Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
Заттар мен құбылыстарды жіктеу, олардың табиғат пен қоғамдағы орналасу ретін максимальды бейнелейтін шынайылықты танудың жоғарғы формасы. Жүйе түзуші принципке сүйене отырып осы негізде бірігетін заттардың жалпы қасиеттері - түрлері, тегі, класстары және т.б. бірігеді. Әрбір диагностикалық үрдіс аурулар жіктелуінің қандай-да бір элементімен патологияның идентификациясымен аяқталуы керек.
Психиатрияда жіктеу әрекеттері психикалық бұзылыстар симптомдары, синдромдары және дерттің өзі жөніндегі ақпараттың жинақталу дәрежесіне қарай бірнеше рет жасалды. Дегенмен бұл жіктелулердің барлығы да соңғы уақытқа дейін синдромологиялық принципке сүйенді және жаратылыстанудың жинақтап-суреттеу кезеңіне сай келді. Тек ХІХ ғасырда жоғары білім дәрежесіне қол жеткізуге және табиғатты біртұтас зерттеу жолына көшуге байланысты - психиатрияда жаңа клинико-нозологиялық жіктеу тәсілін іске асыру мүмкін болды. Бұл дерттің басты психопатологиялық симптом немесе синдром негізінде емес, пайда болу ерекшелігі, ағымы және аяқталу ерекшеліктеріне сүйеніп жүйеленетінін білдіреді. Жаңа принципиальды жіктеуді ХІХ-ХХ ғасырда неміс психиатры Э. Крепелин жасады. Бұл жүйеде негізгі орынды аурудың себебі, немесе этиология алады, өйткені ол аурудың ағымы мен соңын көбірек анықтайды. Симптоматика көп рет өзгеріске ұшырауы мүмкін, бір дертте әрқилы болуы мүмкін, әртүрлі ауруларда бірдей көрініс беруі мүмкін. Сондықтан психопатологиялық симптоматиканы және басты синдромды бағалау жіктеуде екінші кезекті маңыздылыққа ие.
Э. Крепелин психикалық ауруларды шығу тегіне байланысты екі топқа бөлді: 1) сыртқы орта факторларымен шақырылған - экзогендік; 2) ағзаның өзіндегі ішкі себептерге байланысты - эндогендік. Экзогенді топқа жарақаттық, интоксикациялық және инфекциялық аурулар кіреді. Жарақаттық ауруларға физикалық, физико-химиялық және психикалық травмалармен шақырылған аурулар жатқызылды. Эндогенді аурулар тобына дизаденоидтық (эндокринопатиялар кезіндегі), ерте ақыл кемдігі (шизофрения нәтижесіндегі), инволюциялық және маниакальды-депрессивті психоздар, эпилепсия, неврастения, истерия, психопатиялар жатқызылды.
Э. Крепелин ұсынған жіктеудің маңызы өте жоғары, оның пайда болуын психиатрия дамуындағы негізгі дәуірдің бірі деп санайды, психиатрия тарихы осы дәуірмен нозологиялыққа дейін және нозологиялық дәуірлерге бөлінеді.
Психикалық бұзылыстардың нозологиялық бағыттағы жүйесіне РМҒА психикалық денсаулық Ғылыми орталығында жасалған жіктеу мысал бола алады (Снежневский А.В., 1983, Тиганов А.С., 1999).
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЖІКТЕУІ
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1900;