Интерактвиті құрылғылар

Ағылшынның Promethean LTD фирмасы Activboard арқылы оқу процесінде тыңдаушылардың назарын сапалы, қызықты презентациялар өткізу үшін электронды интерактивті тақта ұсынылады.

Activboard – Активті Экран интерактивті тақта дербес компьютер және проектормен бірігіп жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аудиторияға электронды конспект дайындап оны көрсету үшін өте тиімді.

Activpen – электронды қарындаш компьютерді Активті Экран арқылы басқарып, Widows-та түрлі аннотациялар жасап көрсете алады. Электронды қарындаш компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Қалам ұшына басу тышқанның сол батырмасының қызметін атқарады. Қауырсын батырмасын басу тышқанның оң батырмасының қызметін атқарады.

ACTIVtablet планшеті – алдын ала материалды дайындап, кейін оны Activboard –та көрсетуге өте ыңғайлы. Бұл құрылғы өте қарапайым және ыңғайлы. ACTIVtablet планшеті кәдімгі компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады. Бірақ, компьютерге жалғанбай-ақ (ACTIVboard-қа жалғанбай) ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary-де конференция, презентация материалдарын дайындау өте жеңіл. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы жалғанады, бағдарламаның барлық құрылғыларымен жұмыс жасай беруге болады.

ACTIVote тестілеу жүйесі – аудиторияда қатысып отырғандарға тест немесе сұраққа радиопульт арқылы жауап беріп, ал қорытындысын экраннан көруге болады.

ACTIVslate топпен презентация (конференция) өткізгенде қолдану өте ыңғайлы. Ол жұмыстың сапасын жақсартып, толықтырады. ACTIVslateА5 форматында жасалған ол Activboard-қа радио порт арқылы жалғанған. Аудиторияның кез келген жерінде Activboard-пен жұмыс жасауға болады. Бір аудиторияда 64-ке жуық ACTIVslate-ті қолдануға болады.

 

ACTIV wand– электронды таяқша. ACTIV wand электронды таяқша ұзындығы 54 см болады. Ол тіпті өте кішкентайлар үшін тақтаның жоғарғы бөлігіне дейін жетуге ыңғайлы. Тінтуірдің сол жақ батырмасының қызметін атқаратын бұл жерде де кішкене батырма бар. ACTIV wand бағдарламалармен, web-беттермен жұмыс жасауға, тіпті «солақайларға» тақтаның оң жағында да сол жағында да тұрып жұмыс іслеуге ыңғайлы етіп жасалған

ACTIVSTUDIO БАҒДАРЛАМАСЫНА КІРІСПЕ,








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1271;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.