Тақырып - 8. ҚР ПАРЛАМЕНТIНІҢ КОНСТИТУЦИЯ-ЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

мақсаты:Парламенттің билік бөлінісі жүйе-сіндегі алатын орны туралы, парламентаризм институтының қалыптасу тарихы туралы және Парламентте заң актілерін әзір-леу мен қабылдау процесінде кездесетін проблемалар жөнінде студенттердің бойында нақты түсінік қалыптастыру.

 

міндеттері:

- Парламенттің өкілдік және заң шығарушылық сипатын көрсету, Қазақстанда парламент институтының қалыптасу тари-хын анықтау, бір палаталы Жоғарғы Кеңестен қос палаталы Парламентке өтудің қажеттіктерін негіздеу;

- Парламенттің құрылымы мен құрылу тәртібін қарастыру;

- Парламенттің қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарын ашу;

- Парламенттің өкілеттіктерін анықтау;

- Парламент депутатының мәртебесін ашу;

- заң шығару процесінің сатыларын қарастыру.

Негізгі терминдер:Парламент, заң шығармашылық, заң шығару бастамашылығы, депутат, Палата, комитет, бюро, заң шығару процесі, оқылым, кворум, депутаттық бірлестік, фракция, депутаттық топ, парламенттік тыңдау, сессия, өкілеттік, сенімсіздік білдіру, заң

 

1995 жылғы ҚР Конституциясы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің жаңа шеңберін бекітіп, олардың мемлекеттік билік жүйесінде алатын орнын анықтап берді. Ерекше мәртебеге жаңа қос палаталы орган – Парламент ие болды. Ол Кеңес заманындағыдай республиканың қарауына жатқызылған кез-келген мәселені шеше алатын мемлекеттік өкіметтің жоғары органы емес, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияда бекітілген-дей бірден-бір заң шығарушы орган емес, ол заң шығару қыз-метін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретінде бекітілді. ҚР Парламентінің 1993 жылғы үлгідегі Жоғарғы Кеңестен айырмашылығы оның заң шығарушы орган бола оты-ып заңдар шығаруда монополиялық құқықты иеленбейтіндігін-де. Конституцияда қарастырылған жағдайларда заң шығару құқығы Президентке де тән болады.

Біріншіден, ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган. Өкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан өкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақсат-мүд-делері мен еркін бідіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету. Парламенттің халық өкілдігі деп аталуының мәні міне осында. Екіншіден, Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты – заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Ал, басты міндеті (саяси) - өзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызмет ету болып табылады.

1995 жылы қабылданған Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды: Сенат және Мәжіліс.

Парламенттің екі палаталық құрылымының қажеттігі мен артықшылықтары:

- біріншіден, екі палаталық құрылым заң жобасын пала-таларда екі қайтара талқылаудан өткізуді мүмкін ете отырып қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;

- екіншіден, Парламенттің екі палаталы құрылымы жалпы мемлекеттік мүдделер шегінде түрлі аймақтардың өзіндік мүд-делерін ескеруді қамтамасыз етеді;

- үшіншіден, депутаттардың талқылауларға тікелей қатысу-ын кеңейтеді;

- төртіншіден, Парламенттің жүргізетін жұмыстарының кө-лемін арттырады.

Палаталардың құрамы мен құрылу тәртібіне келсек, Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депу-таттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажет-тілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 2007 жылы 21 мамырда ҚР Консти-туциясына енгізілген соңғы өзгертулерге дейін Президент Сенаттың жеті депутатын тағайындайтын әрі Мәжіліс 77 депутаттан тұрды. Алпыс жетi депутат бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланды, ал он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланды. Жаңартылған нұсқадағы 51-ші бап бойынша Мәжіліс бүгінде жүз жеті депутаттан тұрады, оның тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Ал, Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс палатасында депутаттар санының өсуі оның потен-циалын біршама көтереді, ал тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлауы Қазақстан халқы өкілдігін тағы да нығайтып, Ассамблеяның мәртебесін жоғарылатады.

Жаңартылған Конституция саяси партиялардың рөлін көтерді. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау партиялық тізім бойынша жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Mәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Парламенттің өкі-леттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Кезекті сайланған Парла-менттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сес-сиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей ша-қырады. Ал, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Екі палаталық құрылымның бекітілуіне орай Парламенттің қызметінің де екі нысаны анықталған – Палаталардың бірлескен отырысы және бөлек отырыстары. Олай болса, Парламенттiң сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыс-тары түрiнде өткiзiледi. Сессия – бұл Парламенттің өкілеттіктері жүзеге асырылатын оның қызметінің негізгі ұйымдық құқықтық нысаны. Оның екі түрі бар: кезекті және кезектен тыс.

Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыр-күйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап, маусымның соңғы жұмыс күнi бiткенше өткiзiледi. Тиісінше Парламенттің өкілет-тік мерзімі ішінде бес кезекті сессия өткізілуі керек.

Парламенттiң сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн. Палата отырыстары заңды, құқылы болуы үшін кворум қажет етіледі. Кворум – бұл отырысты құқылы деп тану үшін оған тиісті палата депутаттарының белгілі бір санының қатысуы. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары олар-ға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.

Парламент құзыретін өзінің органдарының қызметiнде де жүзеге асырады. Заңнамаға сәйкес ондай органдар бірнешеу. Біріншіден - Парламентiнiң үйлестірушi органдары. Парламент-тiң үйлестiрушi органдары Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжiлiстiң Бюросы болып табылады. Оның құрамына Палаталар төрағаларының орынба-сарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары кiредi. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді. Бюро отырыстарын Палаталардың төрағалары қажетiне қарай ша-қырады. Оның негізгі қызметі - Палаталардың комитеттерi мен комиссияларының жұмысын үйлестiру. Екіншіден – Парламент-тiң жұмыс органдары. Парламенттiң жұмыс органдары Сенат пен Мәжiлiстің тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Палаталардың бiрлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақ-ты комитеттерi заң жобалары жұмысын жүргiзу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн құрылады. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселе-лердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы. Тұрақты комитеттер мен комиссия-лар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Үшіншіден - Парламент жанындағы консультативтік-кеңесші орган-дар. Олар Парламенттің және оның Палаталарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін құрылуы мүмкін. Олардың шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Парламент Палаталары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Парламенттiк тыңдаулар өткiзуi мүмкін. Парламенттiк тыңдау-ларды Палаталар Бюроларының шешiмдерi бойынша Палата-лардың тұрақты комитеттерi өткiзедi әрi олар ашық және жабық нысанда өткiзiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi:

- ҚР заңдары (жай заңдар, конституциялық заңдар және кон-ституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар);

- Парламенттiң қаулылары;

- Палаталардың қаулылары;

- үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актiлер.

Конституцияға сәйкес Парламенттің өкілеттіктерін мынадай түрлерге бөлуге болады:

А) Палаталардың бірлескен отырысында жүзеге асырылатын өкілеттіктер (53 бап);

В) палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжіл-істе, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырылатын өкілеттіктер (54 бап);

С) Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер (55 бап);

Д) Мәжілістің ерекше қарауына жататын мәселелер (56 бап);

Е) Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қаты-суынсыз жүзеге асыратын өкілеттіктер (57 бап).

Парламент жүзеге асыратын негізгі қызмет – заң шығарма-шылығы. Заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:

1. Заң шығару бастамашылығы;

2. Заң жобасын Мәжілісте қарау;

3. Заң жобасын Сенатта қарау;

4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.

Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiсінiң Парла-мент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мә-жiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол Республика Президен-тіне, Парламент депутаттарына және Республика Үкiметiне берiледi.

Жай заңдар әр Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Конституциялық заңдар әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданады. Ал, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.

Республика заңнамасына енгізілген соңғы өзгертулерге сәйкес Парламент тұтастай немесе Мәжіліс жеке таратылуы мүмкін. 19.06.2007 жылы Парламент туралы заңға енгізілген өзгертулерге дейін Республика Президентi мынадай жағдай-ларда Парламентті тарата алатын: 1) Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген; 2) Парламент Премьер-Министрдi тағайын-дауға келiсiм беруден екi мәрте бас тартқан; 3) Парламент Палаталары немесе Парламент пен мемлекеттiк билiктiң басқа тармақтары арасында еңсерiлмейтiн келiспеушiліктер нәтиже-сiнде саяси дағдарыс туындаған жағдайларда. Бүгінде Парла-ментті тарату жағдайлары анықталмаған. Соңғы өзгертулерге сәйкес Парламенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәр-тібіне жаңалық енгізілді, яғни Республика Президенті Парла-мент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.

Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Республика Президентi өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiн бiр жыл өтпейiнше Парламенттi және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4220;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.015 сек.