Негізгі құралдар панелі

Тақырып қатары – флипчартты жабады, негізгі құралдар панелінің орнын ауыстыру үшін тақырып қатарына шертіп, керекті орынға ауыстыруға болады.

Басты Меню батырмасы - ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады. Құралдар панелін және параметрлерін баптауға мүмкіндік береді.

 

Жоғары-төмен жылжыту батырмасы – флипчарт бетін экранда жоғары-төмен жылжытады.

 

Флипчарт батырмасы - ACTIVstudio мен Windows қосымшасының арасында флипчартыңызды көрсетеді немесе оны жасырады. Егер жаңа флипчарт құрылмаған болса, онда оны құрады.

Жұмыс үстелінде аннотация жасау - Windows қосымшаларында, жұмыс үстелінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Қаламның жалпақтығын таңдау - қаламның, маркердің және өшіргіштің қалыңдығын әр түрлі көлемде таңдау мүмкіндігін береді.

Түстер палитрасы – қаламның, маркердің құю құралының түсін өзгертуге мүмкіндік береді.

Еркін таңдау құралы - бір немесе бірнеше объектілерді таңдап, оларды редактілеуге және басқаруға мүмкіндік береді.

Қалам құралы - флипчартта аннотация жазуға немесе сурет салуға мүмкіндік береді.

Маркер құралы - қаламмен мәтінді, аннотацияны және кескінді ерекшелеуге мүмкіндік береді.

Өшіргіш құралы - флипчарттағы объектілерді жасыруға мүмкіндік береді.

Мәтін құралы - флипчартқа тақырып немесе мәтін енгізуге мүмкіндік береді.

Тазалау құралы - флипчарттың нысандарын, нұсқауларын, торларды, фондарды және флипчарт бетін толығымен өшіруге мүмкіндік береді.

Болдырмау - флипчартта орындалған соңғы командаларды немесе редакторлеуді толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Қайтару - Болдырмау батырмасын басқанға дейінгі жағдайды қайтаруға мүмкіндік береді.

 

Бүркемелеу құралы- флипчартты жасырып, соңынан оны төрт жағынан – жоғарыдан, төменнен, сол жағынан және оң жағынан ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Прожектор құралы – флипчатты бүркемелеп, белгілі аймағын көрсетуге немесе сол аймақты ғана бүркемелеуге мүмкіндік береді.

Фотоаппарат құралы – флипчарттың бөлігінің немесе бүкіл бетінің көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.

Беттің көлемі - флипчарттың бетін үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.

Арнайы құралдар - арнайы құралдар панелін ашуға мүмкіндік береді.

Тану құралы - қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдыруға, геометриялық фигураларды түзулеуге мүмкіндік береді.

Құю құралы - нақты аймақты түспен толтыруға мүмкіндік береді.

ACTIVote тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1413;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.