Тақырып. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Лекцияның мақсаты:тыңдаушыларға конституциялық қадағалау туралы түсінік беру, оның теориясын ашу және Қазақ-стан Республикасында конституциялық қадағалау органының қалыптасуы мен дамуы тарихын, оның қызметін көрсету.

 

Лекцияның міндеттері:

- конституциялық қадағалаудың түсінігін беру, оның міндет-терін, органдарын анықтау, шет елдерде конституциялық қада-ғалау органдарының қалыптасу тарихын қарастыру;

- конституциялық қадағалаудың КСРО-да және Қазақстан Республикасында дамуын қарастыру;

- Конституциялық Кеңестің мәртебесін көрсету, оның құры-лу тәртібін, өкілеттік мерзімін, қызметінің қағидаларын ашу;

- Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерін ашу;

- конституциялық іс жүргізу сатыларын қарастыру;

- Конституциялық Кеңестің шешімдерінің заңи табиғатын және өзгешеліктерін ашу.

Негізгі терминдер:конституциялық қадағалау, конститу-цияның жоғарылығы, квазисоттық орган, ресми түсіндірме беру, сот, ерекше пікір, шешуші дауыс, иммунитет, конституциялық іс жүргізу...

 

Билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы, конститу-цияның жоғарылығы мен сақталуы конституциялық қадағалау институты арқылы қамтамасыз етіледі деуге болады. Консти-туциялық қадағалау – бұл заңдар мен өзге актілердің Конститу-цияға сәйкестігін тексеруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жоғары деңгейде қорғауды, билікті бөлу қағидасын орындауды қамтамасыз ететін демократиялық институт. Басқаша айтқанда, конституциялық қадағалау – бұл әдетте сот органдары немесе арнайы құрылған мемлекеттік орган жүзеге асыратын, заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің Конституция ережелеріне сәйкес келуін бақылау. Конституциялық қадағалау билік бөлінісі мен саяси және идеологиялық әралуандылық орын алған және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін тән институт болып саналады. ҚР Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес конституциялық қадағалауды жүзеге асырады. Конституциялық қадағалау органдарының тағайымы мемлекет пен қоғамның Негізгі заңын қорғауда болып табылады. Конституциялық қада-ғалау органдары конституциялық заңдылық демократияның және оның саяси мәдениетінің табиғи элементі болып табылауына жәрдем жасау үшін құрылған деп айтуға болады. Жалпы алғанда Конституцияны қорғау өзге мемлекеттік органдармен де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ құқықтың басты қайнар көзі ретінде оның жоғарылығын қамтамасыз ету – конституциялық қадағалау органдарының айрықша құзыры болып табылады.

Конституциялық қадағалау доктринасын алғаш рет Джон Маршаллдың басшылығымен АҚШ Жоғары Соты қалыптас-тырып, қолданды. 1803 жылы АҚШ Жоғары Соты “Сот құры-лысы туралы" заңның 13 бөлімін АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп танып, оның қолданылуына тыйым салды. Бұл конс-титуциялық қадағалау жүйесінің өмірде қалыптасуының алғашқы қадамы еді. Осылайша АҚШ Жоғары Соты конституциялық қадағалау органдарын қалыптастыру қажеттігіне бастамашылық жасады.

Конституциялық қадағалаудың жүйесі туралы айтсақ, қазіргі жағдайда конституцияны қорғауды жүзеге асыратын органдар-дың үш үлгісін көрсетуге болады:

біріншісі – конституциялық қадағалауды жалпы юрисдик-циялық соттардың жүзеге асыруы – соңғы инстанциясы Жоғарғы Сот болып табылады;

екіншісі – еуропалық үлгі - арнайы құрылған сот органдары жүзеге асырады (конституциялық соттар);

үшіншісі – сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдар жүзеге асырады (мысалы, ҚР-да Конституциялық Кеңес), бұл органдарды “квазисот” органдары деп те атайды.

Жалпы соттар жүзеге асыратын конституциялық қадағалау негізінен англосаксондық құқық елдерінде тараған – АҚШ, Дания, Австралия, Бразилия т.б. (Ұлыбританияның өзі бұған кірмейді деп есептеледі). Мысалы, АҚШ Конституциясының 1 тарауының 3 бабына сәйкес сот билігі Жоғарғы Сотқа және төменгі соттарға берілген. АҚШ соты қылмыстық немесе аза-маттық істі қарап жатқан кезде кез келген тарап оған процесте қолданылудағы заңның конституциялық еместігі туралы арыз-дануы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі процесс тоқтатылуы немесе кейінгі қалдырылып, басқа мәселе – яғни заңның конституцияға сәйкес еместігі туралы іс басталуы мүмкін.

Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің бірқатарында конс-титуциялық қадағалауды арнайы құрылған Конституциялық соттар жүзеге асырады. Конституциялық соттар сот билігі жүйесіне жатқызылғанымен, өзге соттар секілді қылмыстық және азаматтық істерді қарамайды. Мұндай елдерге Испания, Австрия, Германия, т.б. елдер жатады.

Конституциялық қадағалаудың үшінші үлгісі - бұл сот органдарына кірмейтін арнайы құрылған органдармен жүзеге асырылатын қадағалау. Жоғарыда оларды “квазисот” органдары (конституциялық кеңес...) деп атадық. Мұндай органның клас-сикалық үлгісі болып Франция табылады. Қазақстан Республи-касы да осындай үлгідегі елдердің қатарына жатады. Қазақстанда мұндай орган болып Конституциялық Кеңес табылады. Бұл үлгінің алдыңғы үлгімен ұқсастығы: Конституциялық сот та “квазисот” органы да қылмыстық, азаматтық ... сот істерін қарамайды. Екеуі де тек конституциялық қадағалау функциясын жүзеге асырады. Ал, ерекшелігі, квазисот органдары істі консти-туциялық іс жүргізу тәртібімен қарайды. Ал, конституциялық сот болса істі сотта іс қарау тәртібімен жүргізеді. Ондай істі жүргізуге куәлар, тараптардың өкілдері, БАҚ, өзге мүдделі емес тұлғалар қатысуы мүмкін, сотта іс қарағандай хаттама жаса-лады, т.б.

1995 жылғы Конституция Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңесті құрды. Ол бұрыңғыдай республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы емес, ешбір билік тармағына кірмейтін, мүшелері тәуелсіз қызмет ететін конституциялық қадағалау органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасын және екі мүшесін Республиканың Президентi тағайындайды, қалғандарын екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Консти-туциялық Кеңесті құру тәртібіне 2007 жылы 21 мамырда өзгер-тулер енгізілді. Ол уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің мүшелерін (екі-екіден төртеуін) Сенат пен Мәжіліс емес, олардың төрағалары тағайындап келді. Төрағадан басқа Консти-туциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңеске мүше болу үшін келесідей талап-тар қойылады:

- отыз жасқа толуы;

- Республика аумағында тұруы;

- жоғары заң бiлiмiнің болуы;

- заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы-ның болуы;

- Республика азаматы болуы.

Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолда-нылмайды.

Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен Консти-туциялық Кеңес туралы заңға ғана бағынады. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

Конституциялық Кеңес туралы заңда Конституциялық Кеңес-тің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары анықталған:

1. Конституциялық Кеңестің дербестігі және тәуелсіздігі (1 бап 1)-т.);

2. Конституциялық Кеңестің айрықша құзыреттілігі (1 бап 2)-т.);

3. Конституциялық Кеңес мүшелерінің тәуелсіздігі (11 бап);

4. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi (12 б.);

5. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқық-тарының теңдiгi (13 бап).

Конституцияда Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерінің және оған жолдануға құқылы тұлғалардың шегі анықталған. Конституциялық Кеңес ҚР Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшiбойынша:

1. дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республи-калық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;

2. Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конститу-циясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;

3. Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылар-дың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

4. Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;

5. Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;

6. Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Прези-дентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi;

7. соттардың өтiнiштерi бойынша Республика Конституция-сының 78 бабында белгiленген жағдайда белгілі бір актілердің конституциялығын қарайды.

Конституциялық қадағалау конституциялық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Конституциялық іс жүргізудің бірінші сатысы болып өтініш беру табылады. Конституциялық Кеңеске өтініш беріп жолдануға құқылы субъектілердің қатарына келесілер жатады: Республика Президентi, Сенат Төрағасы, Мәжiлiс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр және Конститу-цияның 78 бабында көрсетілген жағдайда соттар.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасы келiп түскен өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң қарауына енгiзедi, оның отырысы ол келiп түскен күннен бастап үш күн мерзiмде өткiзiледi. Конс-титуциялық Кеңес өтiнiштi тексерiп, егер

1) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса;

2) өтiнiштiң мәнi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпаса;

3) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса және Конституциялық Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса;

4) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса;

5) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса, өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартып, оны қайтарып бередi.

Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқар-тылуы мүмкiн. Конституциялық Кеңес өтінішті қарау нәтижесі бойынша шешімдер шығаруы мүмкін немесе конституциялық iс жүргiзудi тоқтатуы мүмкін. Конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн мынадай реттерде тоқтатылады:

1. субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;

2. конституциялылығы талас тудыратын актiлер күшiн жойса немесе заңдық күшiн жойса;

3. мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса.

Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабыл-дайды. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституция-лық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конститу-циялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Конс-титуциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.

Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

- қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

- қорытындылар;

- жолдаулар.

Конституциялық Кеңестің алғашқы шешімі шығарылғаннан кейін белгілі бір жағдайларда қосымша шешім шығарылуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың өтiнiшi бойынша не шешiмдi орындауға мiндеттi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша, егер:

1) Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса;

2) Конституциялық Кеңестiң шешiмiнде жiберiлген редак-циялық сипаттағы дәлсiздiктер мен қателердi түзету қажет болса, қосымша шешiм қабылдайды.

Қосымша шешiм Конституциялық Кеңестің алғашқы шешi-мiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес өзінің алғашқы ше-шiмiн қайта қарауы мүмкін. Конституциялық Кеңестiң шешiмiн ол өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер Конститу-циялық Кеңес:

1. қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп;

2. шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске бел-гiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылды деп тапса, қайта қарауы мүмкiн.

Заңнамаға сәйкес Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республи-каның барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Бірақ, заңнама бірмезетте Конституциялық Кеңестің шешіміне Президенттің қарсылық білдіруі мүмкіндігін де бекітеді.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4309;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.018 сек.