Электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктері

Интернет қызмет баптарының ішіндегі маңыздыларының бірі
электрондық пошта (e-mail) қызметі болып табылады. Күннен күнге ол бұрынғы қағаз арқылы атқарылатын байланысты ығыстырып, бір-бірінен қашықта- әр түрлі қалаларда тұратын адамдар арасында мәлімет алмасудың негізгі түріне айналып келеді.

Сіздің жіберген электрондық хатыңыз бірнеше минут (кейде секунд) өтпей-ақ, басқа қаладағы ғана емес, басқа құрылықтағы керекті адреске жылдам жеткізіледі. Хатпен бірге фотография, сурет, схема, саздар, бейнефильмдер жазылған файлдарды жіберуге болады. Үйде орындаған жұмыстарыңызды да, кеңсеңізге дискетке көшіріп алып бармай-ақ, осы пошта арқылы жылдам жіберу мүмкіндігі бар.

Электрондық поштамен жұмысты бастау үшін көп нәрсе қажет емес- компьютеріңізде электрондық хабарламалармен жұмыс істейтін программа мен өз пошта жәшігіңіз болса жеткілікті. Пошта жәшігін провайдер (Интернет қызметін көрсетуші) арқылы немесе тегін веб-пошта серверлерінің бірінде ашуға болады. Ал кең тараған пошта программаларының негізгілерінің бірі- Windows жүйесі құрамындағы Outlook Express программасы. Оны іске қосу үшін Іске қосу менюінің Барлык программалар тізімі ішіндегі Microsoft Outlook жолын таңдау қажет. Оны пайдалану қиын емес, алдымен хат мәтінін Word редакторындағыдай түрде теріп, сонан соң Жөнелту (Отправить) батырмасын шерту керек .

 

 

 

Қабылдап алушы – хатты қабылдап алатын адамның электрондық мекен жайы (мысалы, ту_е-mаі1@mаі1.кz).

Тақырып - хаттың тақырыбы (мысалы, Поштаны тексеру).

Көшірме, Жасырын көшірме – жіберілетін хаттың көшірмелерін қабылдап алушылардың электрондык мекен-жайлары.

Терезенің ең төменгі жағында орналасқан өріс хат мәтінін енгізуге арналған.

Жөнелту батырмасы хатты жөнелту әмірін орындау үшін қолданылады.

Барлық қажетті өрістерді толтырып, Жөнелту батырмасын басқаннан кейін хаттың жөнелтілгені туралы ағылшын тіліндегі хабарламаны қамтитын қызмет терезесі пайда болады. Жасыл түсті жазба хаттың сәтті жөнелтілгенін, ал қызыл түс – жөнелтілмегенін білдіреді.

Осы әрекеттерді аяқтағаннан кейін қанша хат келгені және олардың қаншасы оқылмағаны жөнінде акпарат шығатын терезе пайда болады .

 

 

Хаттар тізіміне өту үшін «inbох » әмірін шертеміз.

Бағандардың мәндерін қарап шығайық.

Status: хаттың оқылған-оқылмағанын көрсетеді (жабық хатқалта белгішесі - хат әлі оқылған жоқ).

From: өз пошта жәшігін тіркеу кезінде енгізген автордың қолтаңбасы («Шынайы аты» өрісі).

Subject: хаттың тақырыбы.

Бұдан кейін хаттың көлемі және хатты қабылдап алған күн-айы мен уақыты көрсетіледі.

Хаттың мазмұнына көшу хатты жөнелтушіні - From бағанын шертеміз.

Хаттардың барлығын оқып болғаннан кейін Шығу батырмасын басып, жәшіктен шығамыз.

Электронды поштамен жұмыс істеп болғаннан кейін Іnternet желісін ажыратып қойыңыз.

Электрондық адрес құрамы

Барлық электрондық адрестер бір заңдылыкден құрастырылады: адам_аты@компъютер_аты. Мұндағы @ ("әт" деп оқылады, бірақ көбінесе күшік белгісі немесе айқүлақ деп айтылады) символының сол жағындағы сөз пошта жәшігінің иесінің атын білдірсе, оның оң жағындағы сөз — пошта жәшігі орналасқан компьютер атын ( үйдегі компьютер емес, пошта сервері) көрсетеді. Пошта келіп түсетін сервер аты бірнеше сөзден құрастырылуы мүмкін, мысалы:

azatuli®firmasy.almaty.kz

1 2 3 4

1 — пошта жәшігі иесінің аты,

2 — пошта жәшігін берген үйымның аты,

3 — мекеме орналасқан аймақ аты,

4 — мекеме орналасқан мемлекет аты, Казақстан- kz, Ресей — ru, АҚШ — us, т.с.с.

Пошта жәшігі

Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін, өз компьютеріңізде орналасқан пошта программасын пайдалану міндетті емес. Пошта жәшігін Интернетте отырып-ақ ашып көруге болады және оны кез келген қаладағы Бүкіләлемдік желіге қосылған кез келген компьютерден орындай аласыз. Тегін пошта жәшігін көптеген интернет-порталдарда ашуға болады, мысалы, www.mail.ru, www.rambler.ru, www.hotbox.ru, т.б. Осы сайттардың алғашқы бетінде Адрес алу, Тіркелу (Регистрация), Жаңа тұтынушы деген сілтемелерді (түйінді сөзді) тауып алып, соларды шерту арқылы шағын тіркелу анкетасын толтырып, өзіңізге латын әріптерімен ат (логин) тандап алып, пошта жәшігіңізді қарауға рұқсат ететін жасырын құпиясөзді (пароль) көрсету керек. Мұнан кейін кез келген уақытта кез келген компьютерден пошта жәшігіңізді атыңыз бен қүпиясөзіңізді енгізу арқылы көріп шығуыңызға немесе басқаларға хат жолдауыңызға толық мүмкіндік беріледі.

Тіркелу кезінде өзіңізге таңдап алатын ат сіз жіберетін барлық хаттарға тіркелетін болғандықтан, оның құрамы өз фамилияңыз бен атыңызды толық қамтығаны дұрыс болып табылады. Ал оны енгізу тілін, алфавитін таңдау кезінде латын әріптері мен цифрларды, астын сызу белгісін пайдаланған дұрыс, өйткені кириллицаны пайдалансақ, шет елдермен мәлімет алмасу кезінде қиындықтар туындайды. Жалпы компьютер программалары ағылшын тілін негізге алғандықтан, латын әріптерін пайдаланып, ағылшын тілінің хат-хабарға, компьютерге байланысты терминдерін білу керек екендігін айтқан артық болмас деп ойлаймыз. Оған қоса, біздің еліміз де болашақта Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттері сияқты түрік мемлекеттері пайдаланып келе жатқан латын алфавитініне көшетіні белгілі болып отыр.

Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері

Электронды пошта - жылдам байланыс жасау кұралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.

Е-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде жауап қайтарылуын талап етеді. Егер бір тәулік ішінде хатты өндеп үлгермесеңіз: «Рахмет, хатыңызды алдым, сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын» деп жазыңыз.

Хабарламаңызға әрдайым тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы - тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз; ал ең дұрысы - жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 9380;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.