Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

 

Негізгі терминдер: конституциялық құқық, құқық саласы, конституциялық құқықтың пәні, конституциялық құқықтың тәсілі, қоғамдық қатынас, конституциялық құқықтық норма, конституциялық құрылыс, құқықтық мәртебе, мемлекеттік орган

 

Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.

Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.

Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Өзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық өзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.

Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық қоғам-дық қатынастардың нақты бір тобына конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма– бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды.

Конституциялық құқықтық нормалардың мынадай негізгі сипаттарын (нышандарын) көрсетуге болады:

- біріншіден, конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.

- екіншіден, конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).

- үшіншіден, конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.

- төртіншіден, конституциялық құқықтық норма – мәжбүр-лі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшіменқамтамасыз етіледі.

Конституциялық құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктеріболып келесілер табылады:

А) конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады;

В) конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді;

С) қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық норма-ларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;

Д) конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған;

Е) конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық норма-ларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;

И) конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты рет-теушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады;

К) конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.

Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:

1) мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:

- конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

- жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;

- сайлау құқығы мен сайлау жүйесін бекітетін нормалар;

- мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіз-дерін бекітетін нормалар.

2) заңи күші бойынша:

- конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар

- субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулы-ларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Консти-туциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. актілерде көрініс тапқан нормалар. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.

3) әрекет ету аумағы бойынша:

- республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;

- жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.

4) құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:

- өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемле-кеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға ...) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;

- міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бір-лестіктердің, мемлекеттік органдардың ... белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;

- тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.

5) құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталғандық, нақтылық дәрежесіне байланысты:

- императивтік нормалар;

- диспозитивтік нормалар;

Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /35бап/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.

6) құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:

- жалпы - анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;

- материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;

- процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар

Конституциялық құқықтық нормалар конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды рет-тейді. Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқықтық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзге құқықтық қатынастармен ұқсас жалпы белгілері:

- кез келген құқықтық қатынас – бұл құқықтық нормалар-дың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі;

- реттеу нәтижесінде тиісті субъектілер арасында заңи байланыс пайда болады;

- қоғамдық қатынастар арқылы ғана құқық нормалары пайда болады, таратылады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше-ліктері:

1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқық-тың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;

2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;

3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеленеді;

4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)

Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:

1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);

2. объектісі – конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);

3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.

Конституциялық құқықтық қатынастар заңи фактілердің нәтижесінде пайда болады. Заңи фактілер – бұл тиісті қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін, тоқтататын (жоятын) жағдайлар (оқиға мен іс-әрекет).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:

- Конституция;

- Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар

- Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;

- Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;

- Үкіметтің қаулылары;

- ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

- Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

- Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;

- Декларация, регламенттер, ережелер...

ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.

2) Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;

3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;

4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;

6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 6266;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.