Тақырып: Орта ғасырлардағы европалық философия
Схоластардың талас пікірі — жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. unuversalia — жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі - жалпы ұғым — әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттар ды екшелеп атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, "жалпы адам" дүниеде жоқ, адам — кашанда нақты бейне. Ал "адам" деген жалпы атау - ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бүл пікірді жақтаушыларды "номиналистер" деп атады (лат. nomina — нақты атау). Реализм өкілдері - Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скот, Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүреді. Олар: 1) заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2) заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3) заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф. Аквинский (1225-1274) - орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінін, рухани пірі, әулиесі. Ол Аристотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды, деді. Былайша айтканда, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі (формасы) - Құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома философиясы мән (essentis) жөне өмір сүру (еxistentia) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен-бірі алшақ тұра алады және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал Құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Осыдан келіп, Фома жалпылық өзінен-өзі, заттардан тыс, Құдай санасында өмір сүреді дейді. Фоманың пікірінше, мемлекеттік өкімет Құдайдан туындайды, ал басқару түрі нақты жағдайға байланысты қалыптасады. Ол шіркеудің, азаматтық қоғамнан жоғары екенін уағыздайды. Мемлекет басшысының билігі — ең жоғары рухани билікке бағынышты. Көкте ол биліктің иесі — Христос, жерде — Рим папасы, дейді. Фома құрған философия екі жұп категорияларға — акт (нақты шындық) пен потенцияға (мүмкіндік) және эссенция (мән) мен экзистенцияға (емір сүру) негізделген. 1879 жылы 4 тамызда Рим папасы Лев XIII Фома Аквинскийдің уағыздары бүкіл католик шіркеулерінде міндетті қабылдансын деп жариялады. Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистер материалистік ұғымды таратты. Оның өкілдері: Роджер Бэкон(1214-1292), Уильям Оккам(1285-1349), Николай Оразмин-ский(1313-1382), т.б. Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар де. Нақты затқа жалпының да, жекенің де керегі жоқ, деді Уильям Оккам. Әмбебаптар - олар үшін тек белгілер (терминдер), бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. "Шындыкка жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет", деді. Николай Оразминский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.
№7 тақырып: Орта ғасырлардағы мұсылман философиясы.
Орта Азия мен Таяу шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдардың ішінде әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина (Авицена) ерекше орын алады. Ертедегі Қазақстан жерінен шыкқан Әл-Фараби(870-950 ж.) әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері — Отырар (Фараб) қаласы. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны "екінші ұстаз" (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Әл-Фараби қалдырған рухани қазына 130-дай трактаттардан тұрады. Қазақстан Ғылым академиясы оның философиялық, логикалық, жаратылыс ғылыми, әлеуметтік-этикалық, музыкалық трактаттардан қазақ, орыс тілдерінде жеке-жеке кітап етіп шығарды. Сондай-ақ, ірі ғылым Әл-Беруни (973-1048) - "Ертедегі ғылымдар хронологиясы" , "Үндістанның жазба бейнесі", "Құнды заттарды тану үшін ақпарлар жинағы" (минерология) деген, т.б. ірі еңбектердің авторы. Оның туған жері - Орта Азия. Ол әрі математик, әрі астроном, минеролог, философ, тарихшы болған көзқарасы жағынан Әл-Фараби, тағы басқалар сияқты діншіл болғанмен , әл-Бурини ғылымдарды салалап дамытуды өзінің ерен ғылым, данышпан екенін айқын байқатты. Орта ғасырда өмір сүрген ірі ғалымдардың бірі - Ибн-Сина(980-1037) - Авицена.Ол әл-Буринидің замандасы болған. Туған жері - Бұқара. Ибн-синаны энциклопедиялық ғалым дейді, бірақ ол әсіресе медицина мен философия зор үлес қосты. Орта ғасырда Батыс Еуропа елдерінде ғылымдарда қатаң шабуыл жасады. Оларды инквизаторлар түрмеге отырғызды, тірідей отқа жақты, адам айтқысыз азапқа салды. Осының бәрі христиан діні атынан жүргізілді. Крест жорықтарын ұйымдастыру. Мақсаты - ислам діні әсеріне қарсылық көрсету. Өйткені, Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы Батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай төрт бағытта болды: 1) "таза ағайындылар" ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), Әл-Кинди (800-870), Ибн Рушд (1126-1198) – Аверроэс-Кордовохалифаты тұсында Испаниядаөмір сүргенорта ғасырлық араб ғалымы және философы.Ислам дінінен қол үзбей –ак материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп ,адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниедегі өмір туралы аңызды жоққа шығарады.Аверроэс ілімі (авверроизм ) мұсылмандық және христиандық ортодоксия тарапынан қатты құдалауға ұшырады. Негізгі шығармалары:»Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дін мен философияның салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Суфизм (араб.суф-жүн; суфий-жүннен тоқылған шекпен) исламда ХУШ-1Хғасырларда пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Кейіннен неоплатонизмнің, үнді философиясының, кейдір христиан идеяларының ықпалы мен суфизм аскетизмге және шын мәніндегі мистицизмге айналды.Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналдағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып,суфизм ізбасарлары өмірдің ең жоғары мақсаты адам жанынң құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пенде-құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігуі», суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде іске асады деп ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде іске асады деп ескертеді. Суфизмнің көрнекті өкілдері әл-Ғазали (1059-1111(, орта азиялық философ Суфи Алаяр (1720ж.ө.) және т.б.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 3117;