Тақырып: Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы.

1. Ислам діні пайда болуының тарихи алғы шарттары.

2. Мұхаммед пайғамбардың өмірі.

3. Алғашқы төрт халифа тұсындағы ислам дінінің таралуы.

4. Омейядтар және Аббасидтер халифаты тұсындағы ислам дінінің тарихы.

 

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.

Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.

Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп6 тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Ны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-әкономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады.

Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.

Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.

632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды.

Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.

 

Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келді. Ол күрейіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты. Әкесі Абдалла ұлы туылған соң қайтыс болды (кейбір деректерде ұлы дүниеге келгенге дейін). Шешесі Әмина меккелік дәстүр бойынша оны асыраушы-бәдәуи әйелге береді. Ол баланы 5 жасқа дейін бағады. Алтыға толмай анасынан айырылған жетім баланы алдымен атасы Абдалмүттәліб, ал ол қайтыс болған соң ағасы Әбу Тәліб асырайды. Әбу Тәліб саудамен айналысқанымен, қарапайым күн кешеді. Сондықтан үлкен отбасын асырау Әбу Тәлібке қиынға соқты. Оның төрт баласы болды. Кейін Әбу Тәліб жұтаған кезде оның кіші балаларын туыстары төрбиелейді, ал Мухаммед Әбу Тәлібтің кенжесі Әлиді өз қолына алады.

Мухаммед бала кезінен еңбекке ерте араласады, меккеліктердің қойын бағып, сауда керуендерін жабдықтауға қатысады. Шамамен 25 жасында күрейіштердің Әбд ол-Узза руынан шыққан бай жесір әйел Хадишаның Сирияға баратын сауда керуендерін ұйымдастырып, қосшы болуға жалданады. Кейін Мухаммед пен Хадиша бас қосады. Мұсылмандық тарихи дәстүрге сай Хадиша Мұхаммедтен 15 жас үлкен болған. Алайда Хадиша Мұхаммедпен некеге түрғанда 28 жаста болған деген деректер сақталған. Олардың екі ұл, төрт қызы болады. Мүхаммедтің өкінішіне қарай ұлдары ерте дүние салады. Хадиша Мұхаммедтің сүйікті әйелі ғана емес, нағыз досы, өмірдегі арқа сүйер тірегі де бола білді. Хадишаның көзі тірісінде Мұхаммед басқа әйел алған емес. Некеге тұрған соң Мұхаммед сауда жасайды, бірақ бұл салада айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Мұхамедтің ашық уағыз айтуы 610 ж. басталды. Мұсылмандық тарихи дәстүрде бірнеше атақты күрейіштердің Мұхаммедті шақырып алып, егер оған билік қажет болса, барлық араб тайпаларына көсем болуды, егер байлық керек болса, оны да ал деген ұсыныс жасағандығы туралы айтылады. Мұхаммед одан бас тартқан соң, күрейіштер одан пайғамбарлығын дәлелдеуді талап етеді. Олар Арабияны құнарлы жайылымдарға толтырып, Сирия мен Ирактағы сияқты өзендер ағызуды тілейді. Бірақ Мұхаммед ғажайыптар тек Аллахтың қолында екенін, ал өзі соның елшісі ғана екенін айтады.








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 18396;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.