Дәріс. Жыныс бездері,оның гормондары.Қызметтерінің бұзылуы

Жоспар:

1. Жыныс бездеріне жалпы сипаттама.

2. Аталық жыныс бездері.

3. Аналық жыныс бездері.

4. Қызметтерінің бұзылуы.

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмніңпісіп-жетілуін реттейді.

Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі.

Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары — прогестерон, прогненол — ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.

Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.

Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин — сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.

Жыныс бездері немесе гонадалар аралас функция-генеративтік және эндокриндік қызмет атақарады. Олардың генеративтік қызметі-сперматозоидтар мен аналық жұмыртқа клеткаларын жасау, ал эндокриндік функциялары-жыныс гормондарын синтездеу мен секрециялау.

Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді және дене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшін температура 350С аспауы қажет. Эмбриогенездік даму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқа тұсында пайда болып, кейіннен хориондыө гонадотропин гормонының қатысуымен сыртқы ортаға шығарылады.

Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелді екендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алып тастағанда аталған бездер солып, олардың гормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондар енгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпына келген.

Бездің құрылысы. Тұқым бездері сыртынан серозды қабықпен қоршалған. Серозды қабықтың астында дәнекер тканьдерінен тұратын белокты қабық жатады. Белокты қабықтан ішке қарай дәнекер тканьді қатпарлы перделер тарайды. Олар без паренхимасын 100-ден 250-ге дейін жекеленген бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 1-2 дейін ирек тұқым каналшалары орналасқан. Тұқым каналшалары Гойморов денесінен өткеннен кейін өзара қосылыса келіп, каналшалар торын құрайды да негізгі тұқым жолына барып ашылады.

Безге қан қолқадан шығатын артерия тамырлары арқылы жеткізіледі. Қан тамырлары тұқым каналшаларының ішіне кірмей, олардың арасындағы кеңістіктерде орналасады. Каналшалар арасында жатқан қан тамырларының маңайында Лейдиг клеткалары топтасқан. Мұның физиологиялық мәні бар. Біріншіден, тұқым каналшаларынан Лейдиг клеткалары лимфаға толы кеңістік арқылы бөлінген. Бұл- гормонның клеткадан канлшаларға кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай туғызады. Екіншіден, Лейдиг клеткаларында түзілген гормондар қанға тоқтаусыз өте алады.

Еркек жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық бірлігі-тұқым каналшалары. Каналшалардың қабырғалары Сертоли клеткаларымен көмкерілген. Сертоли клеткаларының арасына сперматозоидтар түзетін сперматогенді клеткалар орналасқан. Сертоли клеткалары бір-біріне жақын жатады және өздерінің сүйір ұштарымен каналшалар ішіне, ал доғал жағымен мембрана сыртына бағытталған. Сертоли клеткалары бірнеше функциялар атқарады: 1) трофикалық қызметі, яғни каналшалар ішіне енген қоректік заттарды ұстапалып, жыныс клеткаларын қоректендіреді; 2) клеткалардың редукциялық бөліну процестерін активтендіретін жыныс гормондарын бөледі; 3) андрогендерді өзара байланыстырып тұратын белокті заттар синтездейді.

Сперматогенез. Организм жыныстық кәмелетке толғаннан бастап ұрық каналшаларында еркек жыныс клеткалары-сперматозоидтардың түзілуін қамтамасыз ететін спрематогенездік процестер басталады. Аталық жыныс бездері сперматозоидтарды организмнің жыныстық активтілігіне сәйкес бөледі. Алдымен, каналшалардың ішкі қабырғасында орналасқан сперматогонийлер көбейіп, олардан бірінші реттегі сперматоциттер түзіледі Процестің осы сатысында ФСГ тікелей әсер етуімен сперматоциттерде митотикалық бөліну процесі басталады. Нәтижесінде әрбір бірінші реттік спрематоцит екінші реттік сперматоцитке айналып, олардың әрқайсысынан төрттен сперматид түзіледі. Кейіннен, сперматидтердің әрқайсысынан төрттен сперматозоид пайда болады. Осы процестердің барысында Сертоли денешіктері қоректендіруші клеткалар ролің атқарады. Сперматидтер өсіп-жетілу деңгейіне қарай бастарымен Сертоли клеткаларының цитоплазмасына батып, құйрықтары каналшалар кеңістігіне шығып тұрады.

Организмге физиологиялық әсері. Андрогендер бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатында да түзіледі. Олар жынысбездері пісіп- жетілмеген жас организмдерде үлкен роль атқарады. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезден бастап олардың функциясы біршама бәсеңдейді, ал организм қартайған кезде олардың функциясы қайта жанданып, қыртысты қабат андрогендер түзетін бірден-бір мүшеге айналады.

Организмнің эмбриональдық даму кезеңінде жыныс мүшелерінің жіктелуі мен одан арғы дамуы тестостерон гормонының тікелей қатысуымен жүреді. Андрогендер бірінші және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуы мен дамуын реттейді. Егер жыныс бездері толық қалыптасып болмаған жануарларға андрогендік гормондар жіберсе, олардың жыныс мүшелері мен екінші жыныстық белгілері ерте пісіп-жетіледі. Андрогендер сперматозоидтардың дамуы мен пісіп-жетілуіне де үлкен әсер етеді. Гормондар жетіспеген жағдайда қалыпты сперматозоидтар түзілмейді. Андрогендер анаболизмдік гормондарға жатады.

Аналық жыныс бездері.Аналық жыныс бездері-жұп санды. Олар дененің жамбас бөлігінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Бездің сыртқы бір қабатты эпителиальді клеткалардан тұратын қабықпен қоршалған. Без екі бөлімнен – қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатта көлемдері әр түрлі фолликулалар бар. Майдаларын примордиальдық немесе алғашқы жұмыртқа фолликулалары деп, іші сұйыққа толы ірілерін көпіршікті фолликулалар деп атайды. Фолликулаларда жыныс клеткасы (ovum) дамиды.

Фолликулалар өсе келе көлемдері ұлғайып, бездің шетіне жақындай түседі. Фолликула мен бездің мембраналары өзара жанасқан кезде фолликула жарылады да жұмыртқа клеткасы босап шығады. Босап шыққан жұмыртқа клеткасы жатыр түтігі арқылы жатырға барып түседі. Бұл процесті овуляция деп атайды. Жарылған фолликуланың орнына сары дене түзіледі. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанса сары дене ұзақ уақыт (босанғанға дейін) сақталады. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де кер дамуға ұшырайды.

Фолликулалардың құрылысы мен гормондары. Аналық жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық негізі-жұмыртқа клеткасы пісіп-жетілетін фолликулалар. Сондықтан, фолликулалар-генеративтік және эндокриндік функцияларды біріктіретін материалдық субстрат. Фолликуланың қабырғасы бірнеше қабаттан тұрады. 2-3 қатардан тұратын ішкі эпителиальдықклеткалар гранулездік зонаны құрайды. Бұл зона жұмыртқа клеткасының өсуі мен дамуына қолайлы жағдай туғызып, оны бір деңгейде ұстауда маңызды роль атқарады. Гранулезді қабаттан фолликуланың ішіне қарай томпақ өсінді-жұмыртқаклеткасы орналасқан дөңес пайда болады.

Гранулезді қабаттан кейін безді-эпителиальді клеткалардан тұратын ішкі қабат (тека) орналасқан. Ол қан тамырларымен жақсы жабдықталған және жыныс гормондарын (эстрогендер) түзетін негізгі құрылым болып есептеледі.

Қазіргі көзқарасқа сәйкес аденогипофизде түзілетін ЛГ қатысуымен фолликуланың безді-эпителиальді қабатында андрогендер түзіледі. Андрогендерқанға немесе безді қабаттың базальді мембранасы арқылы фолликуланың ішіне қарай өтуі мүмкін.

Жыныстық циклдер. «Жыныстық цикл» ұғымы екі процесті қамтиды: 1) овариальды цикл (циклді өзгерістер жыныс бездерінде жүреді); 2) менструальдық цикл (циклді өзгерістер жатырда жүреді). Жыныс бездерінде гонадотропты гормондардың әсерімен орта есеппен әрбір 27-28 күнде бір рет қайталанатын физиологииялық өзгерістер туындап отырады.

Жыныс бездеріндегі циклдік өзгерістер екі фазадан тұрады:1) фолликулалық фаза. Бұл фаза фолликуланың өсіп-жетілуіменбайланысты; 2) лютеиндік фаза. Бұл фазаның барысында сары дене өседі.

 

№15 дәріс.Гормон және стресстің әсері

Жоспар:

1. Гормон және бейімделушілік.

2. Стресстің әсері.

3. Эмоция және гормон.

Қоршаған ортаның өзгерістері міндетті түрде организмде функциялар мен жүйелер ауытқуларын туғызады. Тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі – осы сияқты сыртқы орта өзгерістеріне бейімделу. Беімделушіліктің барысында функциялар мен жүйелердің қызметі тұрақталып, сыртқы орта факторлары әсерінежауап ретінде жаңадан бейімделушілік механизмдері іске қосылады. Мұның нәтижесінде организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған метаболизмднік өзгерістер жиынтығы қалыптасып, бекиді. Бейімделушілік реакцияларының үйлесімді қызмет атқаруында нерв жүйесімен қатар эндокриндік бездер үлкен роль атқарады.

Эндокриндік жүйе күрделі арнамалы және бейарнамалы бейімделушілік процестерін жүзеге асыруда маңызды функция атқарады. Бейімделушіліктің арнамалы реакциясы белгілі бір нақты тітіркендіргіштіктер әсер еткенде ғана іске қосылады. Мысалы: су мен тұз тепе-теңдігіне, көмірсутек пен май және энергия алмасуына нақты стимулдар түрткі болғанда пайда болатын жауап реакциялар. Бейарнамалы реакциялар – организмнің кез келген тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясы және ол әсер етуші стимулдардың табиғатына байланыссыз, стереотипті түрде дамиды.

Гормон және стресс

Организмнің бейімделушілік механизмдерінің ішінде эндокриндік жүйенің алатын орны мен атқаратын қызметін тұңғыш рет анықтаған Г.Сельс боды. Оның қағидаларына сәйкес бейімделушіліктің негізін гипоталамус-гипофиз-бүйркүсті бездер жүйесінің активтілігі құрайды. Мұны организмнің стресс жағдайларынан байқауға болады. Стресс – күші мен табиғаты әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде туындайын организмнің бейарнамалық, бейімделушілік-қорғаныс реакцияларының жиынтығы. Стресс тудыратын агенттерді стрессор деп атайды. Стресс кезінде организмнің кез келген фактордың әрекетіне қарсы тұрақтылығын (резистентілік) сақтауға бағытталған бейарнамалық, бейімделістік-қорғаныс реакцияларының жиынтығын Г.Сельс бейімделушіліктің жалпы синаромы деп атаған. Ол үш сатыда өтеді абыржу төзімділік (резистенттік) және әлсіреу (түгесілу). Синдромның алғашқы – абыржу сатысында организм өзінің бейімделушілік мүмкіндіктерінің бәрән дерлік іске қосуына байланысты оның әсер етуші агенттерге қарсы тұрақтылығы арта түседі. таламус пен ОНЖ-нің кейбір бөлімдерінде норадреналиннің бөлінуіне байданысты гормондық-гуморальлық жүйелер, бүйрекүсті бездерінің милы қабатының қызметінің күшеюіне сәйкес адреналиннің жүрекке түсуі артады. Төзімділік (резинтенция) – әркелкі зиянды факторлар әсер еткенде организмнің орнықты күйін көсетеді, яғни оларға төтен беретін қасиеті. Бұл кезде бүйрекүсті бездерінің милы қабатының адреналиннің қанға шығарылуы жалғаса береді. Мұнымен бір мезгілде симпатикалық нерв жүйесінің ұшынан иорадреналиннің жүрекке түсуі байқалады. Бауырда адреналин мөлшерінің артуына байланысты ондағы гликоген ыдырап, мүшелер мен тканьдердің глюкозамен жабдықталу деңгейі артады. Қандағы адреналиннің біразы гематоэнцефальдік кедергі арқылы гипоталамусқа барып түседі. Осының бәрі организмнің қолайсыз факторларға тұрақтылық қасиетін арттырады.

Егер стресс шамадан тыс күшті немесе аса ұзаққа созылса, организмнің бейімделушілік синдром үшінші сатыға – әлсіреу сатысына өтеді.Бұл сатыда организмнің стрессорлық факторларға төзімділігі төмендейді. Бүйрекүсті бездеріндегі адреналин концентрациясы мен жүректе норадреналин деңгейі төмендеп, адреналиннің қанға түсуі азаяды. Бірақ, гипоталамустағы норадреналин концентрациясы азаймайды және гематоэнцефальдік кедергіні адреналинға деген өткізгіштігі арта береді. Стресстің әлсіреу сатысында бүйрекүсті бездеріне гармон бөлінуі тоқтайды. Бейімделушіліктің жалпы синдромы кезінде ОНЖ-нің әрекетінен оның барлық қорғаныс қабілеті іске қосылады. Бұл процесте гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездерінің жүйесі маңызды роль атқарады. (59-сурет). Срессор әсерінен алдымен рефлекторлы түрде катеколаминдердің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамустың ұсақ клеткалы ядроларына әсер етіп, олардан АКТГ бөлінуін стимулдайтын кортиколибериндердің бөлінуін күшейтеді. Ал, АКТГ өз кезегінде

 

бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатынан зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін стероидты гармондардың екі типінің – глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтардың бөлінуін жақсартады. Егер катехоламиндер организмнің тыныштық күйінен қозу жағдайына тез арада өтуіне мүмкіндік беріп, оның осындай жағдайда ұзақ мерзім болуын қамтамасыз етсе, кортикостероидтардың жинақталуы – стресстің шешуші факторларына айналады. Минералокортикоидтар су-тұз алмасу деңгейін реттеу арқылы организмнің бейімделушілік реакцияларында маңызды роль атқарады.Ал глюкокортикондтар болса көмірсу , май және белок алмасуларында әсер етеді. Олар тканьдерде белоктардың ыдырауын күшейтіп, синтезін бәсеңдетеді. Осының нәтижесінде аминқышқылдары көбейіп, бауыр мен өттерде гликоген түзілуі күшейеді. Белок гидролизі барысында түзілетін аминқышқылдары глюконеогенез прцесі үшін субстрат ретінде жұмсалады. Бауырда липидтердің мөлшері артады. Бұл жүйе абыржу сатысының бастапқы кезеңінде-ақ іске қосылады. Егер жануардың гипофизі мен бүйрекүсті бездерін алып тастаса, бейімделушіліктің жалпы синдромы жоғалып, организм түрлі стрессорлық факторларға деген резистенттілігін күрт төмендетеді.

 

59-сурет. Жалпы бейімделушілік синдромын реттеуге қатысатын гормондар.

 

Организмнің бейарнамалық реакцияларын реттеуде симпато-адреналдық жүйенің де атқарар қызметі күрделі. Стресс кезінде бұл жүйеден бөлінген катехоламиндер организмнің жалпы активтілігін арттырып, толып жатқан ішкі мүмкіндіктертерді іске қосады:

1)бауырда глюкогенолз күшейіп, гипергликенің пайда болады, қаңқа еттері мен кейбір тканьдерде глюкозаны пайдалану артады; 2) липолиз процесі стимулданып, қандағы май қышқылдары көбейеді; 3) дене температурасы жоғарылап, тканьдер процестер (тыныс алу) жақсарады, қан қысымы көтеріледі; 4) жүрек еттерінің қызметі жақсарып, қан қысымы көтеріледі; 5) жүрек етінің қанмен жабдықталуы жақсарады, бронхылар кеңейіп, өкпе вентиляциясы күшейеді; 6) мидың қыртысты қабатының қозғыштығы артып, қаңқа еттерінің жұмыс қабілеті еселенеді. Мұның бәрі стресс кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған. Адреналин әсіресе қауырт жаағдайларда бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың (көру, есту, вестибулярлық аппараттың) сезімталдығын арттырады. Аталған өзгерістер эктремалылық жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған. Сондықтан бүйрекүсті бездерінің гармондарын стресс немесе бейімделушілік гармондары деп атайды.

Соңғы кездерде қалыптасқан кейбір көзқарастар бойынша стрессті шартты түрде «соматикалық» («биологиялық») және «психикалық» («психоэмоциялық») деп екіге бөледі. Соматикалық стресс сыртқы ортаның өзгерістері немесе кез келген экстремалық факторлар сенсорлақ құрылымдарға тікелей әсер еткенде дамиды. Бұл жағдайда организмнің резистентілік механизмдін жұмылдырушы сигналдарға тітіркендіргіштердің сыртқы рецепторлық аппараттары мен тікелей әрекеттесулер жатады.

Дегенмен, стресс-реакция организмге сыртқы ортаның стресс-факторлары тікелей әсер етпесе де пайда болатындығы дәлелденіп отыр. Мысалы, табиғи ортаның конфортты жағдайында (қоректік зат жеткілікті, қолайлы температура т.б.) кеміргіштер популяциясы көбейіп кетсе немесе жас егеуқұйрықты үйірінен бөліп, жек-дара ұстаса оларды стресске тән ауытқулар мен белгілер пайда болады. Аталған екі жағдайда да бүйрекүсті бездері үлкейіп, қандағы катехоламиндердің концентрациясы артады. Мұны эмоциялық стресс деп атайды. Эмоциялық стресте соматикалық стресс тәрізді жалпы заңдылыққа бағынып, стреске тән кезеңдерден өтеді.

 

Эмоция – адам мен жануарлардың алуан түрлі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсерлену, рахаттану, ренжу, қобалжу, мұңаю, қуанышб қорқыныш немесе ыза ретінде байқалатын субьективті реакциялары. Эмоция алға қойған міндеттер мен көздеген мақсатты іс-әрекеттердің барысы мен нәтижесін салыстыру негізінде пайда болады. Егер алға қойған мақсат пен оны орындау барысындағы іс-әрекеттер нәтижелі болып, көңілдегідей орындалса оң (жағымды), орындалмаса теріс (жағымсыз) эмоция пайда болады. Эмоция оқу-үйрену процесі мен жаңадан қалыптаса бастаған шартты рефлекстерді бекітуде де шешуші роль атқарады. Ол тітіркенудің қабылдау табалдырығын өзгертіп, зейілді активтелдіреді, коммуникацияның (мимика, дауыс интонациясы, т.б.) қосымша түрткісі ретінде қолданылады.

Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым эмоция адам мен жануардың тіршілік процесімен тығыз байланысты және оның негізін қалайтын гомеостаз, инстинк, жыныстық мінез-құлық, қорғану, қоректену, т.б. сияқты органикалық қажетті рекациялармен байланысты. Ал күрделі эмоция – адамдарға ғана тән, өйткені ол қоғамдық-әлеуметтік қажеттілікпен байланысты туындайтын аса күрделі психологиялық құбылыс.

Жалпы стресс тәрізді эмоциялық стрессте үш кезеңнен тұрады: 1. Абыржу (үрейлену) кезеңі. Жағымсыз фактор әсер еткен сәтте туындайтын жауаптың бастапқы кезеңі.Таңырқағандай әсерленістер туғызады. 2. Төзімділік кезеңі. Жағымсыз фактордың әсерінен беріліп кетпей, төзімділік реакциясы туады. Мұнда да гипоталмус-гипофиз жүйесінің ықпалымен қандағы катехоламиндер мөлшері тез көбеіп кетеді. Симпатикалық нерв жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы шап-шаңдап, тыныс алу жүйелігі түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді. 3. Әлсіреу кезеңі.Бейімделушілік қорының мүмкіншілігі азайып, барынша таусылады. Жағымсыз фактор аса күшті болып, ұзақ мерзімге созыла берсе бейімделу процесі нашарлап, организмде патологиялық өзгерістер пайда болады.

Пайда болған стресс-реакциялар қала йтежеледі? Бұл жөнінде де кейбір зерттеу қорытындылары белгілі. Гипофиз-адренальді және гипофиз-кортико-адренальді жүйелердің стрессорлық активтіліктері ортылқ және шеткі механизмдер көмегімен тежеледі. Стрессті тежеудің орталық механизмдеріне сүтқоректілердіңбас миында түзілетін ГАМК-тік және пептидтік тежелетін жүйелер жатады. ГАМК-тік тежеуші медиатор мидың қыртыс асты ядроларының неайрондарында синтезделеді. Егер аталған медиаторды гемато-энцефальдық кедергі арқылы миға енгізсе жануарларда ұйқы пайда болатын көрінеді. Осы қасиетіне байланысты ГАМК-тік жүйе қозғанда бөлінетін тежеуші медиатор стресс-реакцияларды тежеп, стрессорлық зақымданудан сақтауы мүмкін деген болжам бар.

Бұлардың басқа энкефалиндер мен эндофиндер сияқты тежеуші пептидтер белгілі. Стресс кезінде бұлар қанға өтіп, мида жинақталады. Бұл – организмнің келесі стреске резистентілігін арттыратын фактор. Бұл медиаторлар гипоталамустық орталықтарының қозуын азайтып, медиатор мен гармондардың қанға қанға өтуін шектейді.

Сонымен, сүтқоректілердің ұзаққа созылатын және күшті стреске бейімделулерін қамтамасыз ететін стресс-тежеуші екі орталық жүйесінң бар екендігін айтуға болады.

Стресс-реакцияны тежеудің шеткі механизмдеріне простагландиндер жатады. Простагландикдер – кателоламиндердің антигонистері және күшті вазодилятаторлар. Осыған байланысты стресс кезінде түзілетін протагландендер катехоламиндердің стрессорлық әсерлерін шектеп, әрекетін әлсіретіп отырады.

Организмнің стрессорлық факторларға бейімделушілікабілетін гармондармен ғана байланысты қарауға болмайды. Бұл процесс аса күрделі тетіктер арқылы да басқарылады және түрлі деңгейде өтеді. Дененің мүшелері мен жүйелерінде жүріп жатқан бейімдеушілік өзгерістерді өзара үйлестіріп, бір арнаға бағыттау – нервтік жәнегуморалылық жолмен іске асырылады. Бұл проблемаға толықырақ көз жеткізу үшін кейбір экстремальлық жағдайлармен танысу қажет.

Спорт және дене еңбегіне бейімделушілік

 

Спорт пен еңбек адамның қозғалыс әрекеті арқылы орындалатын және белгілі бір кезеңдерде организм оған толықтай бейімделеді. Бұл процесс ең алдымен, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған және арнайы гомеостаздық реттеу жүйесі арқылы орындалады. Мұнымен қатар бейімделушілік процестерге әсер етуші факторлардың табиғатына байланыссыз туындайтын жалпылама өзгерістер де тән. Арнайылығы жоқ бейімделушілік реакцияларды Г. Сельс толықтай зерттеген және соның негізінде жалпы бейімделушілік синдром теориясын құрды.

 

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 22367;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.022 сек.