Тақырып: Ислам дінінің негізгі бағыттары мен мазхабтары.

1.Ислам дініндегі жікке бөліну: суниттер, шииттер, хариджиттер.

2.Ислам дініндегі негізгі мазһабтар.

3.Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның негізгі ұстанымдары.

4.Сопылық ілімнің қазақ жерінде таралуы.

 

Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші – Мұхамедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан “Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ мұхаммадүр – Расулүллаһ,” – деген мүбарак қағиданы тілмен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Има, сенушіні Мүһмин деп атайды.

Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.

Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.

 

Исламдағы негізгі бағыттарды Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық, - деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар-суннилер және шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан туды.

“Сунна” араб тілінде “жол” деген мағына береді. Cуннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін “аһли ас-сунна”, немесе “аһли әхли-сунна уа жамағат” - “сунна адамдары”, - деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне “аһли шариар” деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мазхабқа бөлінеді. Олар – ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.

Сунниттер өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис болып екіге тармақталады.

Шийттердің төрт тармағы бар, Исмайлиттер (карматтар), “шеткілер” (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.

Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағалаарасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан да болар шийттік баспалардан шыққан Құран кәрімдерде Алиді ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар)деп аталады.

Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі – имамиттер. Олардың пайымдауларынша Али тұқымының он бірінші имамы әл-Хасан әл-Аскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң, он екінші имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, өкінішке орай ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны “жасырын” имам-махди деп атайды. Тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болады.

Осымен қатар шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Оны олар “такийа” – деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі нысаны сунниттіктерде де кеңінен қолданылады. Сунниттіктердің айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.

Мазһаб. Араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді. Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды. Терминологияда Мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құран аяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған. Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген. Барлық мазһабтар, қай мақсатта және қай себеппен шықса да, Құран мен сүннет түсінігіне арқа сүйейді. Десек те, олар осы екі негізгі қайнар көзді түрліше түсініп, әрқалай жорамалдаған.

Ислам тарихындағы саяси және итикадтық себептермен шыққан мазһабтар бастапқыда «фырқа» (көпше түрде фырақ), «нихле» (көпше түрі нихал) және «мақала» (көпше түрі мақалат) деп аталған. Бұл ұғымдардың әрқайсысы басқа түсінік пен амалда болған топ немесе топтар деген ұғымды білдіреді. Яғни, белгілі бір себептермен мұсылман қоғамына сай келмейтін діни топтардың атауы болып табылады. Мұсылман қоғамдары арасында пайда болған бөгде діни түсінік пен жорамал алғашқыда «мақала» деп аталған. Мысалы, адамдар үлкен күнә істеген мұсылманның жағдайы туралы пікір таластырғанда осы тақырыпта бір ғалым басқа түсінік берсе, осы көзқарас немесе түсінікті «мақала», оны шығарған адамды «сахибу л мақала» деп атайтын еді. Имам Әл-Әшаридің «Китабу Мақалати л-муслимин уә хилафи л мусаллин», әл-Куммидің «Китаб л-мақалат» атты шығармалары осы салада жазылған алғашқы туындылар ретінде түрлі мақалалар туралы кең мәлімет береді. Сонымен қатар, «мақала» сол кезеңдегі адамдардың тұрақты (өзекті) мәселесі деген мағынаға және жүзеге асыруы үшін жіберілген.

Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎, таṣаууұф) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي‎, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген.

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған[6]. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 18334;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.