз (қағаз жүзінде емес) өтуі мүмкін.Ал шынындығында осындай елдерде терапия батыс елдеріне қарағанда нәтижелі болу мүмкін.Бірақ осындай статистиканың себептері белгісіз.Оны анықтау мақсатында қазіргі таңда кросс-культуралық зертеулер жүргізіледі.

Психологиялық және қоғамдық терапия

Психотерапия шизофрения кезінде де кең қолданылады.Бірақ кейде фармакологиядағы,қаржы,персоналдың толық емес дайындығынан болатын қиыншылықтарға байланысты терапияның мүмкіндіктері шектеулі боладыы.Ауруды емдеуден басқа психотерапия ем алушының қоғамдық және профессионалды реабилитациясына бағытталған.

Когнитивті-қимылдар терапиясын (КПТ) симптомдарды жеңілдету үшін және олармен байланысты аспектерді жақсарту үшін қолданылады.Ондай аспектерге өзін-өзі қадірлеу,қоғамдық қабілеттілік,өзінің күйін қабылдау жатады.Бірақ ем алуға ерте жасалатын іс-әрекет нақты нәтиже бере қоймайды,соңғы зерттеулерде КПТ-ның шизофренияға белсенді әсер мүмкіндіктері жайлы көп айтылады.Бұдан басқа КПТ-ның ем алушыларда рецидивтің кездесу жиілігін төмендететіні жайлы қортындылар жасалды.

Когнитивті-жаттықтыру(англ. cognitive remediation therapy)-когнитивті бұзылыстармен күресетін амал-тәсілдерді айтады.Олар кейде шизофренияға да қолданылады.Бірінші нәтижелер бұл әдістің когнитивті эффектілігін көрсетеді.Ол нейрохирургиялық реабилитацияның методикасының негізінде жүргізіледі,кейбір позитивті қимылдар фМРТ-кезінде анықталатын ми активациясының бағытын өзгертеді.Когнитивті жақсарту терапиясы атымен белгілі аналогты амал-тәсіл нейрокогнитивті жүйеден басқа қоғамдық танушылықта да өзінің эффекті нәтижелерін көрсетті.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Шизофрения ауруына жалпы сипаттама.

2.Шизофрения ауруының молеккулалық негіздері.

3.Аурудың жүруі және оның алдын алу.

 

 

Дәріс.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3537;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.