Тақырып. ҚР ҮКIМЕТIНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
мақсаты:Үкіметтің билік бөлінісі жүйесіндегі алатын орнын, оның өкілеттіктерінің көлемін және басқа билік органдарымен, Президентпен өзарақатынасын ұғыну.
міндеттері:
- Үкімет ұғымын түсіндіру, оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі, атқару билігі органдары жүйесіндегі орнын көрсету;
- Үкіметтің құрамы мен құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін қарастыру.
- Үкіметтің өкілеттіктерін анықтау;
- Үкіметтің Президентпен, Парламентпен, жергілікті атқару-шы органдармен өзарақатынасын қарастыру;
- Үкіметтің актілерінің табиғаты мен сипатын көрсету.
Негізгі терминдер:Үкімет, атқару билігі, премьер-министр, министрлік, ведомство, министр, орталық атқарушы орган, жер-гілікті атқарушы орган, вице-премьер, заң шығару бастамасы құқығы субъектісі, сенімсіздік білдіру, республикалық бюджет, мемлекеттік меншік
ҚР Үкіметі – атқару билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган болып табылады.
Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конститу-циясында көзделген тәртiппен құрады. Нақты қарастырсақ, Конституцияның 44 бабының 3)-тармақшасына сәйкес ол алды-мен Премьер-Министрді тағайындайды. Премьер-Министрді тағайындау тәртібіне келсек, Президент Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялар-дан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді, Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды. Премьер-Министр өзі тағайындалған-нан кейін 10 күн мерзім ішінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Премьер-Министрдің тиісті ұсынысы негізінде ол Үкіметтің құрылымын айқындайды, мүшелерін қызметке тағайындайды.
Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкiмет мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне ант бередi. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi қабылдайды.
Республика Үкiметiнің өкілеттік мерзімі заңда анықтал-маған. Ол Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi ал-дында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
Үкіметтің жаңа сайланған Президент алдында өкілеттігін тоқтату рәсіміне келсек, Үкімет Президенттің атына жолдап өтініш береді, оған Үкiмет мүшелерi қол қояды.
Соңғы конституциялық реформа бойынша Үкімет туралы заңға енгізілген бір жаңалық – Премьер-Министрдің жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселесін қоюы. Нақты айтсақ, Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылда-маса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Үкімет туралы республика заңнамасында Үкіметтің орнынан түсуі мәселесі реттелген. Үкіметтің орнынан түсуінің негізі болып келесі жағдайлар табылады:
1) Үкiмет пен оның кез-келген мүшесiнің өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы;
2) Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбей отыруы;
3) Парламент Мәжілісінің немесе Парламенттің Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiруі;
Тиісті жағдайларда Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiм-дейді. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлет-тiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
4) Республика Президентiнiң бастамасымен Үкiметтің және оның кез келген мүшесінің өкiлеттiгiнің тоқтатылуы.
“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заңға 19 маусым 2007 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Үкіметтің ұйымдас-тырылуы мен қызметіне байланысты бірқатар өзгертулер енгізді, нәтижесінде кейбір ережелер жойылып кетті. Нақты айтсақ, соңғы өзгертулерге дейін Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс ететін. Үкiмет Бағдар-ламасын Парламент қабылдамаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке қайталап баяндама табыс ететін. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабыл-дамауы Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсететін. 2007 жылдың 19 маусымында енгізілген өзгертулер мен толық-тыруларға сәйкес Үкіметтің бағдарламасы туралы норма алынып тасталды.
Республика Конституциясында және “ҚР Үкіметі туралы” заңда Үкіметке мүше болуға байланысты талаптар белгілен-беген. Алайда, Үкімет мүшелері мемлекеттік қызметшілердің қатарына жататындықтан біз “Мемлекеттік қызмет туралы” заң-ды басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметші ретінде Үкі-мет мүшелеріне келесідей талаптар қойылады деп көрсетеміз:
1. 18 жасқа толуы;
2. Қазақстан Республикасы азаматы болуы;
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4138;