Психикалық даму патологиясы
Кемақылдық
Психикалық дамудың артта қалуы
Психикалық дамудың бұрмалануы
Статистикалық, ғылыми, ұйымдастырулық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу кезінде диагностикалық тәсілді унификациялау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен халықаралық аурулар жіктеуі жасалды (ХАЖ). Қазіргі уақытта 10-қайта қарау ХАЖ – 10 қолданыста, мұнда психикалық және жүріс – тұрыс бұзылыстары 5 – ші (F) тарауда көрсетілген.
Бұл жіктеудің негізін қалаушылар бірінші кезекте тәжірбиелік қолайлылыққа және нақты маман-дәрігердің тәжірибесі мен теориялық көзқарастарына тәуелсіз нәтиженің өнімділігінің максимальды деңгейде болуына бағытталды. Бұл нақты анықтамасы жоқ, әр елде бірдей қабылданбайтын түсініктерді қолданудан бас тартуға мәжбүр етті. Сондықтан «эндогенді», «экзогенді», «невроз» және «психоз» тәрізді терминдер бұл жіктеуде қолданылмайды. «Ауру» термині кең мағыналы «бұзылыс» деген терминмен ауыстырылды. Жіктеудің әлеуметтік және тәжірбиелік бағыты психоактивті заттарды және алкагольді қолдануға байланысты шақырылған бұзылыстарды, олардың симптомдары өзге де органикалық аурулардан айырмашылығы аз болғанымен де жеке топқа бөлуді талап етті.
ХАЖ – 10 нозологиялық жіктеу идеяларын жалпы алғанда жоққа шығармайды: соның ішінде, қалыптасқан «шизофрения», «органикалық бұзылыстар», «стресске реакция» тәрізді нозологиялық бірліктер қолданылады. Бірақ этиопатогенетикалық принцип айтарлықтай келіспеушіліктер шақырмаған жағдайда ғана есепке алынады. Осылайша, олигофрения диагностикасында органикалық ақау есепке алынбайды, өйткені көп жағдайда оны анықтау қиынға соғады. Тек ХАЖ – 10-ң кейбір тарауларында бұзылыстар динамикасы (мысалы, шизофрения ағымының типі) келтіріледі. Жиі диагноз негізгі симптом мен синдромға негізделе отырып қойылады. Өйткені бір науқаста бірнеше психикалық сфера бұзылыстары болуы мүмкін, сондықтан бір уақытта бірнеше шифр қолдану мүмкіндігі бар. Жіктеудің толық текстінде болуы мүмкін және болмайтын белгілер критериялары толық сипатталған, олар қарама-қайшылық тудырмайды.
Жіктемеге енген әрбір диагноз латын әріптерінен тұратын шифр түрінде (психикалық бұзылыстар тарауында ол «F» әрпімен белгіленген) және бірнеше сандармен (4-ке дейін) белгілене алады. Осылайша, 10 000-ға дейін психикалық бұзылыстарды шифрлауға болады. Кейбір психиатрияда жиі кездесетін диагноздар F класына енгізілмеген (мысалы, эпилепсия [G 40], нейросифилис [A 52.1], интоксикациялар [T 36-T 65] )
ДДҰ ХАЖ – 10-ды теориялық жүйе ретінде қарастырмайды, сондықтан ХАЖ – 10-ң қайта өңдеуі белгілі бір психиатриялық мектептердің ғылыми білімі мен дәстүрінің даму дәрежесін көрсететін концептуальды жіктеудің орнын алмастырмайды.
Төменде ХАЖ-10-ның негізгі тарауларының қысқаша тізімі келтіріледі. Кейбір шифрлардағы жұлдызша (*) сәйкес санмен алмастырылуы мүмкін.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2163;