Леуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне, соның ішінде тамақтануға, киінуге, тұрғын үйге, медициналық күтімге, оның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен жақсы өмір сүруі үшін қажет әлеуметтік қызмет көрсетуге және жұмыссыздық ,ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтарын бекітті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын бекіте отырып, бұл ережелерді одан әрі дамытты.
Қазақстан Республикасы да осы халықаралық-құқықтыұ нормаларды өз заңдарында бекітіп әрі дамыта отырып, өз мойнына оларды орынудауға қатысты мiндеттемелерді алды.
Әлеуметтік қамсыздандыруының құқығы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында бекітілген, бұл Конституция Қазақстан Республикасының саясаты адамның еркін дамуын және жақсы өмірін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Бүл ереженің одан әрі нақтылануы Қазақстан Республикасы Конституцияның 28-бабында көрініс тапқа, оған сәйкес әрбір азаматқа жалақының ең төменгі мөлшері және жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де негіздер бойынша зейнетақы кепілденеді. Заңдарда мемлекеттік зейнетақылар және әлеуметтік жәрдемақылар белгіленген. Ерікті әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік қамсыздан-дырудың қосымша нысандарын жасауға және қайырымдылыққа жол беріледі.
Әркімнің әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тани отырып, ҚР Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды жүктейді.
ҚР Конституциясының 28-бабының 1-тармағында туындауы әлеуметтік қамсыздандыру үшін негізгі болып табылатын жағдайлар аталған.
Бұл адам өмірінің жасымен (жастық, кәрілік), денсаулық жағдайымен немесе еңбекке қабілетімен (ауру, мүгедектік), отбасы міндеттерін орындауымен немесе орындай алмауымен байланысты белгілі бір кезендері болуы мүмкін. Аталған тізім осымен шектелмейді, себебі әлеуметтік қамсыздандыру заңдарда көзделген өзге жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы, жұмыссыз мәртебесін иелену, жүктілігіне және босануына, баланы күтуге байланысты еңбек демалысында болу және т.б.
ҚР Конституциясының 28-бабында әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай нысаны - мемлекеттік зейнетақылар және әлеуметтік жәрдемакылар туралы айтылған. Ақшалай төлемдерге қоса, әлеуметтік қамсыздандыру заттай нысандарда да жүзеге асырылуы мүмкін: қарттар және мүгедектер үшін үй-интернаттарға, балалар үйіне орналастыру, үйде әлеуметтік көмек көрсету және т.б.
Әлеуметтік қорғау – бұл жынысына қарамастан адамның әлеуметтік, экономикалық. саяси және өзге де құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.
ТАҚЫРЫП
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2432;