Б а п . Психиатриялық жердемді қаржылындыру
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға осы Заңда кепілдік берілген психиатриялық және өзге де жәрдем көрсететін мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазастан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінің жүзеге асырылады.
2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға жәрдем көрсететін жеке адамдардың (психиатрлардың,адвокаттардың және т.б.)қызметіне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық түсімдер есебінен төленеді.
III т а р а у. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАР МЕН АДАМДАР.МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІ.
Б а п. Психиатриялық жәрдем көрсететін адамдар мен ұйымдар
1. Психиатриялық жәрдемді тиісті лицензия алған медицина ұйымдары мен психиатр-дәрігерлер көрсететін.
Психиатриялық жәрдем:
1) Мемлекеттік емдеу- алдын алу;
2) Мемлекеттік әлеуметтік;
3) Жеке жәрдем болуы мүмкін.
2. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметке лицензиялар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
3. Психиатрия жене психоневрология ұйымдары немесе психиатр-дәрігерлер жасайтын психиатриялық жәрдемнің түрлері жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетіледі. Олар туралы ақпарат тілек білдірушілерді бәріне беріледі.
Б а п. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметпен
Айналысу құқығы
1. Жоғары медициналық білім алған және өз біліктілігін белгіленген тәртіппен дәлелдегенпсихиатр- дәрігердің психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі дәрігерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Пациенттерге тікелей қызмет көрсететін өзге де мамандар (психологтар, әлеуметтік және басқа қызметкерлер мен медицина қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен арнайы даярлықтан өтіп, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдармен жұмыс істеуге жіберілі үшін өзхдерінің біліктілігін дәллелдеуі тиіс.
3. Психиатриялық жәрдем көрсететін психиатр- дәрігер мен өзге де мамандардың қызметі осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады және дәрігерлік борыш пен кәсіби әдепке негізделеді.
20- б а п. Медицина қызметкерлері мен өзге де мамандардың
Психиатриялық жәрдем көрсету кезіндегі құқықтары мен
Міндеттері
1. Психиатриялық жәрдем көрсету кезіндегі психиатр- дәрігердің өзге де мамандар мен медицина қызметкерлерімен кәсіби құқықтары мен міндеттері мен Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Психикалық аурудың диагнозын қою, еріксіз түрде психиатриялық жәрдем көрсету туралы шешім қабылдау не осы мәселелерді қарау үшін қорытынды беру психиатр- дәрігердің немесе психиатр-дәрігерлер комиссиясының ерекше құқығы болып табылады.
3. Басқа мамандықтағы дәрігердің адамның психикалық денсаулық жағдай туралы қорытындысы болжамдық сипатта болады және оның құқықтары мен заңды мудделерін шектеу туралы мәселені шешуге, сондай-ақ оған психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдар үшінҚазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерді беруге негіз бола алмайды.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1181;