Онейроид жағдайындағы науқас

Онейроид– бағдарлау және өзіндік сана бұзылысымен, фантастикалық күйзелістермен және елестермен, субъективті әлемде қабылданатын көріністермен және кататониялық симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді, сананың қиял тәрізді күңгірттенуі. Психипатологиялық өнім молдығы, анықтығы, галлюцинаторлы және сандырақтық жағдайлардың динамикалылығы мен ауқымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір жағынан, науқастың аң-таң келбетпен бір қалыпта тұрып қалуы немесе біртекті кататониялық қозу жағдайында болуы – екінші жағынан. Галлюцинациялар, псевдогаллюцинациялар және сандырақ шынайылықпен араласып, науқас және айналасындағы адамдар қатысушылар болып есептеледі. Науқас атомдық соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, басқа дәуірге орын ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалық сандырақ). Онейроидтың бастапқы кезеңіне аффект тұрақсыздығы тән, ұйқы бұзылады, есімнен адасып кетемін деген қорқыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация және абдырау күшейе түседі. Сахналау және интерметаморфоза сандырағы дамуы мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына қатысты қос бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр жағдайда науқас қоршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылықты қабылдауды тоқтатады, сана толығымен паталогиялық өніммен жауланады. Онейроидтан шыққан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырақ және ретті түрде есте сақтағандары – субъективті құбылыстар, жеткіліксіз немесе толық жойылған - шынайы құбылыстар болып табылады. Науқастық фантастикалық күйзелістермен бірге және болған жайттардың есте толық сақталуымен қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен – бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы аурудың өзге формаларының өткір сатыларында дамиды; кейде инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда кездеседі.

Аменция – кеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындықты түсіну қабілетінің жоғалуымен және осы кезеңнің толық амнезиялануымен жүретін сананың терең күңгерттенуі. Аментивті күй ауыр соматикалық және психикалық зорығу, қажу фонында (сепсис, авитаминоз, ашығу) дамиды, ұзаққа созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. Ағымдағы оқиғаларды түсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктіріп қабылдай алмайды алмайды. Сағатқа қарай отырып, оның тілдерін дұрыс көріп отырса да, уақытты айта алмайды. Сөздері байланыссыз, қозу шеңбері аз кеңістікті алады, мағынасыз, хаосты және бас, аяқ-қолдарын қозғалтумен көрінеді. Аффективті көріністер өзгермелі, иллюзиялар, жеке галлюцинациялар, кататониялық бұзылыстар болуы мүмкін.

Қарауытқан жағдай – терең сана бұзылысының әртүрлі ұзақтықтағы пароксизмдері, қабылдау шеңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, қоршаған ортаны бағдарлау бұзылысымен және осы кезеңнің толық амнезиясымен жүреді. Қарауытқан жағдайларға амбулаторлық автоматизм ұстамалары жатады, бұл уақытта сана бір сәтте жоғалып, науқас автоматталған, сырттай көзге дұрыс көрінетін әрекеттерін жалғастыра Аментивті қозу береді: көшеде жүру, транспортты қолдану, қағаз бетіне қаламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол өзінің таныс емес көшеде не істеп жүргенін білмейді, өз іс-әрекеті нәтижесіне таң қалады, не болғанын есіне түсіре аламайды. Амбулаторлық автоматизмнің ұзағырақ түрі транс деп аталады: науқас бөтен қалаға кетіп қалады, саяхат жасайды, басқа жұрттың көңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалық және жасөспірімдік шақта сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мүмкін – түнгі ұйқы кезінде өте күрделі автоматтандырылған қимылдар жасау. Сана қарауытуы жағдайындағы науқас әрекеттерін басқаратын елестер шеңбері дертті өнімдерден тұрады – галлюцинация, сандырақ, жедел қорқыныш және ашу аффекті. Мұндай жағдай күтпеген жерден айналадағыларға мотивсіз шабуылдармен, қатігездікпен кісі өлтірумен, ызалы қозу жағдайымен көрінеді. Қарауытқан жағдайдан шығу оның басталуы тәрізді кенеттен болады.

Сананың қарауытқан бұзылыстары эпилепсиялық ұстамалардың эквиваленті болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда болуы мүмкін – эпилепсияда, бас миының органикалық патологиясында.

 

Стамалар

 

Ұстамалар – кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана бұзылысымен, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегативті реакциямен көрінетін ұстамалар.

Үлкен эпилепсиялық ұстама (grand mal) – бір сәтте сананың толық жоғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстама. Ұстаманың алдында бірнеше сағат немесе бір-екі күн бұрын жалпы әлсіздік, бастағы ауырлық сезімі, көңіл-күй өзгерісі, еңбекке қабілеттілік төмендеуі тәрізді хабаршы белгілері байқалады. Кейде ұстама аурадан басталады, ол грек тілінен аударғанда «леп есу» деген сөз. Аура сенсорлы болуы мүмкін, ол ауаның жеңіл қозғалысы, желдің есуі, галлюцинаторлы бейнелерді қабылдау, психосенсорлы, дереализациялық және деперсонализациялық бұзылыстармен жүреді, және моторлы болуы мүмкін, бұл кезде стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар көрінеді, вегативтік аура вазомоторлық және секреторлы бұзылыстармен көрінеді, психикалық аура аффективті, сандырақтық және басқа көріністермен бірге күрделі күйзелістермен өтеді. Аураны санының ерекше жағдайларына жатқызады, бұл кезде науқас болып жатқан оқиғаларды ішінара түсінеді, өзінің іс-әрекетін бақылай алады, мысалы, құлап бара жатып, денесін жарақаттамас үшін жата қалу. Аура бірнеше секундқа созылады, бірақ ұмытылмайды, тіпті есінде толығымен анық сақталуы мүмкін.

Тырысулық ұстама басталған уақытта барлық көлденең жолақты бұлшық еттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас «шалынған» тәрізді құлайды – бұл ұстаманың тоникалық фазасы. Дене керіледі, қол-аяғы жазылады, өйткені жазғыш бұлшық еттер күші басым болады. Тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысынан, спазмдалған дыбыс тесігінен ауа күшпен шығады да, ұстаманың басында осындай науқастарға тән айқайы шығады. Ауыз бірнеше секунд бойына ашық болады, сонан соң тістері сақылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде көздері аларып, айналады. Тоникалық фаза 15-30 сек. созылады, артынан клоникалық фазаға ауысады, ол 20-40 сек. созылады. Бұлшық еттердің тырысулық жиырылуы босаңсу жағдайымен алмасып тұрады, науқас «ұрылып» «соғылады». Тіл бұлшық еттерінің тырысулық жиырылуы нәтижесінде сілекей көбіктенеді де ауыз арқылы сыртқа шығады, кейде қанға боялып, алқызыл түсті болып шығады. Клоникалық фаза кезінде еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрық шығару болады. Құрысудың барлық кезеңі бойына науқас дем алмайды, тері жабындысы, әсіресе бет терісі бозарудан қою көк және қара-көк түске дейін ауысады. Құрысу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа дейін комотозды жағдай бақыланады, артынан – жиі ұйқы жағдайына ауысатын есеңгіреу жағдайы бақыланады. Құрусудың барлық кезеңі есте қалмайды, кейде ретроградты амнезия болады.

Кіші эпилепсиялық ұстама(petit mal) – кенеттен қысқа уақытқа сана сөнуімен тырысусыз ұстама, бұл уақытта науқас құламайды, бастапқы қалпында қалады. Ұстама бірнеше секундқа созылып, толығымен амнезияланады.

Үлкен және кіші эпилепсиялық ұстамалар генуиндік және симптоматикалық эпилепсияның клиникалық көрінісін құрайды.

Джексон ұстамасы – бір жақтық тырысулық ұстама, анық сана жағдайында бір қол немесе аяқта пайда болып, дененің бір жартысына генерализацияланады. Ұстаманың жоғарғы шегінде сана күңгірттенуі мүмкін. Мұндай ұстама бас миының органикалық зақымдануының белгісі.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3910;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.