Онтогенез ағзаның жеке дамуы.

1. Кез келген тірі ағза өсіп дамиды. Ағзалардың өсуі дегеніміз оларда байқалатын сандық өзгерістер, яғни олардың денесінің не жекелеген мүшелерінің мөлшерінің, салмағының өсуі. Ал, даму дегеніміз ағза денесінде не оның мүшелерінде байқалатын кері қайтпайтын сапалық өзгерістер болып табылады. Ағзалардың өсуі мен дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан, бірінсіз-бірі болмайтын күрделі физиологиялық кұбылыс-тар болып саналады. Олардың екеуі де генетикалық, гуморальдық және жүйкелік механизмдер арқылы реттелініп отырады.

Даму құбылысын, әдетте, екі түрлі мағынада түсінеді: 1) ағзалардың жеке дамуы - онтогенезі 2) ағза топтарының, яғни систематикалық топтардың немесе ағзаның мүшелері мен мүшелер жүйесінің тарихи дамуы -- филогенез.

Онтогенез түрлері. Онтогенез — (грекше ontos - тіршілік,genesis — даму) тірі даралардың жеке дамуы. яғни зиготадан бастап адам дүние салғанға (өлгенге) дейінгі уақыттар аралығында байқалатын күрделі өзгерістер жиынтығы болып табылады. Онтогенез терминін алғаш рет 1866 жылы Э. Геккель енгізген болатын.

Әр түрлі ағзалардың онтогенезі түрліше жолдармен жүреді. Осыған орай, оның екі түрін ажыратады: 1) тура даму; 2) тура емес (турленіп) даму.

Тура даму дегеніміз жұмыртқадан не ұрық қабығынан барлық мүшелері қалыптасқан, ересек өкілдеріне өте ұқсас, тек олардан дене пропорциялары арқылы ғана ерекшеленетін және өз бетінше дербес тіршілік ете алатын ұрпақтардың дүниеге келуін айтамыз. Даралардың тура дамуы ана денесінен тыс жағдайларда (мысалы, жұмыртқаларда - құстар, жорғалаушылар) не тікелей ана ағзасында (мысалы, жатырда - сүтқоректілер) жүруі мүмкін.

Түрленіп даму (метаморфоз) деп жұмыртқадан ересек формаларына мүлдем ұқсамайтын аралық формалардың (дернәсілдер, қуыршақ т.с.с.) пайда болуы арқылы дамуды айтамыз. Оның екі түрі белгілі: 1) толық түрленіп даму — жұмыртқадан бір немесе бірнеше формалы дернәсілдер, содан кейін қуыршақ, ересек дара — имаго дамып жетіледі (бунақденелілерде); 2) шала түрленіп даму — бүл жағдайда жұмыртқадан — дернәсіл, ал одан ересек дара дамып жетіледі (бунақденелілер).

Жоғарыда сипатталған онтогенез түрлері ұрықтану нәтижесінде жүзеге асады. Кейде даралардың дамуы ұрықтанбай-ақ жұмыртқа жасушасының ядросының, не сперматозоид ядросының бөлінуі нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін (жалпақ құрттар, бунақденелілер). Дамудың бұндай жолын, яғни даралардың ұрықтанбай дамуын, — партеногенез(гр.рагthenos — қыз; genesis — даму) деп атайды. Партеногенез жыныстық көбеюдің ерекше түрі болып табылады. Мұндай жолмен көбейетін даралар ұрпақтары гаплоидты (п), дара жынысты болып келеді. Партеногенездің екі түрі белгілі: 1) гиногенез - жұмыртқа жасушасына сперматозоидтар еніп, бірақ қосылмай оның әрі карай дамуына түрткі болады; 2) андрогенез - жұмыртқа жасушасына енген сперматозоид ядросы жұмыртка жасушасының өліп жойылған ядросын алмастырып жаңа ағзаның дамуын қамтамасыз етеді.








Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 11867;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.