Тақырып: Ежелгі грек философиясы
Ежелгі Грек кезені(Сократқа дейнгі кезен). Милет мектебінің өкілдері: Фалес (б.д.д 640-560 ж.ж) – Милет мектебінің негізін қалаушы, үлкен философиялық мұра қалдырған алғашқы грек философы.Фалес: 1.дүние негізінде су (архэ) жатыр деп есептед; 2.жерді жан-жағын су қоршаған жалпақ диск түрінде елестетті; 3.өлі табиғаттың, барлық заттардың жаны болады деп түсінді (гилозоизм – барлық нәрсенің жаны бар деп есептеу). 4.құдайлар бар және көп деп сенеді; 5.әлемнің орталығы жер деп ойлады; 6. жылдың 365 сөткеден тұратындығын анықтады; 7.математикалық жаңалықтар ашты («Фалес теоремасы») Анаксимандр (б.д.д 610-540 ж.ж) 1.дүние негізінде мәңгі, шексіз, өлшеуге келмейтін субстанция – «апейрон» жатыр деп түсінді. 2. Материяның сақталу заңын тұжырымдады. (затты атомдық құрылымын ашты): барлық заттар мен тірі тіршілік микроскоптық деңгейдегі элементтерден тұрады: тірі организмнің тіршілігі тоқтауы, заттардың ыдырауынан кейін де оны құраған элементтер – («атомдар») қалып, жаңа организмдерді құрайды; 3.алғаш болып эволюция нәтижесінде адамдардың басқа жануарлардан шыққанын айтты (Ч.Дарвин ілімінің ең ежелгі антикалық нұсқасы); Анаксимен (б.д.д 546-526 жж.) 1. дүние негізі – ауа деп санады; 2.жер бетіндегі заттар – түрлі ауа концентрациясының нәтижесі деп санады: ауа тығыздала келіп алдымен ауаға, содан –соң балдырға (батпаққа), содан-соң жерге, одан соң тасқа, т.б. айналады. 3.адам жаны («сихэ») мен «космостың жаны» ауа (пневма) арасындағы процестер ұқсастығын айтты. 4. құдайларды табиғат күштеріне және аспан шырағандарына теңеді.
Эфестік Гераклит (б.д.д VI ғ-дың 2 жартысы мен V ғ-дың 1 жартысы). Ежелгі грек материалисі (бастапқы логикалық мектептің өкілі). 1.Дүние негізі – от деп санады. 2. Диалектиканың өзекті заңы қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңын тұжырымдады. 3.Дүние тоқтаусыз қозғалыс пен өзгеріс үстінде екенін алғаш айтты. (бір түскен суға екінші рет түсу мүмкін емес) 4.Табиғаттағы заттар айналысы мен тарихтың циклділігін жақтады. 5.Дүниедегі салыстырмалылықты мойындады («Теңіз суы адам үшін лас болғанымен балық үшін таза», «Адамның бірдей қылығы мен әрекеті жағдайға қарай бірде жақсы болса, бірде жаман»). 6.Әлемдік ақыл, Логос – бәрін қамтитын, бәріне енетін Құдай деп сенді. 7. Адамдағы және Әлемдік жан – материалды деп түсінді. 8. Қоршаған дүниені танудың сезімдік (материалистік) түрін жақтады. Барлық процестердің қозғаушы күші – күрес екенін айтты: («соғыс( күрес) – барлығының әкесі әрі анасы»). Пифагор – (б.д.д VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы). Ежелгі Грек философы және математигі. Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше: Дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін «протокатегорияларды» табуға көрсетуге тырысты. (Жұп – тақ, жарық-қараңғы, түзу – қисық, оң-сол, ер - әйел, т.б). Ғұмыр тарихы. Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы Самос аралында туылып, Египетпен Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп өз мектебін – Пифагорлік Одақты – ғылыми философиялық және саяси қауымдастықты құрған ежелгі грек философы. Пифагорға «Пифагор теоремасын» дәлелін тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымынан теориялық ғылымға айналдыру еңбегі жатқызылады. Пифагор сонымен қоса астрономияға да үлес қосты. Негізгі еңбектері. Еңбектерінің аты да сақталмаған. Философиялық көзқарастары. Түпнегіз. Пифагорда «Ежелгі Грецияның ең бірінші идеалисі» деп санауға болады. Өйткені болмыстың түпнегізі ретінде ол идеалды мәнді – сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды.Элеаттықтар– қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (біздің дәуірімізге дейін VI – V ғ.ғ. ) - өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс. Элеаттықтар:1.Таным мәселесін зерттеді 2. Сезімдік таным (пікір «Докса») мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты: 1. Монизмді жақтады – көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдады; 2.«апорияларды» - парадокстарды негіздеді. Ксенофан.Ғұмыртарихы. Ксенофан (шамамен б.д.д 565-473 жылдар аралығы) – Атомистер– (б.д.д V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөліндейтін ұсақ кірпіштерден –«атомдардан» («атомос»- неделимое»: «том»-«бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты. Демокрит флософиясындағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды. Демокрит ілімінің басты қағидалары: 1.Дүние материалды; 2.Материалды дүние атомдардан құралады; 3.Атом – ұсақ бөлшек, дүниенің «алғашқы кірпіші» 4.Атом бөлінбейді; 5.Атомдар түрлі көлемге (өте ұсақ немесе өте ірі, тағы басқа) және түрлі формаға ие (дөңгелек, сопақша, қисық формада, т.б) болады. 6.Атомдар арасында бос кеңістік бар; 7.Атомдар үздіксіз айналыс үстінде: заттар, тірі организмдер тіршілік етеді, ыдырайды, олардың атомдарынан келесі материалды дүние заттары мен жаңа тірі организмдер пайда болады, содан соң қайтадан ыдырайды; Осылай мәңгі айналыс жалғаса бермек. 8.Атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде. 9.Атомдарды сезімдік таным арқылы көру мүмкін емес.
Софистік мектеп.«Софистика» және «софист» терминдері ежелгі гректің «даналық» сөзінен бастау алады. Софистерге тән сипат: 1..Қоршаған дүниеге сыны қатынас; 2.Барлық нәрсені, процесті іс жүзінде тексеруге ұмтылыс, қандай да болмасын ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылыс;3.Ескірген дәстүрлі мәдениет негіздерін қабылдамау (нигелизм);4.Сүйенетін негізі жеткіліксіз көне дәстүрлерді, дағдыларды ережелерді терістеу;5.Мемлекет пен құқықтың шарттылығын, олардың жетілмегендігін дәлелдеуге ұмтылыс;6Моральдік нормаларды абсолютті деп емес, сынау, жетілдіру объектісі ретінде қабылдау;7..Пікірлер мен баға берудегі субъективизм; 8.Объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында тірішілік ететінін дәлеледеуге талпыныс. Негізгі еңбектері. Белгісіз софисттің «Қосмәнді сөздер» («Двоякие речи») трактаты ғана жеткен. Философиялық көзқарастары. Субъективизм. Барлық нәрсенің салыстырмалылығы туралы ой – софистердің дүниетанымдық негізі болды. Барлық нәрсе салыстырмалы болса және барлығы әрбір адамның субъективті талғамына байланысты болса, ақиқаттың жалғыз ған өлшемі бар, ол – адамның сезімдері. Ал адамдар түрліше ойлайды. Демек, әркімнің өз шындығы бар, сұлулық пен ұсқынсыздық туралы пікірлер – салыстырмалы. Және ол пікірлердің бәрі ақиқат. Протагор.Аға софистердің ішіндегі көрнектісі Протагор болды . (б.д.д. V ғ ) Ақыға үйрететін дәрістері үшін «Сатулы Сөз» атанған ол өзінің философиялық кредосы ретінде: «Адам – барлық заттардың өлшемі: тіршілік етушілердің – олардың бар екендіктерінің, және тіршілікте жоқтардың – олардың жоқ екендіктердің өлшемі» дегенді жариялады.Бұл – қоршаған дүниені бағалаудың, жақсы мен жаманның өлшемі ретінде адамның субъективті пікірі алынуға тиіс дегенді білдірді.Софистік бағыттың келесі өкілі – Эмпедоклдың шәкірті Горгий ( б.д.д 483-375).Афиныға 427 жылы келген ол кез-келген тақырыпқа еш дайындықсыз, сол тақырыпты әрі дақтап, әрі қарсы пікір айтып сөйлей алатын шешендігімен таң қалдырады. Оның сөздері негізінен басты үш скептикалық қағидаға саятын болған:1.Егер бар болса, ол танылмайды; 2.Болмыс танылған күнде де ол туралы ақиқат пікір болмайды; Сократ философиясы.Ғұмыр тарихы. Сократ (б.д.д 470-399 жж.) өз өмірі – философиялық ілімінің айнасы болған афинылық философ. Әкесі тасқалаушы, анасы кіндік шешелікпен айналысқан. Сократ өз әкесі сияқты сұнғатшы болғанмен, өз анасының кәсібін иеленгенің: сәбилердің дүниеге келуіне көмектескен сияқты, ақиқаттың туылуына көмек беретіндігін айтуы ұнатады екен. Сократтың әйелі Ксантиппа - әлемдік мәдениет тарихына шайпаулықтың үлгісі ретінде енді. Негізгі еңбектері. Сократ өз өмірінде бірде – бір еңбек, сөз жазып қалдырмаған. (әдейі). Философиялық көзқарастары. Сократ ілімі бізге оның шәкірттері арқылы жеткен. Олардың әрқайсысы Сократ ілімін өздігінше баяндайды. Ал күмән туғызбайтын мәліметтер қатарына мыналар жатады: -Сократ «философияның басты міндеті – табиғатты зерттеу емес, адамды тану» екенін бірінші болып айтты. -Сократ жанның денеден – денеге көшуі идеясын жақтаушы. Сократ этикалық реализмді жақтады: 1.«Кез-келген білім – ізгілік»; 2.«Кез-келген зұлымдылық білімсіздіктен туады» деп түсінді; Сократтың диалог түрінде өтетін ашық әңгімелерінің тақырыптары: ізгілік, байлық, даңқ, денсаулық, сұлулық, махаббат, адамшылық, зұлымдық т.б. Ол әңгімелерді өткізу тәсілін Сократ өзі «маевтика» («кіндік шешелік»-«ой туғызу өнері») деп атады. Оның мәні - әңгімелесушіге дайын ойларды үйрету емес, оған жетекші сұрақтар беру арқылы ойландырып, ақиқатты іздеуге итермелеу. Сократ ілімінің тарихи мәні: 1.білімді насихаттады. 2.адамзатты толғандырған мәңгілік сұрақтарға (ізгілік, зұлымдық, махаббат, ар-намыс т.б) жауа іздеді. 3.Маевтика әдісін ашты, пайдаланды.
Платон.Ғұмыр тарихы. Платон (б.д.д 427-347жж.) – (шын Аристокл(«Платон»-«кең иықты»)).Сократтың шәкірті болған және Сократты өзіне өмір бойы ұстаз санап өткен ежелгі грек философы.Негізгі еңбектері. Бізге Платон шығармаларының түгелге дерлігі жеткен. Бірақ кейбіреулерінің оны шынымен Платонның жазғандығына күмән бар. Платон енбектеріне: 1 монолог («Сократ апологиясы»), 34 диалог (23 шынайы Платондікі,11 күмәнді), 13 хат (көпшілігін Платонның өзі жазбаған) жатқызылады. Маңызды философияылқ шығармаларының қатарына «Протагор», «Пир», «Менон», «Федр», «Мемлекет», «Заңдар», «Сократ», «Пармелид», «Горгий», «Федон» жатады. Платон еңбектрінің барлығы көркем формада диалог түрінде жазылған. Диалогтарының басым бөлігінде Сократ атты кейіпкер – шешуші ой, кесінді сөзді айтатын басты қатынасушы. Философиялық көзқарастары. Платон объективті идеализмнің негізін қалаушы: Платон философиясының орталығында идеялар туралы ілім тұр. Платон философиясындағы онтологиялық ілім. Платон дүние, тіршілік барлық нәрсе 3 субстанциядан құралатындығын негіздетін триадалық ілімді ұсынды. Оның іліміне сәйкес 3 негізден тұралды: 1.«тұтастық» 2 «ақыл» 3. «жан»
«Біртұтас» («Единое»): 1.Біртұтас – бүкіл болмыстың негізі 2.Біртұтас – ешбір қасиеттке ие емес (басы- аяғы, формасы, мазмұны, бүтін - бөлшегі, т.б жоқ)
3.Біртұтас - қандай да бір болмыстан, ойлаудан, сезімнен жоғары 4.Біртұтас – барлық нәрсенің, барлық заттардың, идеялардың, құбылыстардың, қасиеттердің, (жақсы мен жаманның негізі). Ақыл: 1.«біртұтастан» - туындайды;2.«біртұтастан» - ажыратылған;3.біртұтасқа қарама-қарсы;4.барлық заттың мәні болып табылады;5.жер бетіндегі тірі тіршілік. Жан:1.Барлық заттар мен құбылыстарды өзара байланыстыратын қозғалғыш субстанция. 2.Жан ажалсыз; 3.Адам жаны (заттың жаны) - әлемдік жанның бөлшегі;4.Жан: әлемдік және жеке адамның жаны болып бөлінеді;5.Заттар мен өлі табиғаттың жаны болуы мүмкін (гилозоизм);6.Адам тәні өлгеннен соң жер асты патшалығында өз әрекетіне жауап беріп болғаннан кейін қайтадан жаңа формаға (тәнге) енеді;7.Жанның тұрақтылығы мән тәннің алмасуы – Космостың табиғи заңы. Платонның гносеологиясы (дүниенің идеалистік картинасы): 1.материалды дүние – «идеалар әлемінің» бейнесі ғана; 2.Таным объектісі ең алдымен «таза идеялар» болуға тиіс; 3.«таза идеяларды» сезімдік таным арқылы тану мүмкін емес (сезімдік таным ақиқат білім бермейді (тек пікір – «докса» ғана )); 4.«таза идеаларды» жоғары рухани әрекет нәтижесінде ақыл арқылы ғана тануға болады. (идеалистік таным); 5.Жоғары рухани әрекет – дайындығы бар адамдарға: білімді, интелектуалды философтарға ғана тән. Тек солар ғана «таза идеаларды» көре және тани алады. Платонның мемлекеттік теориясы. Өзіне дейінгі ойшылдардан ерекшелігі: Платон өз философиясында мемлекет мәселесінде айрықша тоқталды. (Сократқа дейінгі философтар: Фалес, Гераклиттер, т.б қоғам, мемлекеттер теориясымен емес дүние негізін анықтау және табиғат құбылыстарын түсіндірумен айналысты). Платон мемлекетті 7 түрге жіктейді: 1.Монархия – бір адамның әділетті билігі. 2.Тирания – бір адамның әділетсіздік билігі. 3.Аристократия – азшылықтың әділетті билігі. 4.Олигархия – азшылықтың әділетсіздік билігі. 5.Демократия – көпшіліктің әділетті билігі 6.Тимократия – көпшіліктің (армия, әскербасылдардың) әділетсіз билігі 7.Платон «болашақтың мемлекеті» деген атпен - әлі болмаған, бірақ келешекте орнайтын, мемлекеттік билікпен заңдардың қажеттілігі болмайтын идеалды мемлекетті сипаттайды.
Аристотель.Ғұмыр тарихы. Аристотель (б.д.д 384-322ж.) – Платонның шәкірті, Македондық Александрдың тәрбиешісі болған классикалық кезеңдегі ежелгі грек философы.Аристотель философиясының дамуы 3 кезеңге жіктелді: 1.б.д.д. 367-347 жж. (20 жыл) 17 жаста Платон академиясына келіп, Платон өліміне дейін шәкірт болды.2. б.д.д. 347-335 жж. (12 жыл) – Македония мемлекетінің астанасы Пелле қаласында Филипп патшаның шақуырымен оның ұлы Александрдың тәрбиесімен айналысады. 3.б.д.д. 335-322 жж. - Өзінің философиялық мектебін – Ликейді (Перипатикалық мектеп) ашып өмірінің соңына дейін сонда шұғылданды.Негізгі еңбектері. Аристотельдің негізгі еңбектер қатарына мыналар жатады:Аспан туралы, Физика, Пайда болу мен жойылу туралы, Метеорология, Хайуанаттар тарихы, Жануарлар мүшелері туралы, Жануарлар қозғалыс туралы, Жануарлардың шығу тегі туралы, Жан туралы, Никомах этикасы, Үлкен этика, Афинылық саясат, Саясат, Экономика, Поэтика, Риторика, Метафизика, Бірінші аналитика, Екінші аналитика, Топика, Софизмдерді терістеу, Категориялар, Түсіндірмелер туралы, Философия туралы, Эвдем, Протрептик.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 7604;