Ндіріс факторларының нарығы: еңбек нарығы, капитал нарығы, жер нарығы және ақпарат нарығы

Адамның әр түрлі қажетіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау - өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді. Ол үшін табиғат өнімдері қайта өңделеді. Өндіріс үрдісіне қатысатын және соңғы өнімді (қызметті) жасауға ықпал ететін заттар өндіріс факторы мен өндіріс ресурстары болып табылады.

Ең қарапайым және қолайлысы Марксизм теориясындағыдай өндіріс факторларын адамдық және материалдық - заттай факторларға бөлу болып табылады. Адам факторына әрине, жұмыс күші жатады, олардың білімі тәжірибесі өндірістік дағдылары. Адам өндірістік үрдістің бірден-бір негізгі тұлғасы, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы бо­лып табылады. Басқалары, атап айтканда материалдық-заттай ресурстар көбінесе, өндіріс құралдары деп аталынады, өйткені, олардың көмегімен адамдар өзіне кажетті игіліктерді өндіреді. Адамдардың білімі, тәжірибесі және оларды өндірісте іске асыратын өндіріс құралдарының жиынтығы қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.

Еңбек заты - адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы шешім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен енбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді.

Еңбек нарығы осы еңбек заттары мен еңбек кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады.

Капитал ұғымын әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі түсіндірген. Мысалы, физиократтар капиталға шикізат пен құралдарды, А.Смит еңбекті жатқызған. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес құрылымдар, машиналар, құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалық емес капитал - бұл адам капи­талы, яғни адамның білімі, тәржірибесі, мамандығы, енбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т.б.

Капитал дегеніміз - бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетен авансыланған құн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш болады. Капитал нарығын өнеркәсіптік сауда, қарыз капиталдары құрайды.

Өнеркәсіптік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал.

Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу.

Қарыз капиталы- қайтарымдылығы және пайызды төлеу қағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.

Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады.

Қоғамдық өндірістегі табыстардың құралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланатынын білу керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін үш фактор өзара белгілі бip қатынаста болуы шарт, әpбip факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді. Мысалы, жұмыс күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынады және оларға койылатын бағаға да тәуелді. Екіншіден, өндіріс факторларына сұраныс пен олардың, бaғa дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірістің тауарларға деген сұранысына тәуелді. Мысалы, астық еккен жерге сұраныс, сол астыққа деген сұранысқа байланысты. Белгілі мамандықтағы жұмысшылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылардың өндірстік өнімге деген сұраныспен байланысты.

Өндipic факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күpeci барысында сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты - өндіріс факторларының иелері арасында табыстарды бөлу орын алады.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 3684;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.