Тақырып - 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСI
Лекцияның мақсаты:Қазақстан Республикасының саяси жүйесін түсіндіріп, оның элементтерін көрсету
Лекцияның міндеттері:
- саяси жүйенің түсінігін беру, оның элементтерін анықтау;
- саяси плюрализм қағидасының мәнін түсіндіру, оның конституциялық реттелуін қарастыру;
- саяси жүйенің негізгі бір элементі ретінде саяси партияға түсінік беру, оның өзге қоғамдық бірлестіктерден айырмашы-лығын көрсету;
- саяси партияның мемлекет өмірінің қатысуын қарастыру.
Негізгі терминдер:
саяси жүйе, саяси әр-алуандылық, идеологиялық әр-алуан-дылық, саяси партия, мемлекеттік идеология, қоғамдық бірлестік, жарғы, ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық, жариялылық
Саяси жүйені көпшілік ғалымдардың көзқарасына сүйеніп көмегімен халық өзінің мемлекеттік, саяси билігін жүзеге асыра-тын мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Саяси жүйенің негіздері Конституцияның “Жалпы ережелер” бөлімінде бекітілген.
Саяси жүйенің негізгі элементі болып мемлекет табылады. Одан басқа элементтеріне саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ... кіреді.
ҚР Конституциясының 5 бабына қарап елімізде бір идеоло-гияның үстемдігінен бас тартылатындығы бекітілген деп айтуға болады. Себебі, онда Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығы анықталған. Бұл ереже ешбір идеологияның мемлекеттік немесе міндетті идеоло-гия ретінде анықталмайтындығын көрсетеді. Әдетте, мұндай ереженің бекітілуінің себебі болып кеңес заманында марксизм-ленинизм ілімінің мемлекеттік идеология ретінде анықталуы, мемлекеттік идеология бола отырып оның мемлекеттің эконо-микалық, саяси және әлеуметтік негіздерін анықтап отырғаны табылды деп есептеледі. Марксизм-ленинизм идеологиясына сәйкестікте кеңестік социалистік мемлекет құрылды. Мемле-кеттің саяси жүйесінің орталық элементі болып кеңестік Конституцияға сәйкес коммунистік партия танылды. Ол қоғам-ның дамуының басты бағыттарын анықтап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгіледі.
Кеңес өкіметінің құлдырауымен оның қағидаттары да өз-геріп, бірқатары жойылды. Марксизм-ленинизм іліміне негіздел-ген коммунистік партияның бағдарламасы мемлекеттік идеология болудан қалды. 1993 жылғы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қоғамдық бірлестіктердің тең құқылы мүмкін-діктерінің болуына кепілдік бере отырып қоғамдық бірлестік-тердің идеологиясы мемлекеттік идеология орнына жүре алмайтындығын бекітті.
Ал, 1995 жылы қабылданған Конституция жоғарыда атап кеткеніміздей Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығын бекітті.
Идеологиялық әр-алуандылық Қазақстанда түрлі идеология-лық көзқарастар мен ағымдардың өмір сүруі мен әрекет етуіне рұқсат берілетіндігін білдіреді. Бұл түсінік кез келген ағымдар-дың өмір сүруіне рұқсат етпейді. Олардың алдына қойылатын шарт – олар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру идеясын жарияла-мауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік, діни және ұлтаралық араздықты тудырмауы керек.
Саяси әр-алуандылық қоғамда түрлі саяси партиялардың және ұйымдардың әрекет етуі мүмкіндігін білдіреді.
Заңнамаға сәйкес қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдарда партия ұйым-дарын құруға жол берiлмейдi. Саяси партия деп азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азамат-тарының ерiктi бiрлестiгi танылады.
Саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне байланысты заңмен келесідей тиымдар салынады:
- Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ;
- Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекет-тердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне жол берiлмейдi;
- Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемле-кет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағыттал-ған қоғамдық бiрлестiктер (саяси партиялар) құруға және олар-дың қызметiне тыйым салынады;
- Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады;
- Республикада саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi;
- Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мем-лекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
- Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партия-лардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi;
- Саяси партияға ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси пар-тиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжат-тарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiн-деттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
Саяси партиялар келесідей қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді: 1. ерiктiлiк;
2. тең құқықтылық;
3. өзiн-өзi басқару;
4. заңдылық;
5. жариялылық.
Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
Саяси партияға келесілер мүше бола алмайды:
- шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар;
- әскери қызметшiлер;
- ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
- судьялар.
Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшілердің саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығары-лу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.
Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партия-ның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және об-лыстардың, pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады.
Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады.
Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi ҚР Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. “Саяси партиялар туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс.
Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiк-терiнiң) тiзімдерi ҚР-ның заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.
Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;
4) саяси партия мүшелерiнiң саны Заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде оның қызметін тоқтата тұруға негіз болған тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.
Саяси партия:
1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;
2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;
3) соттың шешiмi бойынша таратылады.
Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республи-касының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
Соттың шешiмi бойынша саяси партия мына жағдайларда таратылады:
1) саяси партиялар туралы заңның талаптарын орындамаған жағдайда;
2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған жағ-дайда;
3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда;
4) ҚР заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асыр-ған не қызметiн ҚР заңдарын бiрнеше рет (кемiнде 2 рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайда;
5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған жағдайда;
6) саяси партия ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған жағдайда;
7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған жағдайда;
8) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиал-дары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн ҚР заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған жағдайда;
9) ҚР-ның заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда.
Саяси партияның ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселе-лері неғұрлым кең түрде “Саяси партиялар туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңында реттелген.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3880;