Леуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқғы қағидаларының түсінігі және олардың түрлеріi.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының мазмұны.
Бүкіл құқық жүйесінің, соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру құкығының тірегі болып құқықтың аса мәнді белгілерін көрсететін құқық қағидалары табылады.
В. Дальдың түсіндірме сөздігінде «қағида» түсінігіне келесідей анықтама берілген: «мұны орындамауға болмайтын ғылыми немесе өнегелік бастам, негіздеме, ереже, негіз».* (Даль В. Толковый словарь русского языка - М., 1980,-т.З - С.431). Орыс тілінiнің өзге түсіндірме сөздіктерінде «қағида» сөзі былай анықталады: «Бүған басқалар негізделетін негізгі бастама», «Сенім, көзқарас, жүріс-тұрыс ережесі» * (Толковый словарь русского языка / Под ред. Д.Н.Ушакова.- М.: 1939.-Т.З - С.827), «Қандай да бір теорияның, ілімнің, ғылымның және т.б. негізгі бастапқы ережесі», «Сенім, заттарға қатысты көзкарас»* (Ожегов С.И. Словарь русского языка.- М.: 1984.- С.528).
Теорияда құкық қағидалары ретінде құқтың мәнін және мазмұнын, оның ішкі құрылымы мен дамуын сипаттайтын негізгі идеялар, жетекші бастамалар түсініледі.
Әрекет ету саласы бойынша құқық қағидаларын былай бөлуге болады:
- құқық салаларының барлығына тән жалпы құқықтық қағидалар;
- кейбір салалардың ортақ сипатын көрстетін салааралық қағидалар;
- нақты бір саланың ерекшелігін сипаттайтын салалық қағидалар;
саланың жекелеген институттарына қатысты сала ішілік қағидалар. Жалпы құқықтық қағидаларға мынадай қағидалар жатады: адамның құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады; адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау - мемлекеттің міндеті; адамның қүқықтары мен бостандықтарының танылуы мен кепілденуі; адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары әркімге туғаннан тиесілі болуы және ажырамайтындығы; барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;ер адам мен әйел адамның теңдігі және құқықтарының жүзеге асырудың теңдей мүмкіндіктері; әркімнің өмір сүруге құқығы; әркімнің құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғануының кепілденуі;
Әлеуметтік қамсыздандыруда бұл қағида тек еңбекпен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да (мысалы, жетім балалар, мүгедектер, жұмыс істемеген қартаң адамдар әлеуметтік зейнетақы алуға құқылы) зейнетақы алу құқығына ие болатынынан көрініс табады.
Сонымен қатар, жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, соған қоса, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иеленетіндігінен көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың қол жететіндік қағидасы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген түрлерін тағайындау, беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан өз көрінісін табады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіл жүйесі адамға - әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейлінше жақындау үшін құрылған. Әдетте, қамсыздандыру тұлғаның жұмыс, оку, қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша жүзегå асырылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген түрлері тікелей үйде де жүзеге асырылуы мүмкін. Оларға әлеуметтік қызмет көрсету, медициналық көмек, зейнетақыларды үйге әкеліп беру және т.б. жатады.
Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы және көптүрлілігі. Бұл қағида мемлекеттің өз азаматтарына олар қажет ететін кез келген жағдайларда көмек көрсететінін білдіреді. Бұл кағиданың мазмұны қоғамның дамуына қарай тұрақты түрде өзгеріп тұрады. Егер алғашқыда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтың туындау негіздері тек еңбекке қабілетін жоғалтуды, кәрілікті және жесірлікті қамтыса, кейінірек әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне және өркениетгің дамуына қарай бұл тізім әлдеқайда кеңейе түсті. Әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын бекіткен Адам құқықтарының жалпы декларациясы (1948 ж.) мұндай негіздерге тек кәрілікті, еңбекке қабілетін жоғалтуды, жесірлікті ғана емес, сонымен қатар жұмыссыздықта да және адам өзіне тәуелсіз жағдайларда өмір сүру көзін жоғалтып алған кездерді де жатқызады. Соған қоса, Декларация әлеуметтік қамсыздандыру үшін дербес негіз ретінде ана болу меí балалықты да жаткызады. Қазақстан Республикасы мұндай жағдайлардың қатарына келесі негіздерді жаткызады: кәрілік, мүгедектік, еңбекке уакытша жарамсыздык, асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық, бала туу, адамның өлімі, медициналық көмекті және емделуді, ем-дәрілік көмекті, протездікортопедтік көмекті, көлік кұралын немесе жүріп-тұру құралын қажет ету, еңбек жарақаты және кәсіби науқас, кедейлік, балаларды отбасында тәрбиелеу, ана болу және әке болу. Соңғы кездері әлеумегтік қамыздандыруға негіз болып табылатын жаңа жағдайлар да пайда болды – экологиялық тұрғыдан қоëайсыз жағдайларда өмір сүру, Чернобыльдағы құтқару жұмыстарына қатысу, интернационалдық борышты өтеу, иммундық тапшылық вирусын жұқтыру және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандыру íегіздерінің көптігімен оның түрлерінің көптігі тығыз байланысты ол азаматтарға әлеуметтік қамсыздандыруды ақшалай (зейнетақылар, жәрдемакылар, өтемакылар) және заттай нысанда (азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, жүріп-тұру құралдары, мүгедектер, балалар үшін техникалық құралдар және т.б.) белгілеуден және іс жүзінде беруден, жеңілдіктер (көлік құралдарында, санаторийлық кóрорттық емделуге қатысты және т.б.) ұсынудан көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандыру ел экономикасының қалыптасқан деңгейіне сәйкес мөлшерде беріледі. ҚР Конституциясы адамды, оның құкықтарын және бостандықтарын ең жоғарғы кұндылык ретінде таниды.
Мемлекетте адамды жақсы деңгейде қамсыздандыру көп жағдайда ел экономикасының даму деңгейіне тәуелді болып келеді. Мемлекет өз азаматтарына өзінде бардан артықты бере алмайды. Сол себепті, мемлекеттің өз азаматтарына кепілдей алатын қамсыздандырудың қандай да бір нормаларына бекіту қажет.
Қазіргі кезде әлеуметгік қамсыздандырудың стандарты ретінде өмір сүру деңгейінін төменгі мөлшері алынған. Қазақстан Республикасының «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңына сәйкес өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері жалақынын мөлшерін және жасына байланысты зейнетақының ең төменгі мөлшерін, сонымен қатар жәрдемакылар мен өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін негіз болып табылады.
Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері ретінде бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс түсініледі.
Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшерін еңбек және халықты әлеуметтік корғау жөніндегі уәкілетті орган және статистика жөніндегі уәкілетті орган ең төменгі тұтынушылық қажеттіктер тұрғысынан есептейді. Бұлайша есептеу азық-түлікті тұтынуды» ғылыми негізделген физиологиялык нормалары бойынша жүргізіледі және тоқсан сайын республика бойынша және аумақтар бойынша орташа алғанда мыналарға сәйкес есептеледі:
1)әрбір адамға;
2) халықтың жыныстық-жастық топтары бойынша. Ең төменгі тұтынушылық кәрзеңкесі мыналардан тұрады:
1)азық-түлік кәрзеңкесінен;
2)азық-түліктен басқа тауарлармен қызметтерге арналған шығындардан.
Әлеуметтік қамсыздандыру осы мақсаттар үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде (яғни, 2045 жылға дейін) әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік қаражат есебінен де, арнайы қаражат - мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаржысы есебінен де, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықтың қосымша нысандарын жасау есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік қаржысы екі деңгейдегі бюджет қаржысы есебінен қалыптасады. Әлеуметтік қамсыздандырудың көптеген түрлері қоғам мүшесі ретіндегі адамға оның еңбек қызметіне бар-жоқтығына қарамастан беріледі. Сол себепті, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру бюджеттен қаржыландырылады - әлеуметтік зейнетақылар, балаларға берілетін жәрдемакылар, әлеуметгік қызмет көрсету мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың мемлекеттік емес қайнар көздеріне Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес мемлекеттікемес жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысы жатады.
4-Тақырып Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3218;