Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
Ауруды немесе дертті жағдайды диагностикалау - оны дұрыс тану болып табылады. Ауруды танып-білу – бұл сезімдік танымның қарапайым үрдісіне тән тек тану болып табылмайды. Белгілі бір өмірлік тәжірибеміз бар біз қоршаған заттар мен құбылыстарды олардың тек бір белгісі арқылы ғана тани аламыз. Анық тану құбылыстың тек сыртқы табиғатын ғана емес, оның ішкі болмысын терең түсіну болып табылады.
Ауруды танып-білу танымның кез-келген үрдісіне тән көпқырлы қызмет болып табылады. Таным қызметі сыртқы әлем заттары мен құбылыстарын тікелей танудан (сезімдік таным, қабылдау), және таным үрдісі нәтижелерін бекітуге және сақтауға бағытталған тікелей емес таным (рациональды таным, ойлау) және естен тұрады. Осы сатыларға сәйкес диагностикалау жолында біз белгілі бір факттар жинақтаймыз, ауру жөнінде мәліметтер жинап, оның белгілерін жіктейміз, алынған ақпаратты талдаймыз, синтездейміз, салыстырамыз, ортақтастырамыз, қорытынды шығарамыз (диагноз түземіз) және ұйымдастырулық, емдік, профилактикалық тәжірибеде қолданамыз. Осы нәтижелерге байланысты диагностикалық концепцияның дұрыстығын тексеріп отырамыз, толықтырамыз, түзетулер енгіземіз. Осылайша, диагноз түзумен дертті анықтау аяқталмайды: ол кез-келген таным сияқты тәжірбиеге керек және тәжірибе арқылы туындап отырады.
Диагностиканы негіздеуші факттарды біз науқасты әртүрлі зерттеу әдістері - клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы аламыз. Психикалық (соның ішінде психопатологиялық) акт жүйелі болып табылады. Ол көптеген функциональды деңгейлердің күрделі интеграциясының нәтижесі және жүйке жасушаларында жүретін биологиялық үрдістерді тікелей көрсете алмайды. Сондықтан лабораториялық әдістердің (электрофизиологиялық, биохимиялық т.б.) психикалық ауру диагнозын қою барысында жеке жағдайларда клиникалық зерттеулермен салыстырғанда беретін мәліметі аздау. Сұрастыру және тікелей бақылау әдісі арқылы аурудың белгілері – симптомдары мен синдромдарын анықтап, олардың пайда болу шарттары мен даму стереотиптері туралы, сыртқы биологиялық, әлеуметтік, ем әсерлеріне сезімталдығы туралы, ауру ағымының типі, стадиялары туралы мәліметтер жинауға болады. Сонымен қатар әзірге сандырақтан жабысқақтықты айыратын, баяу ағымды шизофренияны невроздан ажырататын лабораториялық әдістер жоқ. Сау адамның, шизофрениямен немесе неврозбен ауратын науқас қанының биохимиялық анализі, жұлын сұйықтығын зерттеу нәтижелері, электроэнцефалограммасы бірдей көрсеткіш беруі мүмкін. Осыған орай болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлауын жетілдіру бойынша жұмыстардың маңыздылығы, осы жұмыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі көрініп тұр.
Клиникалық әдіс артықшылығы, инструментальды әдістердің бағынышты жағдайы психиатрияда диагностиканы субъективизмге кінәлауға түрткі болады. Психиатрияда объективті диогностиканы теріске шығару психикалық ауруды және психиатрияны ілім ретінде жоққа шығару болып табылады. Бұл антипсихиатриялық жағдай бар заңдылықтарды бұрмалайды, диагностикадағы субьективті және обьективті арақатынасты қате көрсетеді. Кез-келген адамға тән таным, егер ол әлемді дұрыс бейнелейтін болса, обьективті болып табылады. Объективті патологиялық үрдісті тану ретінде диагностика формасы бойынша субьективті (өйткені дәрігер санасына тәуелді), ал мазмұны бойынша объективті болып табылады. Диагностикадағы субъективизм жөнінде жеткіліксіз білім, біржақты ойлау, эмоциональды немқұрайлық дәрігердің дұрыс диагноз қоюына мүмкіндік бермеген жағдайды айтамыз. Шынайылықты бұрмалайтын қате диагностика әрқашан субъективті. Объективті қиындықтар (науқасты тексеруге қажет жағдайдың болмауы, дерт көрінісінің күрделілігі және типті еместігі, осы ілім саласындағы даму жеткіліксіздігі және т.с.с.) тек қателікке мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін дәрігер тұлғасына байланысты субъективті факторлар қажет.
Зерттеу әдістерін субъективті және объективті деп бөлу дұрыс емес. Құралдардың, биохимиялық анализдердің көрсеткіштерін біз сезім мүшелерімізбен қабылдаймыз. Пальпация жасаушы қолдар стетоскоп тәрізді зерттеу құралы болып табылады, б.а. зерттеу қаншалықты «обьективті» болғанымен субьективті фактор қатысуынсыз болмайды. Сонымен қатар, инструментальды әдістерді қолдану нәтижелері, егер зерттеу трафарет тәрізді массалық тәртіпте жүргізілсе көбірек субъективизмге алып келеді. Инструмент дәрігерді науқастан алшақтатады деген пікір бар.
Дертті зерттеу үшін, ауруларды тексеру үшін қазіргі уақытта күрделі және жетілдірілген құралдар қолданылады, бұл ғылымның заманауи жоғары деңгейде дамуына және психикалық аурулардың биологиялық негізінің үдеуіне сәйкес. Шамадан тыс техницизм клиникалық зерттеуден бас тартуға алып келмегені жөн. Диагностикада фактілерді анықтау әдістері шексіз болуы мүмкін, бірақ тану тәсілі біреу ғана - диалектикалық материализм әдісі.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2408;