ЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі туралы айтпастан бұрын, құықық саласының жүйесі, ғылым жүйесі, оқу пәнінің жүйесі, заңдар жүйесі сияқты әртүрлі түсініктерді айқын ажыратып алған жөн.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез - келген құқық саласы сияқты, өзін құрайтын белгілі бір заңдылықтарға және әлементтерге негізделінгенген өз жүйесіне ие.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез - келген құқық саласы сияқты, қоғамдық катынастардың белгілі бір тобын реттейтін кұқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл кұқықтық нормалар өзара белгілі бір байланыста болады және түрлі институттарды құрайды. Сол себепті, әлеуметтік камсыздандыру құқығының жүйесі - бұл белгілі бір, ғылыми негізделген кезектілікте орналасқан, объективті түрде өзара байланыста болатын құықтық институттар мен нормалардың жиынтығы. Бұл жүйенің элементтері болып мыналар табылады: құқық нормасы, институтішілік құрылым, институт, кешенді институт, салашық.
Құқық нормалары жүйенің бастапқы кұрамдас бөліктері болып табылады, өзіндік ішкі құрылымға ие және мынадай үш элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Гипотеза осы норманың қандай кездерде әрекет ететінін білдіретін жағдайлардың тізімінен тұрады. Диспозиция жүріс-тұрыс ережелерінің мәні мен мазмұнын көрсетеді. Санкция осы құқықтық норманың талаптарын орындау (немесе орындамау) кезіндегі қолайлы немесе колайсыз салдарды көрсетеді.
Құқық нормалары пәндік белгісі бойынша бірігеді жэне институттарды, институтішілік кұрылымдарды және кешенді институттарды құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығынын негізгі институттары болып мыналар табылады: еңбек стажы, зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер, өтемақылар, әлеуметтік қызмет көрсету. Аталған институттар кұкықтық нормалардың аса ірі бірлесулері болып табылады және, өз кезегінде, әлдеқайда ұсақ құрылымдық бірліктерге институтішілік кұрылымдарға бөлінеді. Мысалы, жәрдемақылар институты өз ішінде келесі құрылымдардан тұрады: балалары бар тұлғаларға берілетін жәрдемақылар, еңбекке уакытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы, жерлеуге байланысты берілетін жәрдемақы және т.б. Зейнетақы институты жасына байланысты зейнетақы, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы, әлеуметгік зейнетақылар және т.б. сияқты құрылымдардан тұрады.
Әлеументік қамсыздандыру құқығының кейбір институттары кешенді сипатқа ие, себебі олар әртүрлі құқық салаларының нормаларын біріктіреді. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының кешенді институтгарының қатарына зейнетақылар институты жатады, себебі олар мыналардан түрады: каржылық құқыққа жататын нормалардан (зейнетақыларды төлеу мақсатында құрылатын тиісті зейнетақы қорларын калыптастыруға катысты қатынастарды реттейді); әлеуметтік қамсыздандыруға жататын нормалардан (қартайғанда, асыраушысынан айырылғанда, мүгедектік жағдайында және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда халықты материалдық қамсыздандыруға қатысты қатынастарды реттейді); әкімшілік құқыққа жататын нормалардан (зейнетақымен қамсыздандыруды басқаруға және ұйымдастыруға қатысты қатынастарды реттейді); азаматтық құкыққа жататын нормалардан (мемлекеттік емес зейнетақы қорларының шарттарын жасасу және орындауға катысты катынастарды реттейді).
Мұндай кешенді институттардың болуы құқық саласының құрылымына тек институттар мен институтішілік құрылымдар ғана емес, сонымен қатар, салашық сияқты құқықтық нормалардың ірі бірлесулері де кіреді. Нақты айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында зейнетақылық құқық сияқты салашық бөліп қарастырады.
Зейнетақымен камсыздандыру кұқығы ғылымының жүйесі - бұл элеуметтік қамсыздандыру саласына кіретін қоғамдық құбылыстардың кешені туралы ғылыми білімдердің, көзқарастардың және ойлардың жүйесі. Ең алдымен, ғылым құқық саласының өзін құқық жүйесі ретінде зерттейді. Екіншіден, ғылым осы саланың туындау тарихи және даму алғышарттарын зерттейді. Үшіншіден, халықаралық құқықтық нормаларға ғылыми талдау жасау Қазақстан Республикасы немесе КСРО ратификациялаған не ратификацияламаған халықаралық конвенцияларда, пактілерде, шарттарда, келісімдерде бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халықаралық стандартардың деңгейі туралы түсінік калыптастыруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, ғылым басқа елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қалыптасу және дамуының
жалпы заңдылықтары мен бағыттарын және бұл мемлекеттердегі әлеуметтік қамсыздандыруға катысты қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін зерттейді. Бесіншіден, объективтік, шынайы тұжырымдар ретіндегі ғылыми зерттеу нәтижелері әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы және өзге салалардағы құқықтық ережелердің мазмұнын анықтауға бағытталған. Осылай, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы ғылымының пәні осы саланың пәніне қарағанда әлдеқайда кең екені туралы қорытынды жасауға болады.
Басқаша айтар болсақ, «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу курсының жүйесі бұл үш бөліктен (жалпы, ерекше және арнайы) тұратын құқықтык нормалардың ғылыми негізделген түрлері және құрылымы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығынын жалпы бөліміне әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласының пәнін, әдісін және міндеттерін, құқықық нормаларының уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар шеңбері бойынша күшін, әлеуметгік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды, құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздерін, олардың объектілерін, әлеуметтік камсыздандыру кұкығының қағидаларын, жүйесін және қайнар көздеріне сипаттайтын нормалар жатады.
Жалпы бөлім мыналарды көрсететін нормалардан тұрады:
• қағидалар мен міндеттер;
• азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі құқықтары;
• мемлекеттің, зейнетақылық қорлардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеуге қатысты кұзыретін ажырату.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ерекше бөлімі осы құқық саласының келесідей жекелеген институттарын зерттейді: еңбек стажы, зейнетақымен қамсыздандыру, жәрдемақылармен қамсыздандыру, жеңілдіктер, өтемақылар және т.б. Ерекше бөлім азаматтарға әлеуметтік қамсыздандырудың әртүрлі түрлерін ұсынудың жағдайлары мен тәртібін, олардың мөлшерін реттейді. Ерекше бөлімнің нормалары жекелеген институттарды құрайды (мысалы, жасына байланысты зейнетақылар -бір институт, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар -екінші институт және т.б.). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімінің құрылымын келесідей көрсетуге болады (институттар бойынша):
• азаматтарды жасына карай әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтарын корғау және сақтау;
• жасына байланысты зейнетақылар;
• мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
• еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
• әлеуметтік зейнетақылар;
• асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар;
• еңбек зейнетақыларын тағайындаудың, есептеудің және төлеудің тәртібі;
• қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету;
• жұмыссыздығына байланысты жәрдемақылар;
• еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар және т.б.
Оқу курсының арнайы бөлімінде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеудің мәселелері, сонымен қатар шетел мемлекеттерініңхалықты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты заңдары қарастырылады.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3264;