Біліктілік талаптарына сай келуі.

Үкiмет мүшелерiне Үкімет құрамында болуға байланысты шектеулер белгіленген. Нақты айтсақ, Үкімет мүшелері:

1) өкiлдi органның депутаттары болуға;

2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қыз-меттерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;

3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;

4) Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің конституциялық өкілеттіктері:

1. мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамта-масыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2. Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқа-рылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтама-сыз етедi;

3. Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;

4. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;

5. Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шара-лар әзiрлейдi;

6. министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;

7. Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актi-лерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;

8. Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган-дардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9. өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актi-лерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.

Үкіметтің актілері.Республика Үкiметi Республика Консти-туциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге норма-тивтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Үкiмет қаулы-ларына Республика Премьер-Министрi қол қояды.

Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.

Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады. Ал, Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.

Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауапты болып табылады.

Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.

Үкімет Республика Конституциясында көзделген жағдай-ларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты болып табылады. Сонымен қоса, Республика Конститу-циясының 57 бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi.

Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп оты-рады. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.

Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министр-дiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.

Республика Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің өзге мәселелері Республика Конституциясымен және “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 18.12.1995 жылғы конститу-циялық Заңымен (19.06.2007 ж. өзгерістермен қоса) бекітілген.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2139;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.