Невротикалық синдромдар

 

Невротикалық синдромның ерекшелігі бұзылыстар деңгейінің терең еместігі болып табылады, мұнда тек астениялық, аффективті симптомдар және невротикалық (обсессивті, фобиялық, истериялық, сандырақсыз ипохондриялық) бұзылыстар жатады. Бұл паталогияның айырмашылығы психикалық бұзылыстардың парциальдылығы, оларға деген сыни көзқарастың болуы, дертті түсіне білу, қоршаған ортаны адекватты қабылдау және психикалық функцияның әлсіздігімен бірге жүретін мол соматовегативті симптоматика. Невротикалық синдромдар құрылымында заттық сана бұзылыстары, сандырақ идеялар, галлюцинациялар, деменция, маниакальды жағдай, ступор, қозу болмайды. Нағыз невротикалық бұзылыстар кезінде тұлға қасиеті сақталады. Сонымен қатар, қоршаған орта зиянды әсері тұлға, оның реакциялары, оның әлеуметтік болмысы арқылы іске асады. Көрсетілген барлық ерекшеліктер осы бұзылыстарды норма мен патология, соматикалық және психикалық аурулар арасындағы шекарада орналасқан шекаралық психикалық патология деп квалификациялауға мүмкіндік береді.

Әрбір невротикалық синдромдардан сәйкес невроздың клиникалық көрінісі қамтылады. Алайда әрбір невротикалық синдром психоз шеңберінде анықталуы мүмкін – психопатологиялық симптоматиканың әлсіз күрделенуі жағдайында. Бұл жағдайларда олар невроз тәрізді деп аталады.

Неврастениялық (астениялық) синдромтітіркенген әлсіздікпен сипатталады. Ішкі тежелудің туа және жүре пайда болған жетіспеушілігінде қозу ешнәрсемен шектелмейді, ол тітіркенгіштікпен, шыдамсыздықпен, зейін әлсіздігімен, ұйқы бұзылуымен көрінеді. Астенияның гипер және гипостениялық түрлерін ажыратады. Гиперстениялық астенияда қоздыру үрдісінің қалыптылығы, тежеу үрдісінің әлсіздігі эксплозивті реакцияларға бейімділікке ықпал етеді. Гипостениялық астенияда тек тежеу үрдісінің ғана емес, қозу үрдісінің де әлсіздігі көрінеді: ой жұмысы және физикалық жүктеме кезінде аса шаршағыштық, еңбекке қабілетінің төмендеуі, өнімсіздік, есте сақтаудың нашарлауы.

Бұл жағдайларға бас ауруы, вегетативті бұзылыстар, сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық қосылады.

Обсессивті-фобиялық синдром әрқилы жабысқақтықтар және фобиялар түріндегі психопатологиялық өнімдермен көрінеді. Бұл кезеңде үрейлену, күдікшілдік, сенімсіздік күшейеді, астенизация белгілері көрінеді.

Ипохондриялық синдром маазмұны бойынша мынадай болады: 1) астениялық, 2) депрессивті, 3) фобиялық, 4) сенестопатиялық, 5) сандырақтық. Невротикалық жағдайда жай, сандырақсыз ипохондрия жөнінде айтылады, ол өз денсаулығына аса көңіл аударумен, оның дұрыстығына күмәнданумен көрініс береді. Науқас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың өзі және оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті өзгерістер, депрессия және басқа да себептер болуы мүмкін. Науқас әртүрлі мамандарға жиі көрініп, тексеріледі. Зерттеудің жақсы нәтижесі науқасты біраз уақытқа тыныштандырады, бірақ артынан қайта күшейеді, ауыр дерт жөніндегі ойлар оралады. Ипохондриялық симптоматиканың пайда болуы ятрогениямен байланысты болуы мүмкін.

Истериялық синдром – кез-келген ауру симптомдарының жинағы, бұл симптомдар жоғары сенгіштіктің және өз-өзін сендірудің нәтижесі болып табылса, және де эгоцентризм, демонстративтілік, психикалық жетілмеушілік, қиял ойынының басымдылығы және эмоциональды лабильділік тәрізді тұлғалық ерекшеліктерге тән. Бұл жағдай истериялық невроз, тұлғаның истериялық дамуы мен истериялық психопатияға тән.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 7410;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.