Тақырыбы: Гипертониялық ауру. Клиникасы мен молекулалық негіздері
Жоспар: 1. Гипертониялық аурудың сипаттамсы
2. Аурудың себептері және пайда болу механизм
3. Гипертониялық аурудың симптоматикасы
Гипертониялық ауру – ұзақ уақытқа дейін көтеріңкі жоғары артериальды қысымымен сипатталатын созылмалы ауру. Систоликалық қысым 140 мм-ден с.б.жоғары, диастоликалық 90 мм-ден с.б.жоғары.
Әйелдерге қарағанда ерлер жиі ауырады. Ауру көбінесе 35-45 жас шамасында басталып, 55-58 жасқа дейін созылуы мүмкін. Одан кейін артериялық қысым деңгейі жоғары қалпында тұрақтанады. Кейде АҚ-ның күшті әрі үдемелі жоғарылауы жастарда да байқалады.
Ауру этиологиясы.
Гипертониялық аурудың негізінде 3 фактор жатыр:
1.Созылмалы психоэмоциональды артық күш жұмсау(перенапряжение)
2.Тұқымқуалайтын жасуша мембранасының дефектісі. Бұл Са, Na иондарының тасымалына бөгет жасайды.
3.АҚ реттейтін бүйрек механизмінің генетикалық шартталған дефектісі.
Қатер факторлары:
- генетикалық факторлар күмән келтірмейді, себебі гипертониялық ауру жиі тұқым қуалайды;
- қайталанып отыратын эмоциональды стресс;
- күнделікті тамақтануда ас тұзын көп мөлшерде қолдану;
- гормональды факторлар, гипаталамо-гипофизарды системаның күшеюі, катехоламиндердің көп бөлінуі, ренин-ангиотензинді системаның активациясы;
- бүйрек факторы;
- семіздік;
- темекі шегі;
- гиподинамия, жүріс-тұрысы аз өмір.
Гипертониялық ауру кезеңдік даму сатысымен ерекшелінеді.
Өткінші немесе клиника алды, бұл кезең АҚ-ның қайта-қайта көтерілуімен сипатталады. Артериолдардың тарылуы байқалады, тамырларда оттегіге ашығу пайда болады, осыдан тамырда дистрофикалық өзгерістер туады. Соңында артериола тамырларының өткізгіштігі жоғарылайды. Қанның плазмасы артериола тамырына сіңіп(плазморрагия), қабырғасынан да өтіп, периваскулярлы ісінуді тудырады.
АҚ деңгейі тұрақтанып және қан плазмасының микроциркуляциясынан кейін, артериола тамырына сіңген артық қан плазмасы лимфатикалық системаға құйылады, ал тамырға плазмамен енген белоктар шөгеді. Жүрекке қайталанып отыратын ауыр жүктеме әсерінен сол жақ жүрек қарыншасында бірқалыпты компенсаторлы гипертрофия байқалады. Егер өткінші кезеңінде психоэмоциональды стресстің алдын алып ,сәйкес ем жүргізсе, онда гипертониялық ауруды емдеуге болады. Себебі осы кезеңде әлі кері айналмайтын морфологиялық өзгерістер әлі жоқ.
Тамырлы стадиядада АҚ-ның күшті көтерілуімен сипатталады. Бұл тамыр жүйесінің морфологиялық өзгерістерімен түсіндіріледі. Өткінші АҚ-ның тұрақтыға айналуы мына нейроэндокриндік механизмдер әсерінен болады: рефлекторлы, бүйрек әсері, тамыр жүйесі әсері және де эндокриндік. АҚ жиі көтерілуі қолқа доғасы барорецепторларының сезімталдығын төмендетеді. Осының салдарынан ренин ферменті бөлінеді. Ол өз кезегінде АҚ-ды жоғары көтеретін ангиотензиннің қан плазмасында түзілуіне алып келеді.
Қайталанып отыратын артериола тарылуы, өршіп отыратын плазморрагия және тамыр қабырғасындағы белоктар шөгуі гиалинозға немесе партериолосклерозға алып келеді. Артериола тамырлары қалыңдайды, икемділігін жоғалтады.
Үнемі АҚ-ның жоғары болуынан жүрекке ауыр тиеді. Жүректің компенсаторлы гипертрофиясы байқалады. Жүрек массасы 600-800гр-ға жетеді. Жүрек қантамырларының икемділігі және иілгіштігі төмендейді, қан құрамында холестерин мөлшері көбейеді.
Аурудың асқынуы.
Гипертониялық аурудың асқынуы жүрек қысылуымен, артериолдар, артериялар тромбозымен сипатталады. Инфарктқа алып келеді, ішкі мүшелерге қан құйылады. Бұл себептер өлімге алып келеді.
Гипертониялық аурудың клинико-морфологиялық формалары.
Жүрек белгілері: гипертониялық аурудың жүрек формалары жеке ауру ретінде қарастырылады.
Ми немесе церебральді форма – гипертониялық аурудың жиі кездесетін формаларының бірі. Әдетте бұл миға қан құйылумен байланысты. Ми қарыншасына қан құйылу әрдайым ауру адамның өліміне алып келеді. Мидың ишемиялық инфарктісі де гипертониялық ауру кезінде пайда болуы мүмкін.
Бүйректік форма. Созылмалы ауру кезінде артериосклеротикалық нефросклероз дамиды, ол артериолалардағы гиалинозға байланысты. Бүйрек үсті түйіршікті болады, ол гиалинозды түйіршіктер. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамиды, соңында уремияға алып келуі мүмкін.
Симптоматикалық гипертониялар(гипертензиялар).
Гипертензия деп АҚ-ның екінші қайтара түрін айтады. Ол әртүрлі буйрек ауруларының, тамырлардың, ішкі секреция бездерінің симптомы. Егер негізгі ауруды емдесе, онда гипертензияны да жоюға болады. Мысалы, бүйрекүсті безінің ісігін алып тастаса, гипертензиямен сипатталатын, онда АҚ да тұрақтанады. Сондықтан гипертониялық ауруды симптоматикалық гипертензиядан ажырату жөн.
Бақылау сұрақтары:
1. Гипертониялық ауруға сипаттама беру.
2. Гипертониялық аурудың пато-морфологиясын түсіну.
3. Гипертониялық аурудың себептерін және пайда болу механизмдерін түсіндіру.
4. Гипертониялық аурудың симптоматикасы.
Лекция №12
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3560;