Тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
мақсаты:студенттерге жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінігі туралы, оның жергілікті өзін-өзі басқарудан өзгешелігі жөнінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, олардың өкілеттіктері мен өзарақатынасы жөнінде білім беру.
міндеттері:
- жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінігі беру, оның жергілікті өзін-өзі басқарудан өзгешелігін көрсету;
- жергілікті мемлекеттік басқарудың конституциялық-құқықтық реттелу жағдайын қарастыру.
- жергілікті өкілді органдар – маслихаттардың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен рөлін қарастыру, олардың құрылу тәртібін, өкілеттіктерін және актілерін қарау.
- жергілікті атқарушы органдар – әкімдер мен әкімият-тардың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен рөлін көрсету, олардың құрылу тәртібін, өкілеттіктерін және акті-лерін, маслихаттармен байланысын қарау
Негізгі терминдер:өкілді орган, жергілікті атқарушы орган, маслихат, маслихат сессиясының төрағасы, маслихат хатшысы, әкім, әкімият, тұрақты комиссия, тексеру комиссиясы, кезекті сессия, кезектен тыс сессия, сенімсіздік вотумы, депутат, шешім, өкім, жергілікті мемлекеттік басқару, әкім аппараты, маслихат аппараты
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару – бұл тиiстi аумақта мем-лекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттің басқарудың құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы, мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Заңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген және олар үшiн негiзгi талаптар мен шектеулер белгiленген. Яғни жергі-лікті мемлекеттік басқару органдары өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Респуб-ликасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Оларға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. Олардың қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымем-лекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негi-зiнде жасырын дауыс беру арқылы тиісінше облыстың (респуб-ликалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Маслихат депутаттарының саны заңмен жеке маслихаттар үшін әртүрлі белгіленген. Мысалы, облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн. Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден бас-талады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясы-ның жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайлан-ған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлау-шыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
Жоғарыда аталғандай маслихаттар жергілікті маңызы бар істерді шешеді және олардың жай-күйі үшін жауапты болып табылады. Оның құзыреті біршама кең болып келеді. Нақты конституциялық өкілеттіктерін қарастырсақ, оларға мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеу-меттiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;
2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есеп-терiн қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселе-лердi шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлет-тiктердi жүзеге асыру.
Маслихаттардың өкілеттіктерінің шегі осы аталғандармен бітпейді. Олардың толық көлемі “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңда реттелген.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәсли-хаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Сессия Мәслихаттың қызметiнiң негiзгi ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Мәслихат сессиясының екі түрі болады:
1. кезекті сессия;
2. кезектен тыс сессия.
Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргi-зедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралады.
Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
Жоғарыда аталғандай мәслихат өз өкілеттігін өзінің орган-дары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутат-тары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарының келесідей түрлерін көрсетеміз:
1. тұрақты комиссиялар;
2. тексеру комиссиясы;
3. уақытша комиссиялар.
Тұрақты комиссиялар Мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне оның өзімен құрылады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депу-таттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссия-лар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi, өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне құрылады. Мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сай-лайды. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкін.
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәс-лихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессия-ларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялар-дың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқық-тарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Мәслихаттың ұйымдастырылуындағы ерекше жағдай – онда басқа органдардағыдай төраға болмайды. Мәслихатта мәслихат төрағасы емес, мәслихат сессиясының төрағасы қызмет етеді. Ол мәслихаттың тұрақты емес, кезеңдік түрде жұмыс істеуіне байланысты деп айтуға болады. Мәслихат сессиясының төра-ғасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Мәслихаттың әрбір кезектi сессиясының төрағасы мәслихат-тың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды және ол өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутат-тардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Маслихатта тұрақты, басқа жұмыстан босатылған негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып мәслихаттың хатшысы табылады. Оны мәслихат сессия-сында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссия-ларында болуға құқығы жоқ. Ол болмаған кезде оның өкiлет-тiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
2007 жылғы 21 мамырдағы конституциялық реформа Мәсли-хаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесіне өзгер-тулер енгізді. Тиісті реформа бойынша Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтататын болды, оған дейін маслихатты тарату Парламент Сенатының құқығы болатын. Сонымен қоса мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқта-тылады.
Мәслихат өкiлеттiгі мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
2) егер жаңадан сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашыл-ған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
4) мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
5) жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекіт-пеумен білдірілген әкімиятпен арада еңсерілмейтін келіспеуші-ліктер болса;
6) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын екі рет бекітпеумен білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келіспеу-шіліктер болса.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын келесі орган – жергілікті атқарушы органдар. “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган (әкi-мият) – бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мем-лекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақ-тың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеу-меттiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олар-дың атқарылуын қамтамасыз ету;
2. коммуналдық меншiктi басқару;
3. жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы орган-дардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселе-лердi шешу;
4. жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республи-калық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары-ның келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайында-лады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан-дық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (село-лық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.
Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.
Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн мәсли-хат шешiмдерiнiң күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
Әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше ҚР Президентi, Үкiметi не жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ олардың күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3970;