Сұраныс заңы, сұраныс қисығы және сұранысқа әсер ететін факторлар

Нарықтық экономика сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетімен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныс нарықтың ең маңызды элементтері болып табылады.

Сұраныс дегеніміз – белгілі бір тауарға деген төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне қажетті заттар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу қабілеттілігі. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ең негізгісі - баға. Ол – тұтынушылар әр түрлі бағамен сатып алатын өнімдер санын көрсетеді.

Тауар бағасы мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар. Баға жоғарылаған сайын сұраныс төмендейді, және керісінше баға төмен болса тауарға сұраныс артады.

Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті график түрінде көрсетуге болады. Ол сұраныс қисығы (D) деп аталады. Сұраныс қисығы (D) – сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен қанша тауар сатып алғысы келетінін көрсетеді.(1-сызба)

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан, сұраныс тендеуі келесідей түрде беріледі:

Qd = a-b*P

Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b - сұраныстың бағалық емес факторлары.

P

P

       
   

 

 


P2 D1

D2

P D D

Q

Q1 Q2 Q

1- сызба. Сұраныс қисығы 2-сызба. Бағадан тыс факторлардың

әсерінен сұраныс қисығының жылжуы

 

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Олар:

- тұтынушылар табысының өсуі немесе азаюы;

- өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы;

- тұтынушылар талғамы;

- бағаны және тапшылықты күту;

- жарнамаға жұмсалған шығындардың ауытқуы;

- сатып алушылар санының өсуі немесе азаюы.

Бұл факторлар сұранысты өзгертеді және сұраныс қисығын оңға (өскенде) немесе солға (төмендегенде) жылжытады. (2-сызба)

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 12710;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.