Б а п . Психоневрологиялық ұйымдарда, арнайы оқытатын
Мектептерде тұратын адамдардың құқықтары және осы
Йымдар әкімшілігінің міндеттері
1. Психоневрологиялық ұйымдарда немесе арнайы оқытатын мектептерде тұратын адамдар осы Заңның 34- бабамен көзделген құқықтарды пайдаланады.
2. Психоневрологиялық ұйымның немесе арнайы оқытатын мектептердің әкімшілігі мен қызметкерлерінің онда тұратын адамдардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттері осы Заңның 36- бабаымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы және білім беру туралы заңдармен белгіленеді.
3. Психоневрологиялық ұйымның немесе арнайы оқытатын мектептердің әкімшілігі онда тұратын адамдарды бұл ұйымда одан әрі ұстау туралы, олардың іс-әрекетке қабілетсіздігі, медициналық және әлеуметтік оңалуы жөніндегі шешімдерді қайта қарау мүмкіндігі туралы мәселені шешу мақсатымен психиатр-дәрігердің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қатысуымен дәрігерлер комиссиясын тарта отырып, оларға жылына кемінде бір рет куәландыру өткізеді.
Б а п . Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын
Мектептерден ауыстыру және шығару
1. Психиатр-дәрігердің, психологиялық –медициналық-педагогикалық консультацияның қатысуымен, дәрігерлер комиссиясы мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтар болмауы туралы берген қорытынды психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болады.
2. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
1) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өз арызы бойынша, психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясымен денсаулық жағадйы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
2) шығарылатын кәмелетке толмағандарды не заңда белгіленген тәртіп бойынша іс – әркекетке қабілетсіз деп танылған адамды күтіп-бағуды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге туыстарының немесе заңды өкілінің арызы бойынша жүзеге асырылады.
V т а р а у . ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАЛУЫН ҚОҒМДЫҚ БАҚЫЛАУ
42 – б а п . Азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың
Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адам
Ықтарының сақталуын бақылау жөніндегі қызметке
Ықығы
1. Азаматтар, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер,қорлар, қауымдастықта, діни бірлестіктер, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциалық емес білестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге мүдделі адамдарды, олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша және өз бастамасымен жәрдемдесуге бағытталған қызметін кедергісіз жүзеге асыруға құқылы.
2. Қоғамдық бірлестіктердің өкілі психиатриялық немесе психоневрологиялық ұйымдардың әкімшілігімен ондағы адамдарға барып-тұру щарттарын келісуне, оларда қолданылатын ережелерімен танысуға, оларды орындауға және дәрігерлер қупияны жария етпеу туралы міндеттемеге қол қобға міндетті.
43- б а п . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1511;