Тақырып: Қазақстандағы ислам дінінің таралуы және қазіргі жағдайы.
1. Ислам дінінің қазақ жерінде таралуы.
2. Қазақ мемлекеттілігің қалыптасуындағы ислам дінінің рөлі.
3. Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі қоғамдық өміріндегі ислам дінінің рөлі.
4. Кеңес дәуірі кезіндегі ислам дінінің жағдайы.
5. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ислам діні.
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады.
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды.
Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Аймақтың тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізді.
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам. Тәуелсіз Қазақстан тарихына жүгінсек исламдық институттардың ықпалының артқанын байқамыз. Соңғы жылдардың тәжірибесі исламның қоғамдағы руханилықты қолдап, дамуға қуатты жасампаз ықпалын тигізетінін дәлелдейді. Зорлықты қабылдамау, сондай-ақ нәсілдік және ұлттық төзбеушіліктен бас тартатын Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ілімінің бейбітшіл мәні еліміздегі тұрақтылықты сақтап, одан әрі нығайтуға жағымды әсерін тигізеді.
Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам – біздің дүниетанымызды анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете жаздаған бай мұсысмандық мәдениеті мен ата-бабаларымыздың рухына деген тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес».
Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны қарқынды түрде өсуде. Егер 1991 ж. олардың саны тек 68 болса, 2000 жылдар басында 1652-ге жетті, ал 2011ж. 1-қантарында 2756-ға көтерілді. Елімізде жаңа мешіттер салынуда. 2011 ж. басында 2416 мұсылман ғимараттары қызмет атқаруда.
2005 ж. 22 науырызында Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен еліміздегі ең ірі мешіттердің бірі «Нұр-Астана» мешіті ашылды. Мешіттің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Елбасы: «Жаңа мешіт Қазақстанның жас астанасының нағыз рухани және діни орталығына айналады, ал оның өз сұлулығымен ерекшеленетін ғимараты қаланың сәулеттік келбетін көркемдей түсіп, оны қайталанбастай етеді... Діни ғимаратпен танысқан қала қонақтары Астана туралы қазіргі замандағы ең үлкен діндердің бірі исламды ұстанатын мемлекеттің астанасы деген ой қалыптастырады»- деді.
Ол Астанамыздың сол жағалауын көркейткен Ислам мәдени орталығы құрамына енді. Мешіт күніне бес мың адамды қабылдай алады. Айналасында биіктігі 62 метр төрт мұнарасы бар ғимаратты алюминий және алтынмен қапталған 21 күмбез безендіріп тұр. Бас күмбездің биіктігі 43 метр.
Алматыда «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам университеті ашылды. Жыл сайын жаңа медреселер пайда болуда. Дін ұстанушылар саны күннен-күнге өсуде, олардың арасында жастар көп. Орташа және жоғарғы діни білім алатын адамдар саны көбеюде. Меккеге қажылыққа баратын қазақстандақтар саны өсуде. 2001 ж. қажылыққа 228 адам аттанса, 2007 ж. желтоқсанында 4300 қажылар ұзақ жолға шықты.
2006 жылдан Қазақстанда мұсылмандардың мейрамы Құрбан айттың бірінші күні демалыс деп жарияланды.
Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 8059;