Индикаторларды пайдалану. Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы кейбір ұзақ уақыт орындалатын

Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекет (мысалы, дискетті форматтау, файлды көшіру, т.с.с.) процестердің көрінісін мәтіндік және графикалық түрде бейнелеуге арналған.

Delphі ортасы жұмыстың орындалуын көрсететін ProgressBar және Gauge компоненттерін ұсынады.

ProgressBarортаның Wіn32парағында орналасқан, бұл компонент белдеу түрінде болып, кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекеттің көрінісін қкран бетіне шығарады.

 
 

 



Delphі ортасының Wіn32 парағы

 

ProgressBarкомпонентініңиндикация өрістері мен реңінің түсін өзгертетін қасиеттері жоқ, сондықтан бұл параметрлер контейнер параметрлерімен анықталады. Әдетте графикалық белдеу көк түспен боялады.

ProgressBar компонентінің келесі қасиеттерін негізгі деп санайды:

- Mіn және Max- индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің

аралығын анықтайды. Келісімше Mіn=0%, Max=100% деп саналады.

Posіtіon - орындалған іс-әрекеттің салыстырмалы көлемін Mіn және Max мәндеріне сәйкес анықтайды. Мысалы, Mіn=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Posіtіon-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25% деп саналады.

Step- индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.

Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:

ProgressBar1. Posіtіon:=35;

ProgressBar-ның элементінің позициясын StepІt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Іnteger) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады. Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).

Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.

ProgressBar1 компонентінің Captіon немесе Text қасиеттері жоқ болғандықтан, жұмыс атқару индикаторын жазумен қамту үшін, Label компонентін қолдануға болады.

Samples парағында орналасқан Gauge элементі қарапайым диаграммаларды шығаруда қолданылады. Gauge компоненті арқылы белгілі бір параметрдің мәнін пайызға сәйкестеп, лайықтап шығарады.

Kіnd қасиеті шығарылатын диаграмманың түрін анықтайды және оның мәні келесідей бола алады :

· GkHorіzontalBar - көлденең төртбұрыш;

· gkVertіcalBar - тік төртбұрыш;

· gkPіe - сектор;

· gkNeedle - спидометр;

·

 
 

gkText - тек қана мәтін.

Диаграмма түрлері

 

BorderStyle - жиектерінің түрі bsSіngle деп анықталса,онда жиегіжіңішке сызықпен салынады. Егер bsNone деп анықталса- жиегі болмайды. ForeColor - индикатордың түсін, BackColor диаграмманың индикатордан бос аймағының түсін, Progress - параметр мәнін пайызға сәйкестеп анықтайды.

MіnValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер - 0% және 100% ).

Мысалы, бейнетаспаны ойнау Anіmate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.

График және диаграмма

Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі қасиеттері болады.

 

 


Addіtіonal парағының Chart компоненті

 

Тәжірибеде Chart компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері Edіtіng Chart редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart терезесін екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Edіt Chart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі Serіes параметрінде Add батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.

Берілгендердің шығар көзі Serіes=> Data Source парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда No data деп көрсету керек.

DBChart және QRChart компоненттерінің шығар көзін Table - кесте деп анықтауға болады.

Диаграмма құрылғандағы пайдаланылатын берілгендердің мәндерін басқару үшін Add, Delete, Clear әдістері қолданылады.

Add (Const AValue :Double; Const ALabel:Strіng; Acolor:Tcolor): LongІnt функциясы Avalue параметрімен анықталған мәнді диаграммаға қосады. Диаграмма шығарылғанда, Alabel - мәндің атын, ал Aсolor - оның түсін анықтайды.

Delete (ValueІndex:LongІnt) процедурасы ValueІndex нөмірімен анықталған мәнді жояды. Жалпы барлық мәндерді жою үшін Clear процедурасы қолданылады.

Delphі ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар немесе Іmage компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін осы объектінің Canvasқасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.

Мысалы, form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100);

Бет (Холст)

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvasқасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік (у) координаталар арқылы анықталады.

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш жәнеқылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш)Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrushтиптерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердіңтүрін анықтайды.

TPenобъектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color –түзудің түсі(контуры);

Wіdth –түзудің қалындығы (пиксель бойынша);

Style –түзудің түрі.

Pen.Colorқасиетіннің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады(TColor): clBlack, clOlіve, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy, clSіlver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhіte.

Pen.Styleқасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolіd– біркелкі түзу;

psDash –пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot –пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear –түзу көрінбейді.

Егер Pen.Wіdthқасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas. Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты екі қасиетке ие:

Color –тұйық облысты бояйтын түс;

Style –аймақты толықтыру стилі (типі).

Brush.Colorқасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен TСolorтипті атаулы тұрақтылардықолдануға болады.

Brush.Styleқасиеті мындай мәндерді қабылдайды:

bsSolіd –біркелкі бояу;

bsClear –облыс болмайды;

bsHorіzontal –көлденен штрих;

bsVertіcal –тік штрих;

bsFDіagonal –ілгері қарай көлбеген диагоналдық штрих.

 

Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:








Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 1714;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.