АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
мақсаты:студенттерге Қазақстан Республика-сындағы шетелдіктердің құқықтық мәртебесін түсіндіру.
міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер деп танылатын тұлғалардың шегін анықтау, оларға түсінік беру.
- шетелдіктер мен ҚР азаматтарының құқықтық мәртебесін-дегі негізгі ерекшеліктерді көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерді түрлерге бөл-іп, олардың өзгешеліктерін ашу;
- шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және кету, олардың жауаптылығы мәселелерін қарастыру
Негізгі терминдер:
ҚР азаматы, шетелдік азамат, апатрид, бипатрид, құқық-тық мәртебе, тұрақты тұратын шетелдіктер, уақытша жүрген шетелдіктер, транзиттік шетелдіктер, виза, паспорт ...
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқық-тық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) кіреді. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Респуб-ликасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар есептеледі. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетел-діктердің (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылық-тары келесілерде:
1. кейбір лауазымдарды (Президент, сот, самолет экипажы-ның командирі, т.б.) тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;
2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;
3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;
4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;
5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес. Мысалы, соңғыларына Қазақстанда болу мерзімін қысқарту, ҚР аумағынан кетіру секілді шаралар қолданылуы мүмкін.
6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақ-стан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.
Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі – бұл Қазақ-стан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.
Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәр-тебесі республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” ҚР заңымен, оған қоса Шетелдіктердің Қазақстан Республикасынакелуінің және болуының, сондай-ақ олардыңҚазақстан Республикасынан кетуініңТәртібімен (28.01.2000) және бірқатар өзге де арнайы актілермен белгі-ленеді. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесі олардың жалпы құқықтық мәртебесінің негізгі, маңызды бөлігін құрайды және көптеген заң актілері мен заңға тәуелді актілерде бекітіледі.
Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей бөлшектер құрайды:
- конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқық-тары мен міндеттерінің кешені;
- бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мем-лекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда оларды жүзеге асыру кепілдіктері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеу-меттік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсі-ліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың (оның ішінде шетелдіктердің де) құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Конституция адамдардың барлығының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін бекіткеніне қарамастан түрлі жағдайларға байланысты адамдардың жеке категорияларының теңсіздігі байқалып қалып жатады. Өйткені, адамдардың кейбір топтарының құқықтық мәртебесінде мәнді ерекшеліктер бар. Мысалы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен теңдей құқықтардың шегін пайдаланбайды. Республика заңнамасына, ғылыми доктринаға қарап отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтарды иеленбейтінін көреміз. Саяси құқықтарға мынадай құқықтар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы... Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
Ал, жеке және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың кейбірін шетелдіктер белгілі бір шектеулермен пайдаланады. Олардың бірі – еңбек ету бостандығына құқық. Республика заңнамасына сәйкес адамдардың бұл категориялары республика азаматтары-мен теңдей еңбек ете алады. Бірақ кейбір лауазымдар мен қызметтер түрі олар үшін жабық болып табылады. Сондай-ақ ҚР аумағында еркін жүріп тұру құқығы, жоғары білім алу құқығы да т.б. шетелдіктер үшін біршама шектелген болып табылады.
Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;
2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;
3. транзиттік шетелдіктер.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгі-леген тәртіппен ішкі істер органдарынан рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Тұрақты тұратындарға мынадай құжаттар беріледі: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр-хаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қыл-мыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүргендер деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетелдіктер транзиттік шетелдіктер деп танылады.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасына белгілі бір заң актілерінің негізінде келіп, кетеді.
Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдіктер жарамды паспорт пен оны алмастыратын құжаттармен Қазақстан Республикасының келу визасы болған жағдайда Қазақстан Республикасына келе алады.
“Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы заңда белгіленген жағдайларда шетелдіктердің Қазақстанға келулеріне тыйым салынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасына келу кезінде шетелдіктерге Қа-зақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен көші-қон карточкалары беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тараптардың шақыруы және Қазақстан Республикасының рұқсат беруге уәкілетті орган-дарының рұқсаты виза беру үшін негіз болып табылады.
Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорт-тарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жа-салған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Респуб-ликасынан кетедi.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдай-ларда рұқсат етiлмейдi:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлға-лардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттеме-лердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір құқық-бұзушылық жасаған шетелдікке Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, ҚР азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұз-ған шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгi-ленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
Шетелдік мына жағдайларда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;
г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда.
Заң бойынша бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге шығарып жіберу туралы шешім шы-ғарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республика-сына келуге тыйым салынады.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 8346;