Тақырып. ҚР СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
мақсаты: сот билігінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын, маңызын көрсету, прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметін қарастыру.
міндеттері:
- сот билігінің мақсаты мен мәнін ашу, оның басқа билік тармақтарымен арақатынасын көрсету;
- сот билігінің белгілерін, функцияларын қарастыру;
- сот билігі органдарының жүйесін ашу;
- судьялардың мәртебесін анықтау;
- Қазақстанда прокуратура органдарының атқаратын қызметін қарастыру.
Негізгі терминдер:
сот билігі, сот төрелігі, соттардың тәуелсіздігі, сот билігінің функциясы, Жоғарғы Сот, жергілікті сот, мамандандырылған сот, Жоғарғы Сот Кеңесі, прокуратура, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау ...
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Рес-публикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсе-теді.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыз-дығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлға-лардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
Сот билігі заңда белгіленген шеңберде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға іс жүзінде өкілдіктері бар біртұтас мемлекеттік билік-тің түрі.
Сот билігі деп мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қол-дану мақсатындағы сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілет-тіктердің жиынтығын айтамыз, - деп тұжырымдайды заң ғылым-дарының докторы, профессор К.Х.Халиков.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашы-лығы олар заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс.
Соттардың мемлекеттік биліктің атқарушы органдары тармағынан айырмашылығы олар ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамта-масыз етудi мақсат етiп қояды.
Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттары-ның негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолда-нылады.
Сот билігі туралы конституциялық құқықтық нормаларға сүйене отырып сот билігінің мынадай белгілерін көрсетуге болады:
- сот билігі конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады;
- сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конс-титуцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі болуы;
- сот билігінің тәуелсіздігі. Сот билігінің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсолюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерінің күшін тек сот жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.
- сот билігі мемлекеттің атынан жүзеге асырылады: үкімдер мен соттардың өзге де шешімдері Қазақстан Республикасының атынан жария етіледі;
- сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқық-тық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолданылады. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарды қарамайды және шешпейді;
- осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу жүргізіледі (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу);
- сот билігінің құқық қорғау сипаты болады. Оның қызме-тінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- сот билігінің шешімдері мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.
Ал, енді сот билігінің функцияларына келер болсақ, сот қызметінің мазмұны мен бағытталған қызметіне қарай оның функцияларын негізгі үш топқа бөлеміз:
Соттық функцияның бірінші тобы – адамдар мен азамат-тардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, конституция-лық құрылысты қорғау - соттардың қызмет ету бағытын айқындау сот қызметін белгілеу.
Екінші топ - әділсот, соттық бақылау, жеке өндіріспен іс жүргізу тәртібі, Конституция мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, т.б. Бұл бірін-ші топтан туынды ретінде шыққан, яғни бірінші топтағы қыз-меттердің орындалуының процедурасын анықтау болып табылады.
Үшінші топ соттардың басқарушылығына байланысты ішкі функциясын құрайды.
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігі –бұл адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемле-кеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiм-шiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55 бабының 3)-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады.
Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айна-лысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Респуб-ликасының Жоғарғы Соты және жергiлiктi соттары құрайды. Заңға сәйкес қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қала-лардың қалалық соттары, мамандандырылған сот – Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот – гарнизонның әскери соты және басқалар).
Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттар құруға рұқсат етілген. Мамандандырылған соттарға әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа соттар жатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қыл-мыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадаға-лауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негіз-делген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Ал, жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Рес-публика Президенті қызметке тағайындайды. ҚР Жоғары Сот Кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ол Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Консти-туциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi:
1. бағыныштылық принципі. ҚР прокуратурасы төменгi про-курорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Респуб-ликасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекеме-лердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
2. тәуелсіздік принципі. ҚР прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партия-лар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.
3. прокуратура қызметіне араласуға жол берілмейтіндігі принципі. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асыр-ған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. прокурорлық қадағалау актілерінің жалпыға міндеттілік принципі. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шы-ғарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. прокуратура қызметінің жариялылығы. Прокуратура ор-гандары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостан-дықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратура-лары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қала-лық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Бас прокурорды Парламент Сенатының келiсiмiмен Респуб-лика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды. Облыстық прокурорларды Республика Президентiнiң келiсiмi-мен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайды. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайды.
Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:
1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме;
2) прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселе-лерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ереже-лер, нұсқаулықтар құрайды.
Прокуратура органдары жоғары қадағалауды заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолда-нылуына тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 5018;