Арнайы құралдар панелі
Негізгі құралдар панелінен арнайы құралдар батырмасын басып, осы панельді ашуға болады. Бұл панельде қажетті құралды таңдап, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тақырып қатары - тақтаның орнын ауыстыру үшін, оны шертіп орналастыруға болады. Ал жабу үшін Жабу батырмасын шерту жеткілікті.
Сызғыш құралы - экран сызғышын іске қосады.
Транспортир құралы - экран транспортирін іске қосады.
Сүйекпен ойнау құралы – сүйек лақтыру арқылы кез келген сандарды шығарады. Шыққан сандар қосындысын флипчарт бетіне енгізуге мүмкіндік береді.
Бөлшек жазу құралы - бөлшектер жазуға мүмкіндік береді.
Калькулятор - математикалық амалдарды орындайды.
Пернетақта - экранда пернетақтаны іске қосады және флипчарт беттерінде мәтінді енгізеді.
Веб-браузер - сабақ кезінде ACTIVstudio-дан Интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Лента - мәтіндік хабарлама құрайды.
Ескертулер мен көрсеткіштер - экранда ескертулер мен көрсеткіштерді құрады (электронды наклейка).
Флипчатты жазып алу құралы - флипчарт бетіндегі әрекеттерді жазуға және анимация құруға болады.
Сағат – экран бетіне сандық және аналогтық сағаты шығарады.
Флипчарттың құралдар панелі арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.
Келесі бет - флипчарттың келесі бетіне өту. Флипчарттың соңына жаңа беттерді қосады.
Алдыңғы бет - флипчарттың алдыңғы бетіне өту.
Бет таңдау - флипчарт беттерін қысқаша қарауға және жұмыс беттерін таңдауға мүмкіндік береді.
Бетті ұйымдастыру - флипчарт беттерін ретке келтіреді.
Кітапхана ресурсы - презентацияға қажетті кең көлемді ресурстарға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1475;