Леуметтік қамсыздандырудың түрлері

ТАҚЫРЫП ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

1.Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі.

2.Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері.

3.Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары.

4.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.

5.Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру.

 

Леуметтік қамсыздандырудың түсінігі.

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық - адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық1948жылғы Адам құқықтырының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11 -бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген.

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздан-дырылуына кепілдік беріледі.

«Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігін әртүрлі мағынада қолдануға болады.

Біріншіден, әлеуметгік қамсыздандыру ретінде әкімшілік-биліктік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі».

Екіншіден – бұл мемлекеттің функциясы.

Үшіншіден, азаматтарды қартаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке қабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысты материалдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде.

Төртіншіден, құқық саласы ретінде.

Бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде.

Біздің ойымызша, әлеуметтік қамсыздандыру – бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық игіліктер қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді. Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет әлеуметтік мәнге ие деп таныған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудің қайнар көзі ретіндегі жоғалған жалақыны өтеуге бағытталған, мемлекет қалыптастыратын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі ретінде де анықтауға болады.

 

леуметтік қамсыздандырудың түрлері

Ақша құралдарының қайнар көзіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрелерде жүзеге асырылуы мүмкін:

- ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар,өтемақылар, материалдық көмек және т.б.);

- заттай көмек (дәрі-дәрмек,азық-түлік,мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);

- қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.);

- мүгедектердің емделуіне, сауығуымен және денсаулығына жақсартуымен (стационарда, үйден қатынап емделу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда,) емдеу орнына баруымен және қайтуымен байланысты қосымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту (қайта дайындықтан өткізу);

- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай емес түрлері.

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 4231;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.