Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
ТАҚЫРЫП МҮГЕДЕКТІГНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
1.Мүгедектің түсінігі.Мүгедектікі анықтау шарттары.
2.Мүгедектік топтары.
3.Мүгедектердің санаттары.
4.Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері.
Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
«Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сөзі латынның сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағынаны білдіреді.
С.Т.Ожеговтың сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың салдарынан еңбекке қабілетін жоғалтқан адам» деп анықталған* (Ожегов С. Т. Соч. С.214). В.Дальдың сөздігіне сәйкес, мүгедек - бұл «қызметке қабілетсіз әлсіз, жарақаттанған адам»* (Даль В. Тольковый словарь живого великорусского языка. М.9164., т.2. С.99). Шетелдік сөздері сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың немесе дамуындағы туа біткен кемшіліктердің салдарынан өз кәсібі бойынша жұмыс істеуге қабілетсіз адам» ретінде анықталған* (Словарь иностранных слов.М. 1988,с.190). Медициналық әдебиеттерде мүгедектік ретінде «еңбекке қабілеттің созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың садарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі» түсініледі* (Краткая медицинская энциклопедия в 3 тома. \ Под ред.Б.В.Петровского. М., 1989, т.1 с.523).
Сонымен, медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толығымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, яғни жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде адам өзінің еңбек, кәсіби міндеттерін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медицина органдары тұлғаға мүгедектікті тағайындайды.
Бұдан шығатын қорытынды, мүгедектік ретінде медициналық органмен куәландырылған, өмір сүруді шектеуге әкеп соққан қандай да бір аурудың, жарақаттың немесе кемшілістің салдарынан адамның денсаулығының тұрақты түрде бұзылуы. Бұл ретте емір сүруді шектеу ретінде ағзаның келесідей функцияларын толығымен немесе ішінара жоғалтуы түсініледі:
- еңбек қызметіне қатысты қабілеттер, яғни өзі дербес, өз әрекеттері арқылы және лауазымдық талаптарға сәйкес еңбек міндеттерін орындау қабілеті;
- өзі дербес жүріп-тұру қабілеті, яғни тұрмыстық және еңбек жағдайларында тепе-теңдікті ұстай отырып, кеңістікте бөтеннің көмегінсіз жүріп-тұру қабілеті;
- өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті, яғни бетеннің көмегінсіз өмірлік қажеттіктерді, ағзаның физиологиялық функцияларын және санитария мен гигиенаталаптарын дербес қанағаттандыру қабілеті;
-қарым-қатынасқа түсу қабілеті, яғни адамдармен мақсатты байланыстарды орнықтыру, ақпаратты беру, қабылдау және түсіну қабілеті;
- өз жүріс-тұрысына бақылау жасау қабілеті, яғни әлеуметтік-тұрмыстық нормаларды ескере отырып, сырткы және ішкі тітіркендіргіштерге мақсатты түрде жауап беру қабілеті.
Мүгедектікті тағайындауды медициналык-әлеуметтік сараптамалық комиссия (МӘСК) жүзеге асырады. Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияға өмір сүрудің және еңбекке қабілеттің тұрақты түрде шектелуінің белгілеріне ие және әлеуметтік қамсыздандыруды қажет ететін тұлғалар жібереді. Медициналық-әлеуметгік сараптамалық комиссия ағза функцияларының, аурудың, жарақаттың немесе туа біткен кемшіліктің салдарынан тұрақты түрде бұзылуын дәлелдейтін диагностикалық емдеу, сауықгыру шараларының негізінде ағзаның жағдайын жалпы бағалаудан да жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияға науқас адамдарды денсаулық қорғау мекемелері немесе халықгы әлеуметтік қорғау органдары жолдайды. Жолдамада науқас адамның денсаулық жағдайы туралы, ағза функцияларының бұзылуы туралы және жүргізілген емдеудің нәтижелері туралы мэліметтер көрсетілуі тиіс.
Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссия келесі міндеттерді орындауы тиіс:
- мүгедектікті, оның себептерін және туындау уақытын анықтау;
- еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың салдарынан еңбекке қабілетті жоғалтудың дәрежесін анықтау.
Медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссия тулғаның тұрғылықты жері бойынша немесе денсаулық қорғау мекемесіне бекітілген жерде жүргізіледі.
Егер медициналық көрсетулер бойынша азамат куәландыруға өзі дербес келе алмайтын болса, онда медициналық-әлеуметгік сараптамалық комиссия куәландырылатын тұлғаның үйінде немесе ол емделуде жатқан емдеу мекемесінде жүргізіледі.
Мүгедектіктің себептерінің қатарында жалпы науқастану, еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру, туғаннан орын алған мүгедектік, әскери қызметшілер үшін - Отанды қорғау немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезіңде алынған жаралану, зақым немесе соғыста болуымен байланысты ауру және т.б. орын алуы мүмкін.
Мүгедектікті белгілеу үшін негіздер болып мыналар табылады:
1) аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы,
2)өмір сүру қабілетінің толығымен немесе ішінара бұзылуы, яғни қабілеттердің немесе еңбекпен айналысу мұмкіндіктерінің шектелуі, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, қарым-қатынасқа түсу, оқу, өзін-өзі бақылау жасау, кеңістікте қозғалу және т.б. қабілеттерін жоғалту немесе бұл қабілеттердің шектелуі;
3)әлеуметтік қамсыздандыру шараларын алудың қажеттігі. Аталған негіздердің тек біреуінің болуы мүгедектікті белгілеу үшін жеткілікті негіз бола алмайды.
Мүгедектікті белгілеген күн болып, азаматтың барлық қажетті құжаттарды қоса отырып, өтінішін медициналық санитарлық сараптамалық комиссияға берген күні саналады.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 5548;