Сурет және диаграммалармен жұмыс

Диаграммамен жұмыс

Диаграмманы Microsoft Power Point-та құруға немесе Microsoft Excel-ден кестені немесе дайын диаграмманы дайын даграмма көмегімен құруға болады. Power Point-та диаграмманы стандартты түрде құру әдісі Microsoft Graphics қосымшасы болып келеді, ол Power Point-пен бірге автоматты түрде орнатылады, онда диаграмма белгілі бір мәлімтпен бірге кесте түрінде көрсетіледі.Кестеге мәліметтерді өз бетімізбен, мәтіндік файлдан импорттауға, Lotus 1-2-3 форматтағы файлдан импорттауға немесе Microsoft Excel диаграмасын және кестелерді орнатып, сонымен қатар басқс қосымшалардан енгізуге болады.

Microsoft Power Point терезесі

Microsoft Graphics кестелі терезесі

Microsoft Graphics терезесі диаграммамен

 

Диаграммамен жұмыс кезінде экранда Microsoft Graphics түймешелері (кнопка) және мәзір пайда болады(егер диаграмма Excel-ден қойылған боса, онда Excel түймешелері мен мәзірі Power Point мәзірімен біріккен)диаргаммаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, диаграмма типін дөңгелектен гистограммаға немесе жаңа түстер қосу керек болады. Диаграммамен жұмыс кезінде оның өзгеруі туралы турулы мәліметтер Анықтама мәзірінде болады.

Диаграмма қосу

Келесі іс әрекеттердің бірін орында

Диаграмма құру

- Орнату мәзірінен Диаграмма пцнктін таңдаңыз

- Үлгі ретінде көрсетілген мәліметтерді өзгерту үшін, кесте ұяшығын басып керекті мәләметті енгізіңіз

- Слайдқа оралу шүін диаграмманың сыртын шертіңіз.

Microsoft Excel диаграммасын импорты

1. Орнату мәзірінен Диаграмма пунктін таңдаңыз.

2. Кестеге ауысыңыз. Егер кесте көрінбей тұрса, Кесте режимі батырмасын басып оны шақырыңыз.

3. Егер импортталған мәліметтерді енгізу керек болса, керекті ұяшықты таңдап, кестенің сол жақ жоғары ұяшықтан бастаңыз.

4. Правка мәзірінен Импорт мәзірін таңдаңыз.

5. Алаңдар тізімінен Бумада іздеу дискісін, буманы немесе XLS форматын көрсетіп файлдар типі алаңынан Интернетте орналасқан дайлды табыңыз.

6. Импорттауға керекті файлдар белгішесін 2 рет шертіңіз.

7. Импортталған мәліметтер өлшемі терзесінен керекті кестені таңдаңыз. Импорттау 1 ғана бетке тисті.

8.Келесі іс әрекеттердің бірін орында

- Бетті толық импорттау үшін, Импорт тобындағы ауыстырғышты Кестені толық батырмасын ауыстырыңыз.

- Мәліметтің қандай да бір бөлігін импорттау үшін, Диапозон ауыстырғышын орнатыңыз және мәләметтер диапозонын көрсетіңіз. А1 ұяшығынан В5 ұяшығынан дейін импорттау үшін, Диапозон алаңына А1:В5 диапозоны деп жазыңыз. Егер диапозон арнайы болса, сілтеменің орнына диапозон атын енгізіңіз.

9. Егер 3 пункте ұяшық енгізілген болса, Ұяшыққа мәліметтерді қайта жазу белгісін алып тастаңыз.

Сызба нұсқаларды салу

1. Сурет құрал саймандар тақтасында Автфигура батырмасын басып, сызба нұсқа командасын таңдап, керек фигураны таңдаңыз.

2. Сызба нұсқаны салу керек жерге апарып батырмасын басыңыз.

3. Сызба нұсқанға фигураны қосу керек болса және 2 қадамдарды қайталап, сосын фигураны керегіңізше орналастырыңыз.

4. Фигуралар арасында байланыстыратын сызықтарды қосыңыз.

1. Суретті салу құрал саймандар тақтасынан Автофигуралар батырмасын басыңыз да, Байланыстыратын түзулер командасын таңдап, керекті байланыстырадтын сызықты таңдаңыз.

2. Тышқан сілтеішін байланыстыратын түзулердің бекитін жеріне апарыңыз. Тышқан сілтемесінің фигура аумағында қозғалғанда бекіген жерлері көк дөңгелек түрінде көрінеді.

3. Байланыстың 1-ші керек жерін шертіңіз, тышқан сілтемесін келесі фигураға бағыттап, сосын екінші байланыстыратын жерді шертіңіз.

4. Блокталған байланысатын түзулер фигураның орныны ауыстырса да, оны біріктіріп ұстап тұрады.

Болкталған байланысатын түзулер.

5. Фигураға мәтінді қосу.

Түзудің неменсе байланыстыратын түзудің түсін өзгерту

5. Сурет салу құрал саймандар тақтасында Түзудің түсі батырмасының жанындағы сілтемені шертіңіз.

6. Келесі іс әрекеттердің бірін орында

- Түзудің түсін қолданғанда көрсетілген бойынша ауыстыру үшін, Авто батырмасын басыңыз

- Басқа түске өзгерту үшін. Авто батырмасының астындағы керекті түсті таңдаңыз.

Формаға түс немесе құйманы қосу

Өзгертетін фигураны ерекшелеп алыңыз

Сурет салу құрал саймандар тақтасында Құйманың түсі батырмасының жанынан сілтемені басыңыз.

Келесі іс әрекеттердің бірін орында

- Егер иүсті өзгенрту керек болса, Авто батырмасының астындағы керекті түстің бірін таңдаңыз.

- Егер градиентті, оюлы, мәтінді, құйманы немесе сурет қосу керек болса, Құю түрлері батырмасын басып, керек қатпарды және өл\шемдерді таңдаңыз.

Мәтіндеді диаграммаға қосу

1. Microsoft Power Point- те өзгертуге керекті диаграмманы 2 рет шертіңіз,

2. Кестеге ауысыңыз. Егер кесте көрінбей тұрса, Кесте режимін басыңыз.

3. Келесі іс әрекеттердің бірін орында

Мәліметтерді енгізу

1 Ұяшықты шертіңіз де, мітңн немесе санды енгізіңіз.

Анықтама мәзірінде кестемен жұмыс туралы мәліметтерді алу үшін Microsoft Graphics бойынша анықтама командасын таңдаңыз

2.Слайдқа оралу үшін диагамма сыртын шертіңіз.

Мәліметтерді импорттау.

3Импортталатын мәліметтерді енгізу керек болса, сол жақтағы жоғарғыұяшықтан басқаны басыңыз.

4. Правка мәзірінен Импорт командасын таңда

5. Импортталатыжн файлдың белгішесін 2 рет шертіңіз.

Мәтіндік файлды импорттау

- Мәтіндік мпорттау шеберінің диалогтық тересіндегі нұсқаға жүгініңіз

- Microsoft Excel-гі электронды кесте немесе диаграмманы импорттау.

1. Мәліметтерді импорттау өлшемдері терезесінде керекті кестені табыңыз. Бір бетті ғана импорттауға болады.

2. Келесі іс әрекеттердің бірін орында

- Бетті түгелімен импорттау үшін, Импорт тобында кестені түгел көшіруге ауыстырыңыз.

- Қандай да бір бөлікті импорттау үшін. Ауыстырғышты Диапозонға орнатыпкерек мәліметтер диапозонын көрсетіңіз. А1 ұяшығынан В5 ұяшығынан дейін импорттау үшін, Диапозон алаңына А1:В5 диапозоны деп жазыңыз.Егер диапозонның атауы бар болса, онда атын өзгертіңіз.

3.Егер 3 пункте ұяшық енгізілген болса, Ұяшыққа мәліметтерді қайта жазу белгісін алып тастаңыз.

Мәліметтермен байлазныс құру

Бастапқы қосымшаларда орналасқан мәліметтермен байланысты құру кезінде, Microsoft Windows немесе Microsoft Excel кестесімен Microsoft Graphics құрылғысында кесте жойылады.

1. Бастапқы команда да Power Point диаграммасының кестесімен байланысатын мәліметтерді ерекшелеңіз. Мысалы, егер сіз Microsoft Excel-ге электронды кестемен жұмыс жасасаңыз, керек ұяшықтардың диапозонын екрекшелеңіз.

2. Прапка мәзірінде бастапқы көшірменің Көшіру командасын таңдаңыз.

3. Power Point-ң кестесіне аусыңыз

4. Правка мәзірінде Байланыстыру командасын таңдаңыз.

Ұйымдастыру диаграммасын қосыңыз.

1. Сурет салу құрал саймандар тақтасында Ұйымдастыру диаграмасы батырмасын басыңыз

2. Ұйымдастыру диаграмасының типін таңдаңыз да, ОК батырмасын басыңыз.

3.Келесі іс әрекеттердің бірін орында

Электрондық оқу курсының моделі

 

Оқу тәрбие үрдісіндегі ЭОК орны туралы айтқанда қазіргі оқу жүйесіндегі ерекшеліктерді ескерген жөн болады, онда оқытудың түрлі формалары қатар жүрнді, ал олар үшін өздік жұмысқа арналған сәйкес әдістемелік қамсыздандырудың орны өте маңызды. Осыған байланысты электрондық түрдегі оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну мен оның құрылымы оларды қолдану әдісіне қарай өзгеретіндей болуы керек. Нәтижесінде көптеген пайданаушыларға арналған кең көлемдегі оқу-әдістемелік ресурстарды қамтамасыз ету қажет.

ЭОК қойылатын талаптар. ЭОК тек қашытықтан оқыту жүйесіне ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге ол дәстүрлі күндізгі оқу жүйесіне де енгізілді. ЭОК түрлі мақсаттарда пайдаланылады: білім алушылардың жаңа материалды өз бетімен меңгеруін қамтамасыз етуде, оқу іс-әрекетін саралап жүзеге асыруда, оқытудың сапасын бақылауда және т.б. Түрлі оқу орындарында ЭОК жеткілікті түрде жасалады, ол әр түрлі пәндік аймақты қамтиды.

ЭОК жобалау кезінде алдымен оқу-тәрбие үрдісін өте нәтижелі етеіндей технологиялық сипаттама беру керек. Автоматтандырылған оқыту жүйесі сипатында ЭОК келесі функцияларды атқаруы керек:

- оқу пәнін меңгеруде білім алушының іс-әрекетін нәтижелі басқару;

- оқу-танымдық іс-әрекетті жігерлендіру;

- оқу-танымдық іс-әрекеттіңәр түрінің сәйкестенуін оңтайландыру, бұл жерде олардың әрқайсысының дидактикалық ерекшеліктерін ескеру қажет;

- материалды берудің түрлі технологиясын тиімді түрде үйлестіру (мәтін, графика, аудио, бейне, анимация);

- желіде виртуальды семинарларды, дискуссияларды, ойындарды және т.б. орналастыруды коммуникациялық технологияның негізінде қамтамасыз ету.

ЭОК мазмұнына қойылатын талаптар. ЭОК мазмұны нақты пәндік саланың толықтығын, педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді пайдаланудың нәтижелілігін қамтмасыз етуі керек, соның ішінде:

- Мемлекеттік білім стандартына сәйкес материал көлемінің жеткілікті болуы, өзектілігі, жағалығы және ерекшелігі;

- фактографиялық, практикалық мазмұндылығы, жүйелілігі және тұтастығы;

- оқу материалын ұсыну әдістемесінің педагогикалық қалыптасуы, бақылаку жүйесі, вариативтік принциптеріне сәйкестігі.

ЭОК ерекше маңыздылығын ескере отырып өзіндік жұмысты қамтамасыз ету үшін талаптар жүйесіне келесі мәселелерді енгізу қажет, олар:

- теориялық материалды нақты түсіндіру, білім алушылардың арнайы сызба арқылы барлық қажетті білімді меңгере алу мүмкіндігі;

- мақсат қоюдың ерекше нақтылығы;

- тапсырманы орындауда келтірілген мысалдарды толық түсіндіру;

- білім алушылардың танымдық белсендігін арттырудың түрлі әдістермі мен құралдарын қолдану.

ЭОК құрылымына қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі түсінік бойынша ЭОК оқытудың ақпараттық технологиясы арқылы оқу-тәрбие үрдісін қамсыздандыратын күрделі дидактикалық жүйе болып табылады. ЭОК келесі функиональдық блоктар кіреді, олар: ақпараттық-мазмұндық, коммуникативті-бақылау және коррекциялық-жалпылау.

Ақпараттық-мазмұндық блокта екі болкшалар бар.

Ақпараттық:

- оқылатын курс немесе нақты тақырып бойынша жалпы ақпарат;

- курсты (тақырыпты) оқудың мерзімі;

- оқу пәні бойынша тақырыптар мен бөлімдердің өтілу графигі;

- коммуникация құралдарын қолдану арқылы практикалық және семинар сабақтарын өткізу графигі (электрондық пошта, теле және бейнеконференциялар, т.б.).

Мазмұндық:

-оқу жоспарлары, оқу және жұмыс бағдарламалары;

- оқулықтар, есептер жинағы, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, анықтамалықтар;

- семнарлардың ашық жоспарлары;

-негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

- пән бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарының тізімі;

- электронды материалдармен жұмыс жасау туралы ұсыныстар.

Коммуникативті-бақылау болгы:

-білім алушының бастапқы дайындық деңгейін анықтауға арналған тестілеу жүйесі;

- ағымдық бақылауға арналған сұрақтар;

- бағалау критериі.

Коррекциялық-жалпылау:

- білім алушылардың жұмысының қорытынды нәтижесі;

- оқу-танымдық іс-әрекеттің диагностикасы;

- түрлі бақылаулардың нәтижелерін талдау.

ЭОК мазмұнына қойылатын талаптар. Оқу – тәрбие үрдісінде ЭОК нәтижелі қолдану үшін оның мазмұны ғана емес, сонымен бірге техникалық параметрлері де маңызды болып табылады. Бұл жердегі негізгі талаптар мыналар:

- қажетті жады көлемінің тиімділігі, пайдаланушы үшін қолжетімділігі;

- ЭОК арналған бағдарламалық өнімдердің орындалуы;

- бағдарламалардың жүзеге асуының сапалығы, периферийялық құрылғылар жұмысының дұрыстығы;

- ЭОК интербелсенді жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі.

ЭОК жобалау кезеңдері. Қазіргі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері, ақпараттық мәдениеттің өсуі оқытушылапды ЭОК жасауға тарту мүмкіншілігін туғызады. ЭОК жобалау кезінде келесі негізгі бағыттарды бөліп алуға болады, олар: мәселені идентификациялау, концептуализация, формализация, жүзеге асыру және тестілеу.

Инденитфикациялау үрдіске қатысушылардың рөлін, шығарылатын есептің сипаттамасын, мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Концептуализация оқу пәнінің мақсатын, маңызын, мазмұнын анықтайды.

Формализация ЭОК өолдану арқылы шығарылатын дидактикалық есептерді талдауды ұсынады.

Жүзеге асыру дидактикалық есептердің формализацияланған шешу әдістерін соңғы схемаға ауысуын көрсетеді.

 

 

Гипермәтінді технологиялардың ЭОК құрастырудағы мүмкіндіктері

 

Қазіргі кезде «гипермәтін» термині кеңінен қолданылады. «Гипермәтін» дегеніміз мәтіннің үстіндегі мәтін дегенді білдіреді, ол қарапайым мәтіннің үстінде орналасады. Гипермәтіннің негізгі ерекшелігі – онда гиперсілтемелер болады. Олардың әрқайсысы оқушыны белгілі бір бағытқа жетелейді.

HTML технологиясында орынлаған жекелеген құжаттарды HTML беттер деп атайды. Сонымен бірге статикалық, өзгермейтін беттерді және пайдаланушының қандай да бір іс-әрекетінің негізінде өзгеретін динамикалық мазмұнды анықтайды. ЭОК жұмыс кезінде негізгі дидактикалық принциптерді жүзеге асыру үшін динамикалық гипермәтін қолданылады, онда білім алушыға ұсынылатын материалды оның іс-әрекетіне қарай жасауға мүмкіндік туады. Ол гипермәтінді ЭОК иілгіш, өзін-өзі қалыптастыратын жүйе ретінде ұсынады:

- динамикалық жасалытын гипермәтіндік беттерді пайдалану қолжетімдік принциіпін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ол өз кезегңнде сараплап оқытуға жағдай жасайды;

- беттерге мультимедиа элементтерін қосу үйретіші ортаны құруға мүмкіндік жасайды, яғни көрнекілік принрципі жүзеге асады;

- гиперсілтемелр түрлі материалдарды табиғи түрде байланыстыруға мүмкіндік береді, сол арқылы практикалық жұмыстарды орындауда теориялық материалды қолдануға және керісінше жұмыс жасауға жағдай жасайды, яғни теория мен практиканың байланыс принципі сақталады;

- гипермәтінді үйретуші жүйенің жұмысы білім алушы көрсететін нәтижелерге келтіріледі, яғни кері байланыс арқылы білімнің мықтылығы принципін жүзеге асырады.

Оқу материалдарын стуктуралау. ЭОК жасау кезінде гипермәтіндік технологияны қолдану авторға көптеген талаптар қояды.

Біріншіден, ол аяқталған өнімді көрсетеді - қөысқаша анықтамалық-сөздік, энциклопедия, дәрістер мәтіні, немесе осы жоғарыда талағандардың бәрі кіретін электронды оқу курсы.

Екіншіден, авторда ұсынылатын материалдың апробацияланған тұжырымдамасы болады, себебі осындай тұжырымдаманың негізінде ЭОК дайындауға болады.

Гипермәтінді жүйедегі новигация. Гиперсілтемелердің болуы білім алушының тілегі бойынша оқу материалының бір бөлігінен екінші бөлігіне өту мүмкіндігін береді. Дегенмен, көрсетілген сілтеме арқылы ауысу күрделі пәндерді меңгеруде нәтиелі бола бермейді. Оқытушы гипермәтінді оқыту жүйесіне өз бетімен жұмыс жасауға арналған құралдарды салады және оқытудың сапасына қойылатын талаптардың орындалуын қамтмасыз tntny оқу материалын меңгерудің қатаң жүйесін ұсынады. Гипермәтіннің мүмкіндіктерін арнайы құрылғыларды қолдану арқылы жақсартуға болады. Ол ақпаратты арнайы кілттік сөздер арқылы іздеуге арналған арнай навигациялық құралдар болуы мүмкін.

Мысалы, барлық қазіргі мультимедиалық электрондық оқулықтарда тақырып немесе пәндік көрсеткіштер арқылы кешенді іздеу көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Кілттік сөздердің белгілі бір топтамасын енгізу арқылы көрсетілген сөздері бар мәтін бөлімдерінен бөлек, солапға сәйке бейне немесе анимациялық иллюстрацияларды, модельдеуші бағдарламаларды да табуға болады.

Білім алушыны жаңа көзқарастар мен жаңа байланыстардың альтеринативасын қарастыру үрдісінде гипермәтінді үйретуші жүйе шығармашылықтық, іздеу іс-әрекетінде нәтижелілікті қамтамасыз етеді, әрине ол білім алушының өздігіне, мақсат қоя білуіне қөп жағдайда тәуелді болады.

 

 

ACTIVboard интерактивті электрондық тақтасы. АСTIVstudio бағдарламасы.

Оқыту үрдісінің басты мәселелерінің бірі оқыту материалының қабылдау деңгейін қалай көтеруге болады, яғни түсінуді, есте сақтауды және алған білімді қолдануды жақсарту болып табылады. Ақпараттың 80 пайызын адам көру органдары, 15 пайызын есту және қалған 5 пайызын иіс, дәм сезімдері арқылы қабылдайтыныны белгілі. Бірақ, тек қана қабылдау емес, ақпаратты есте сақтау туралы сөз қозғағанда қозғалыс зейінінің ролі өседі. Сондықтан, сабақ уақытында оқушыларға әрдайым түсіндіріліп жатқан материалға байланысты өздеріне әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Осы жағдайда жаңа ақпараттық технологиялар өте үлкен көмек көрсетеді, түсіндіруге және ақпаратты белсенді қабылдау үшін мультимедиялық орта беріп қана қоймай, оқушылардың осы ақпаратты оқып-үйренуге деген мотивациясын жоғарылатады. Кәзіргі кездегі білім саласында қолданатын жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі компоненттерінің бірі электрондық интерактивті тақталар. Интерактивті тақталарды білім саласында қолдану оқыту үрдісіне жаңа сапа енгізеді, өйткені, тек қана сабақты дайындауды және өткізуді жеңілдетіп қоймай, интерактивті тақталарға дейін болмаған мүмкіндіктерге жол ашады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:

· Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;

· Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

· Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді.

· Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады

Оқушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:

· Сабақты қызықты етеді және оқушы үшін мотивациясын дамытады;

· Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.

· Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.

· Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және оздеріне деген сенімі арта түседі.

Бірақта тақта - тек қана құрал, ал оқыту үрдісінің тиімділігі көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы бағдарламалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Осылайша, интерактивті тақтаны қолдану оқу үрдісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді, оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын және бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1934;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.035 сек.