ОНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСУ

ACTIVstudio Professional Edition – мұғалімдерге сабақтарды өткізу барысында ACTIV-тақтаны қолдануға арналған бағдарламалық жабдық.

ACTIVstudio бағдарламасын орнату

Компьютерге Activboard құрылғысы қосылмай тұрғанда бағдарламаны орнату қажет. Бағдарламаны орнату үшін арнайы дискті қолданыңыз. Қорабында екі арнайы диск болады. Алдымен № 1 дискті дискжетекке салыңыз. Автоматты түрде келесі терезе ашылады.

 

Осы терезеде бағдарламамен жұмыс істеуге қажетті тілді таңдаңыз да Бастау батырмасын басыңыз. Келесі стандартты орнату әрекеттерін орындаңыз.

 

 

 

 


Келесі терезеде пайдаланушы мен мекеменің атауын енгізіңіз.

           
     


 

 


№ 2 дискіні салып, ok батырмасын шертіңіз

 

Орнату аяқталғаннан соң келесі терезе ашылады, компьютерді қайта жүктеуді таңдап, Дайын батырмасын шертіңіз.

 

ACTIVstudio-ны іске қосу

Жұмыс үстеліндегі

ACTIVstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет немесе келесі командалар ретін орындаңыз: Бастау → Бағдарламалар → ACTIVsoftware → ACTIVstudio→ACTIVstudio Professional Edition.

Калибровка жасау

Калибровка қалам ұшы мен тінтуірдің курсорын сәйкестендіру үшін орындалады. Activboard калибровка процедурасы кез келген уақытта тез және оңай орындалады. Егер де Activboard тақтасы және проекциялық құрылғы стационарлы болса, онда калибровканы басқа компьютерді қосқанда ғана жасауға болады. Егер проекторды немесе үстелді басқа орынға ауыстырғанда (немесе қабырғаны, Activboard тақтасы орнықтырылған) немесе сеанстың соңында калибровканы жұмыс жасау барысында қайтадан қалыпқа келтіруге тура келеді.

Калибровка жасау үшін, сол жақ төменгі бұрыштағы таңбаны басып, төменгі әрекеттерді орындау қажет.

Windows жүйесі орнатылған компьютер үшін калибровка бағдарламасы мына түрде орнатылады. Компьютерде орнатылған Windows жүйесінен калибровка бағдарламасын, тапсырмалар тақтасының жүйесіндегі таңба драйверінде тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз.

Калибровка бағдарламада қаламды активті облыста басқаннан кейін экранда калибровка таңбасы пайда болады. Асықпай бұл таңбаның ортасына қаламды шерткеннен кейін келесі таңба пайда болады. Бес калибровка таңбасын шерткеннен кейін, бағдарлама автоматты түрде жабылады. Осымен ACTIVboard жүйесіндегі калибровка аяқталады.

Арнайы құрал-саймандар тақтасы Флипчарт құралдар тақтасы








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1332;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.