Сайлау құқығының түсінігі.
“Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл мағынада ол конститу-циялық құқықтың бір институты, бөлімі болып табылады. Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мем-лекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалып-тастыруға қатысу құқығы. Азаматтың тиісті органдарды (тұлға-ларды) қалыптастыруға қатысуы оның осы органдарға сайлауы және сайлануы арқылы байқалады. Олай болса, субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады:
1. белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;
2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді орган-дарға, сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы.
Қазақстанда сайлау туралы қатынастар Республиканың Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.
Жоғарыда атап кеткеніміздей сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді сайлау құқығы (сайлау, дауыс беру құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы). Белсенді сайлау құқығы әдетте 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. Бұған қоса, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орын-дарында отырмаған болуы қажет. Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін. Олай дейтін себебіміз, 18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР Прези-дентін сайлауға қатысуға құқылы, бірақ өзі бұл жаста Президент болып сайлана алмайды: ол үшін оның 40 жасқа толуы, тумысы-нан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Белсенді және бәсең құқығының кері арақатынасы кездеспейді. Себебі, егер азаматта бәсең сайлау құқығы болса, ол белсенді сайлау құқығына да ие болады.
Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі. Сайлау құқығының қағидалары:
1. жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған аза-маттар қатыспайды. Сонымен қоса, сайлау құқығын Қазақстанда тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да иеленбейді.
2. тең сайлау құқығы – сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Тең сайлау құқығының мазмұны екі элементті қамтиды: а) сайлаушылардың (таңдау-шылардың) сайлауға тең негізде қатысуы; б) сайлаушылардың (таңдаушылардың) әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Бірінші элемент сайлауға қатысуға құқылы барлық азаматтардың сайлаушы (таңдаушы) ретінде де және кандидат ретінде де теңдей құқықтар мен теңдей міндеттерге ие болатынын білдіреді. Екінші элемент әрбір сайлаушының Рес-публика Президентiн, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын, ал әрбір таңдаушының Сенат депутаттарын сайлау кезінде бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысқа, Республи-каның өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезінде тең дауыс санына ие болатынын және әрбір сайлаушының дауысының басқа сайлаушының дауысына тең болатының, яғни сайлаушылар арасында қандай да бір басымдықтардың болмайтындығын білдіреді. Тең сайлау құқығы бұған қоса сайлау округтерінің теңдігі талабын да қамтиды, яғни сайлау округтеріндегі сайлаушылардың саны шамамен тең болуы тиіс. Демек, тең сайлау құқығы – бұл сайлау қорытын-дысына әсер ету мен заң талаптарына сәйкес сайланудың сайлаушы үшін заңмен белгіленген теңдей мүмкіндіктері.
3. төте сайлау құқығы – Республика Президентiн, Парла-ментi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азамат-тардың тiкелей сайлауы. Тікелей – бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.
4. жанама сайлау құқығы – Сенат депутаттарын таңдау-шылардың - маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азамат-тарының сайлауы. Жоғарыда атап кеткеніміздей, таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
5. жасырын дауыс беру – сайлаушылардың Республика Пре-зидентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі ерік білдіруіне қандай да болсын бақылаудың жасалуын болдырмау үшін олардың жасырын түрде дауыс беруі. Жасырын дауыс беру қағидасының мәні – сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуі, ерікті, дербес түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жою.
6. еркін сайлау қағидасы – азаматтардың сайлау және сай-лану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.
Сайлаудың түрлері. Сайлауды әртүрлі негіздер бойынша бірнеше түрлерге бөлуге болады:
- өткізілу аумағы бойынша: жалпыұлттық (Президентті, Парламент депутаттарын сайлау) және жергілікті (маслихат және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау);
- азаматтардың (сайлаушылардың) ерік білдіру әдісіне қарай: тікелей (сайлаушылардың өздері сайлайды) және тікелей емес (Қазақстанда – жанама – сайлаушылар Сенатты жанама түрде таңдаушылар арқылы қалыптастырады);
- өткізілу уақытына қарай:
а)кезекті сайлау - тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай өткізілетін сайлау;
б) кезектен тыс сайлау - тиісті органның не лауазымды тұл-ғаның өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына орай өткізілетін сайлау. Қазақстанда кезектен тыс сайлау тек өкілді органдарға (Парламент, Маслихат) сайлауда ғана қолданылады;
в) қосымша сайлау - шығып қалғандардың орнына сайлау. Шығып қалғандардың орнына сайлау өткiзу үшiн депутат (жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі) өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауда көрсете кететін бір өзгешілік: мұнда да шығып қалғандардың орнына сайлау (біздің анықтауымызша қосымша сайлау) бекітілгенімен, қосымша сайлау өткізу жағ-дайы ретінде өзге жағдай анықталады (ҚР-ғы сайлау туралы заң-ның 123 бабы);
г) ішінара сайлау – алқалы сайланбалы органды ішінара жаңарту (ротация) мақсатында өткізілетін сайлау. Мысалы, Сенаттың сайланған депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып жаңартылып отырады.
- кімді сайлайтынына байланысты: президенттік сайлау, парламенттік сайлау, муниципалдық сайлау (маслихат және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау).
Сайлау жүйесі– бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолда-нылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етіледі. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалифика-цияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойыншаҚазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкіл-діктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушы-лар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.
Республикамызда сайлауларды әзірлеу мен өткізуді ұйым-дастыру үшін сайлау комиссиялары құрылып, қызмет етеді. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
1) Орталық сайлау комиссиясы;
2) Аумақтық сайлау комиссиясы;
3) Округтік сайлау комиссиясы;
4) Учаскелік сайлау комиссиясы.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Орталық сайлау комиссиясы төрағадан және алты мүшеден тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін Пре-зидент, екі-екіден төрт мүшесін Парламент палаталары тағайын-дайды. Қалған сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және олар жеті адамнан құралады.
Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сай-лау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды. Сайлау округтерінің үш түрі болады:
А) бірмандатты (униноминальный) сайлау округі. Мұнда әр округтен тек бір ғана депутат сайланады. Бір округтегі канди-даттар саны көп болуы мүмкін, бірақ сайланған тұлға біреу ғана болады. Бірмандатты округ мажоритарлық жүйеге тән болып келеді. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде бiр мандатты сайлау округтерi құрылады.
Б) көп мандатты (полиноминальный) сайлау округі. Мұндай көп мандатты округ маслихаттан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде құрылады. Мұнда әрбір округтен бірнеше тұлға сайланады.
В) біртұтас округ. Мұндай округ бүкіл мемлекеттің аумағын қамтиды. Мысалы, Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезiнде Қазақстан Республикасы-ның бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Мұндай сайлау округінде бүкіл сайлаушылар тек бір ғана бюллетеньге дауыс береді.
Қазақстанда сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссия-лары құрады, олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың шамамен тең саны ескеріліп құрылады.
Сайлау округтері әдетте сайлау учаскелеріне бөлінеді. Сайлау учаскелері – бұл сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында құрылатын дауыс беру үшін арналған орын. Ол мына жағдайлар ескеріле отырып құрылады:
- әрбір сайлау учаскесінде 3 000 аспайтын сайлаушы болуы;
- әкімшілік аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы.
Қазақстанда Президентті, Парламент, маслихат депутат-тарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау процесін бірнеше сатыға бөліп көрсетуге бо-лады. Сонымен, сайлау процесінің сатылары:
1.Сайлауды тағайындау және жариялау;
2. Кандитаттар ұсыну;
3. Кандитаттарды тіркеу;
4. Дауыс беру;
5. Дауыстарды санау;
6. Сайлау қорытындысын анықтау және жариялау.
Жоғарыда аталған органдар мен Президенттікке сайлау кезінде үгіт жүргізіледі. Сайлау алдындағы үгiт – бұл сайлаушы-лардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайта-дан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу қаржыландыруды қажет етеді. Заңға сәйкес сайлауды қаржыландырудың екі түрі болады: мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржы-ландыру. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сонымен қоса, Пре-зиденттi және Парламент пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Бұл мемлекеттік емес қаржыландыру болып табылады.
2007 жылы 21 мамырда ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін сол жылдың 19 маусымында тиісінше сайлау туралы заңнама да өзгертіліп, толықтырылды.
Референдумхалық билігінің аса бір маңызды нысаны болып табылады. Референдумдар өткізілу аумағы бойынша бүкіл халықтық (республикалық) және жергілікті болады. Қазақстанда жергілікті референдум мәселесі реттелмеген.
Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәсе-лелері жөнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азамат-тардың тікелей ерік білдірулері.
Республикалық референдум – мемлекеттік маңызы бар шара. Референдум арқылы халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде Конституцияны, заңдарды қабылдайды, оларға өзгерту-лер енгізу ісімен республикамыздың заң шығармашылық қызме-тіне қатысады.
Референдум белгілі бір шешім қабылдау арқылы тек Қазақ-стан Республикасының нормативтік базасының қатарын толық-тырып қана қоймай, ол азаматтардың құқықтық санасының өсуіне көмектеседі, мемлекеттің өкілді органының қызметінің жоғарылауына себепші болады. Өйткені, референдумда халық билігінің мынадай әлеуметтік қызметі жүзеге асады: өкілді органдардың қызметіне қоғамдық бақылау. Себебі, референдум-да заң актілерінің жобаларына өктем баға беріледі. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өз нормашығарушылық қызметін жетілдіруіне әсер етеді. Сондай-ақ референдум арқылы азаматтардың мемлекет ісіне араласуы өсіп, өмірдің барлық салаларына ықпалы мен әсері күшейеді.
Сонымен, референдумның бірнеше маңызды тұстарын көр-сетуге болады:
1) референдумда халық тікелей заң шығарушы ретінде бар-лық азаматтар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін аса маңызды қоғамдық, құқықтық нормаларды бекітеді;
2) референдум азаматтардың құқықтық санасының өсуіне өз ықпалын тигізеді;
3) референдум – бұл қоғамдық пікірді білдірудің бір нысаны;
4) референдум мемлекеттік органдардың нормашығарушы-лық қызметінің жетілуіне өз септігін тигізеді;
5) референдум арқылы қоғамның мемлекеттік және қоғам-дық істерге деген қызығушылықтары дамиды, өмірдің барлық салаларына ықпал етуі күшейеді.
Референдум қандай да бір мемлекеттік мәселелердің нақты шешілуінің өзіндік нысаны болып табылады. Ол – халықтың қандай да бір мәселені тікелей ақырғы шешуі.
Қазақстанның тәуелсіздігі тарихында референдум туралы екі заң қабылданды. 25 наурыз 2005 жылғы “Республикалық референдум туралы” Президенттің конституциялық заң күші бар жарлығына сәйкес “республикалық референдум – ҚР мем-лекеттік өмірінің неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған заңдар мен шешімдердің жобасы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру”. 1995 жылы 2 қарашада қабылданған “Республи-калық референдум туралы” конституциялық заң референдум ұғымын толықтырды, яғни республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де не-ғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Демек, референдум – бұл 25 наурыздағы нұсқадағыдай тек мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша заңдар мен шешімдердің жоба-лары бойынша ғана дауыс беру емес, ең негізгісі, ҚР Конс-титуциясы мен конституциялық заңдарының жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.
Халық билігін жүзеге асырудың бұл жоғарғы нысанын пай-далану тәртібі ҚР Конституциясының баптарында бекітілген. 1 бапта мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері демократия-лық әдістермен - республикалық референдум арқылы шешілетіні ашылған, 3 бапта халықтың мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары, оның ішінде республикалық референдум арқылы жүзеге асыру белгіленген, 44 баптың 10)-тармақшасында Прези-денттің республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдау жөніндегі өкілеттігі бекітілген, 54 баптың 2 тармағы-ның 3)-тармақшасында Парламенттің республикалық референ-дум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі құзыреті анықталған, 72 баптың 1 тармағында Конституциялық Кеңестің дау туған жағдайда республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешу құқығы баяндалған, 91 баптың 1 тармағында ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларды республи-калық референдумға шығару тәртібі бекітілген. ҚР Конститу-циясында республикалық референдум мәселесінің аталғандай шешілуі, бекітілуі халықтың қазіргі қоғамда алатын орнының өскендігін, әрбір жеке адамның мемлекет ісіне шынайы қатысатындығын көрсетеді әрі осынша назардың бөлінуі оның бүкіл халықтың ерік білдіруінің, халықтың мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруының жоғары нысанының бірі болып табылатындығымен себептелген.
Бүкiлхалықтық дауыс беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiруiнiң ең жоғары көрiнiсi болып табылады.
Сайлаулар секілді республикалық референдум да келесідей демократиялық қағидалар негізінде өткізіледі: азаматтардың еркін қатысуы, еркін түрде ерік білдіруі, азаматтардың референ-думға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең, тікелей қатысу құқығы.
Референдум өткізіп онда шешім қабылдау ұзақ та күрделі процесті қамтиды. Оны бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз:
Бірінші саты - республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық. Референдум тағайындау бастамашылығы:
1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде;
4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады.
Екінші саты – республикалық референдум өткізу (тағайын-дау) туралы шешім қабылдау. Мұндай құқық Республика Президентіне тән.
Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референ-дум тағайындау туралы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабыл-дайды:
1) референдум тағайындау туралы;
2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;
3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабыл-дамау туралы.
Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Прези-дентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды.
Үшінші саты – референдумды өткізуге дайындық. Референ-думға дайындық пен оны өткiзудi мыналар жүзеге асырады: Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, ау-мақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.
Төртінші саты – дауыс беру және дауыс санау. Референ-думда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" консти-туциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс санауды учаскелік референдум комиссиясы жүзеге асырады.
Бесінші саты – референдум қорытындысын шығарып, оны жариялау. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiм-деледi, оған Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.
Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жарты-сынан көбi дауыс беруге қатысқан болса референдум өткiзiлген деп саналады.
Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап референдумға қатыс-қан азаматтардың жартысынан көбi дауыс берсе, ол жөнiнде шешiм қабылданды деп саналады.
Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Алтыншы саты - республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы.
Референдум – бұл заңдар шығару немесе өзге маңызды мәселе бойынша халықтың бір бөлігінің емес, бүкіл халықтың дауыс беруі болып табылады. Шынайы демократиялық және халықтың шешімін мойындайтын, бағалы құндылық ретінде танитын мемлекетте халықтың еркі әрқашан басым және жоғары болады. Сол себепті де референдумда қабылданған шешімнің бүкіл республика аумағында міндетті күші бар және мұндай жолмен қабылданған акт басқа актілерге қарағанда Президенттің немесе мемлекеттік өкімет органдарының қандай да бір қуаттауын қажет етпейді. Сондай-ақ, референдум қабыл-даған шешiм мен Республика Конституциясының, конституция-лық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер Конституцияны, консти-туциялық заңдарды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады.
Тәуелсіз Қазақстанда республикалық референдум екі рет өткізілді. Оның көмегімен 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясы қабылданып, 1995 жы-лы 29 сәуірде ҚР Президентінің өкілеттігі ұзартылды.
Референдум – бұл тікелей демократияның ең бір ықпалды және көрнекті нысанының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік өмірдің белгілі бір мәселелерін халықтың тікелей шешуін, халықтың еркін анықтау мен заңи рәсімдеуді қамтамасыз етеді.
Тікелей демократияның өзіндік институтының бірі бо-лып жергілікті өзін-өзі басқару табылады. Қазіргі түрдегі жергілікті өзін-өзі басқару дамыған демократиялық мемлекет-терде негізінен ХІХ ғасырдағы муниципалдық реформалар нәтижесінде қалыптасты. Оның қалыптасуы феодалдық ұйым-нан қазіргі индустриялық қоғамға өту процесстерімен байланысты болды.
Бір кездері жергілікті өкілді органдар үкіметке және оның орталықтағы, жергілікті жерлердегі органдарына бағынбайтын, заңмен және сот бақылауымен байланысты “төртінші билік” болып табылады деп есептелді. Кейінірек, атқарушы биліктің дамуы мен нығаюының нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару ақырындап атқарушы қызметтің жалпы мемлекеттік саясат шегінде жүзеге асырылатын түріне айналды.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 11009;