Тақырып: Маркстік фиолософия
Бұл бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жетілген, ғылыми екшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс(1818-1883) пен Фридрих Энгельстің(1820-1895) есімдерімен аталады. Әрине, басқа да философтар сияқты, К. Маркс пен Ф. Энгельстің дүниеге келуі де кездейсоқ емес. Ең алдымен, бұл Батыс елдерінде капитализм дүниеге келген кезең болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Ол алғашқы кезде стихиялы күреске шықты. Оларды саналы ұйымдастыру, сапалы етіп дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет болды. Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен жаңалық: а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі дүниеге диалектикалық логика түрғысынан кдрауға мүмкіндік берді. Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері болды. Бұған ең алдымен адам баласының әлеуметтік теңдік болуын кексегені жатады. Осыған орай социализм туралы басқа да түрлі теориялық ілімдер пайда болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс осы жағдайлардың бөрін ой елегінен өткізіп, талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін жасады. Ол үшін олар Гегель мен Фейербахтың философиясын, Адам Смит пен Давид Рикардоньщ саяси экономиясын, Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы утопиялық теориясын зерттеді, сейтіп, олардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, социализм туралы ғылыми теория жасап, оны ілгері дамытты, философияда жаңа көзқарас туғызды. Социализмді утопиядан ғылымға айналдырған К.Маркстің екі ғылыми жаңалығы болатын. Олар: тарихты материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша қүн құпиясы, Философияда К. Маркс пен Ф. Энгельстің ашқан жаналықтары мынадай еді: Бұрынғы философия өкілдері тек үстем таптардың мүддесін қорғады. Демокрит, Лукреций Кар, ағылшын же-не француз материалистері Ф.Бэкон, Дж.Локк, Р. Декарт, П. Гольбах, Д. Дидро, К. Гельвеций, Ж. Ламетри, неміс философтары Л. Фейербах, т.б. идеалистерді қоса алғанда олардың бәрі прогреске ұмтылғанмен, үстем таптың көзқарастарын жақтады. Ал еңбекші бұқараның жоғын жоқтап, мұның мұндайтын ешкім болмады. Әсіресе, бұл капитализм тұсында мейлінше қажет болды. Бұған 1831 жылғы Лион қаласындағы Франция жұмысшыларының, Германиядағы Силезия тоқымашыларының көтерілісі, сондай-ақ, Англиядағы 1838-1842 жылдардағы чартистер қозғалысы дәлел бола алады. Бұл қозғалыстар елемде жаңа тап — пролетариат пайда болғанын, оның бұрынғы езілген таптардан мүлде басқа шешуші күш екенін байқатты. К. Маркс пен Ф. Энгельс ең алдымен осы таптың мүддесін қорғауды мақсат етті. Әрине, К. Маркс пен Ф. Энгельс дел осы кезеңде саяси аренаға шықпаса, бұл жаңа теория дүниеге келмес еді деуге болмайды. Әрбір фшюсофиялык, кезендер біріне-бірі ізашар болып отырған. Сол арқылы олар күрделі сипат алып, дамып отырған. Философияда көптеген дүниетанымдық мәселелердің қайталануы жиі кездеседі. Бірақ олар әр деуірдің даму дәрежесіне, алға қойылған мәселесіне сәйкес жаңаша шешіліп отырады.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 1924;