Тақырып:Философия, оның пәні және функциялары.

«Философия» пәнінің негізгі бөлімдеріФилософия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:1.Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6.Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7.Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)

Философиялық дүниетаным және жүниетанымның тарихи түрлері:

Дүниетаным– дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: Мифология; Дін;Философия;

Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

Философия – дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

1.Нақты ұғымдармен категориялардан құралады; 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы); 4. Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді.) Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті: Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары – сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән). Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән). Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән.)

Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы).Философиялық білімнің басты ерекшелігі – оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логткалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.

Философиянығ функциялары. Философияның қызметі (функциялары) – философияның мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолданылу салалары.

Философияның негізгі функциялары мынадай:

1.Дүниетанымдық функция. 2.Теориялық функция. 3.Гносеологиялық функция. 4.Аксиологиялық – (грек. аxios – құнды) функциясы 5.Әлеуметтік функция.

6.Тәрбиелі функция 7.Сандарлы функция 8.Болжамдық (футурологиялық) функция Философияның негізгі сұрағы.Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп – ойлаудың болмысқа, болмыстың – ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады. Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: аамның (философияның басты міндеті болып табылатынын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтаулы, қандай сипаттағы жүйе құруын – дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында. Материя және сана (рух) – болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі – онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні – «Дүние таныла ма, әлде, танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ. Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар: 1.Материялистерге; 2. Идеялистерге; 3. Дуалистерге бөлінеді.

Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды: Сенсуализм– (латынның «sensus» - сезім) – таным көзі және ақиқат өлшемі – сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық ағым.

Эмипиризм («эмпирио»-«сезімдік тәжірибе»)-біліміздің қайнар көзі – сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт. Рационализмнің (латынның ratio-«ақыл» сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы – ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.

Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер: Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп – салдарлық байланыстарын, қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып, қарастыратын зерттеу әдісі. Метафизика – диалектикаға қарама – қарсы әдіс. Догматизм – қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген», абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. Эклектика – біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінгенмен үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау. Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі. Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика батыстық философияда кең таралған. Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің саны бойынша классификациялау нәтижесінде: Монизм– болмыста бір ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Плюрализм– болмыста екіден көп бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.

Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің сапасына қарай классификациялау: Материализм, Идеализм, Объективті идеализм, Субъективті идеализм Гилозоизм– тірі және өлі табиғаттың жандылығын насихаттайтын философиялық ілім. Пантеизм- Құдай (идеалды бастама) және табиғат (материалды бастама) теңестірілетін философиялық ағым: «Құдайдан тыс табиғат жоқ, табиғаттан тыс Құдай да жоқ». Деизм – «Құдай – дүниені жаратушы» деп, бірақ «дүниені жаратып және оның заңдарын қоса шығарып бергенмен Құдай одан кейінгі пәнилік істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды.

Онтологияның негізгі ұғымдары:Космос – ежелгі грек тілінен аударғанда «тәртіп» деген мағынаны білдіреді. Космос немесе тәртіп, антикалық философияда тәртіпсіздік, жүйесіздік ретіндегі Хаосқа қарсы қойылды. Космология – ғарыш және дүние құрылысы туралы ілім.Космогония – дүниенің шығу, қалыптасу, қазіргі жағдайға дейнгі даму процесі туралы ілім.Космогенез – дүниенің пайда болуы, қалыптасу процесі. Агностицизм– дүниенің танылмайтындығын тұжырымдайтын философиялық ағым. Агностицизм ең ежелгі, европалық формаларына софистика мен скептицизмді жатқызуға болады. Жаңа Заманда агностицизмді Беркли, Юм, Кант дамытты. Материалистер мен объективті идеалистер, әдетте дүниенің танылатындығын мойындайтындықтан, агностицизмді көбіне субъективті идеалистер жақтайды. Релятивизм– (латынның «relativus» - салыстырмалы) – кез-келген білімнің салыстырмалылығын, шарттылығы мен толық еместігін және соның негізінде объективті ақиқатқа жетудің қандай да болмасын мүмкіндігін терістейтін философиялық бағыт. Релятивизмнің негізін қалаушылар софистер мен скептиктер болды, ал Жаңа Заманда релятивизм позитивизм бағытының құрамында дамыды.

Рационализм- (латынның «ratio» - «разум» - «ақыл-ой») – «ақыл-таным негізі, танымның басты құралы және ақиқат өлшемі» ретінде қарастырылатын философиялық бағыт. Иррационализм– (латынның «irrationalis» - «бейақыл», «бейсана») – ақылдың танымдық қабілет-күші шектелетін немесе терістелетін, ал болмыс мәні ақылдан өзгеше және ақылға берілмейтін құбылыс, нәрсе ретінде түсінілетін философиялық бағыт.








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 23848;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.