Тақырып - 2. ҚР Конституциясы – қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

мақсаты:Конституцияның мәнін, қоғамдағы рөлін түсіндіру, Қазақстан Республикасы конституциясының даму кезеңдерін қарастыру.

 

міндеттері:

- Конституцияның түсінігін және мәнін ашу;

- Конституцияның өзге құқықтық актілерден ерекшеліктерін көрсету, заңи қасиеттерін зерделеу;

- Қазақстанда конституциялық реформалардың жүзеге асы-рылуын қарастыру;

- Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының қабылдану себептерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау;

- Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының мазмұнымен, сондай-ақ соңғы Конституцияға 1998 ж. және 2007 ж. енгізілген өзгертулер мен толықтырулар-мен танысып, оларды ұғыну.

 

Негізгі терминдер:Конституция, конституцияның жоға-рылығы, жоғары заңи күші, базалық мәні, құқықшығармашы-лық, конституцияның функциялары, преамбула, жазылған Консти-туция, жазылмаған Конституция, қатты, жұмсақ Конституция, формальдық және шынайы Конституция, Конституцияның құрылымы, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң

Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылы-сын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемле-кеттің негізгі заңы болып табылады.

Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.

Конституцияның негізгі мәні мынада:

- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегені-міз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заң-нама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәй-кес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық акті-лер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;

- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.

Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:

- ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақ-стан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.

- ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғала-тын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.

- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъек-тілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын рет-тейді, т.б.

- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән.

- күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыру-ларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

- Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конститу-цияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

- Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:

1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;

2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;

3. тікелей қолданылуы.Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.

4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;

5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.

Конституцияның функциялары:

Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Консти-туция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.

Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мем-лекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мем-лекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.

Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық сала-ларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.

Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстана-тын негізгі қағидаларын белгілейді.

Конституцияның негізгі түрлері:

1. Нысаны бойынша: жазылған – мазмұны әріптермен, басқа да белгілермен жазылған мемлекеттің негізгі заңы. Өз кезегінде олар кодификацияланған немесе заңдар жинағы түрінде болуы мүмкін. Жазылмаған – бір құжатқа жинақталмаған, мазмұны жазбашамен қоса ауызша сипаттағы ережелерден де құралған Конституция.

2. Конституцияларды өзгерту және жою әдістеріне қарай: қатты Конституция – ерекше күрделендірілген тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция, жұмсақ Конституция – жай заң қабылдау тәртібінде, яғни жеңіл тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция;

3. Қабылдау тәртібі бойынша: 1) октроированная Консти-туция - сыйға тартылған конституция, 2) халықтық Конституция. Оның үш түрі бар: референдумда қабылданған конституция; өкілді органмен (Парламентпен) қабылданған конституция және арнайы құрылған органмен қабылданған конституция (м/ы АҚШ Конституциясы).

4. Мәні бойынша: шынайы – нормалары өмірде жүзеге асатын, шындыққа сай келетін конституция, шынайы емес – шындықпен үйлеспейтін, ережелері тек жазылған күйде ғана қалатын конституция;

5. Әрекет ету мерзімі бойынша: тұрақты - әрекет етуі шек-сіз ұзақ мерзімге есептелген конституция, уақытша - әрекеті нақты мерзімге есетелген конституция, т.б.

Қазақстан Республикасының Конституциясының дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Оның келесідей 3 кезеңін көрсетуге болады:

1) Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990ж) 28 қантар 1993 жылға дейінгі Қазақ ССР Конституциясы кезеңі;

2) 28 қантар 1993 жылдан 30 тамыз 1995 жылға дейінгі ара-лықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы кезеңі;

3) 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ-станның екінші Конституциясы кезеңі.

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — олар тұңғыш рет мем-лекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.

1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;

2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;

3. экономикалық себеп – меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;

4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;

5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау.

1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Консти-туцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституция-ның қабылдану себептері:

1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;

2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;

3. Азаматтық мәселесі;

4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;

5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;

6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;

7. Сот жүйесін реформалау;

8. т.б.

Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда.

Президенттің ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жет-кізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойын-ша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.

2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген тиісінше заң қабыл-данды. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың ешбір бөлімін сырт айналып кеткен жоқ, өзгертулер мен толықтыру-лар Конституцияның барлық бөлімдеріне енгізілді. Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда – Астана конституциялық мәртебеге иеленді, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам және азаматтың құқықтары мен бостандық-тарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті, саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістің құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық Кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейт-ті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтереді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.

Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бір-лестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 10905;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.027 сек.